Жәндіктер ТУРАЛЫ
Презентация қосу
Жәндіктер
IREF.KZ –
Мәліметтер порталы
Жәндіктер, немесе
бұнақденелер немесе
шыбын-шіркейлер (лат.
Insecta) – буынаяқтылар
типіне жататын омыртқасыз
жануарлар класы. Қазба
қалдықтары девон кезеңінен
белгілі. Филогенетикалық
шығу тегі көп аяқтыларға
жақын, арғы тегі сақиналы
құрттар деп есептелінеді.
Жер шарында кең тараған 1
млн-дай түрі анықталған
(барлығы 1,5 – 2 млн. түрі
болуы мүмкін).
Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз
жәндіктер және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс
тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы бар.
Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы –
трихограмма – 0,2 мм) – 33 см-ге дейін болады. Жәндіктердің
ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ
бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий
клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында
екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі
мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай:
инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге;
көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға;
өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың
қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы
шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде
аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер).
Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын
(көбелектер, инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі
тек артқы жұбын (қоңыздар, т.б.) ғана қағады. Құрсағы көп
бунақты, кейбір түрінде 11 бунақты. Құрсағында аяғы
болмайды, бірақ олардың қалдықтары рудимент (жұмыртқа
салатын мүшесі немесе шаншары, еркегінде – жыныс
мүшесі) түрінде сақталған. Жәндіктердің бұлшық еті тек
көлденең жолақты. Ет талшықтарының саны 1,5 – 2 мыңға
жетеді. Бұлшық еттерінің жиырылып-жазылуы бас миымен
тығыз байланысты және оларға бұлшық еттен бөлінетін
жиырылғыш белок – актомиозин әсер етеді.
Жәндіктерде сезім мүшелері
жақсы дамыған. Олар әр
түрлі механикалық,
химиялық, дыбыстық, көру,
есту, терінің сезу қабілеті,
т.б. көптеген тітіркенулерді
қабылдай алады. Жәндіктер
дара жыныстылар және
жыныс диморфизмі айқын
байқалады. Бұлардың
онтогенезі екі кезеңнен
өтеді: толық түрленіп
дамитындар және шала
түрленіп дамитындар.
Жәндіктердің биоценоз тұрақтылығын сақтауда айрықша
маңызы бар. Олардың ішінде көптеген ауыл шаруашығы мен
орман зиянкестері де жеткілікті: Қазақстанда әр түрлі
қоңыр көбелектер, астық қоңыр көбелегі, жапырақ
ширатқыштар, мүр көбелектер, өсімдік биттері, жапырақ
жегілер, т.б. – зиянкестер; бит, бүрге маса, шіркей, сона, т.б.
– қан сорғыш жәндіктер; тарақан, үй қара шыбыны, цеце
шыбыны, т.б. – аса қауіпті ауру қоздырғышын тарататын
жәндіктер; бал арасы, тұт жібек көбелегі – пайдалы
жәндіктер кездеседі. Сонымен қатар ара, көбелек, т.б.
жәндіктер өсімдікті тозаңдандырады; құмырсқа, қоңыз
дернәсілдері топырақты қопсытады. Жәндіктердің сирек
және жойылып бара жатқан 200-дей түрі (Тянь-Шань
апполоны, әсем барылдауық қоңыз, махаон, сары көбелектің
кейбір түрлері, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген.
Ара шаруашылығы халық федерфциясында 47 елде 4
млн. ара шаруашылығы бар екендігі белгілі болды.
Есептей келгенде онда 48 млн. ара отбасы бар, онда
жылында 370 000 т. бал өндніріледі. Мысалы, 1970
жылы АҚШ 108 000 т, Канада 19000 т. ал Аргентинада
төрт айда ғана 10 000 т. бал өндіріпті. Бұл насекомның
адам баласына келтіретін пайдасының бір бөлігі.
Назарларыңызға
рақмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz