Бүлдіргеннің агротехникасы және өсіру шаралары



Бүлдіргеннің агротехникасы және өсіру шаралары
Дайындаған: Нұрмұханбетов Е
Тексерген: Мажитова Р. С

Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын көпжылдық өсімдік.
Бүлдіргенді егісімен келесі жылы жидек бере бастайды. Бүлдіргеннің тамыры жерге 40-50 сантиметр тереңге тарайды, бірақ бұлардың негізгі бөлегі 25 сантиметр тереңдікте болады.

Учаскені реттеу алдында сорттарды іріктеп алудың зор маңызы бар. Бұл үшін ең алдымен әрбір ауданға лайықты стандартты сортты іріктеп алу шарт. Әрбір шаруашылықта түрлі мерзімде пісетін сорттарды еккен жөн. Төменде Қазақстанның түрлі аудандары үшін ұсынылатын қолайлы аса маңызды сорттардың тізімі келтіріледі.

Урожайная. Бұл сорт Алматы облысында кеңінен тараған. Соңғы кезде республиканың басқа облыстарында да тез тарала бастады. Бұл сорттың ерекшелігі - күтімді оншалықты көп керек етпейді және өте мол өнім береді (гектарына 13-15 тоннаға дейін) . Жидегінің ірілігі орташа, формасы дөңгелек, түсі көрікті болып келеді. Пісу мерзімі орташа, өңдеп те пайдаланады және жаңадан жиналып алынған кезде де тұтынады
Аса маңызды сорттардың қысқаша сипаттамасы,

Казақ ССР-нің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде көп тараған сорт. Бұл сорттың ерекшелігі - түсі әдемі, жидегі ірі, өте дәмді, тасымалға жарамды болады. Түсімі орташа (гектарына 8 тонна) . Жидек шығатын ұштары көп болады. Бітік шықса нашар өседі. Бұл сорт күтімді, топырақта көптеген қоректік заттар болуын керек етеді.
Луиза.

Бұл сорт аз уақыттың ішінде Совет Одағының көптеген облыстарында кеңінен тарады. Оның ерекшелігі - түсімі өте мол (гектарына 20 тоннадан аса) болады. Жидегі ірі, қоңыр қызыл түсті, одемі келеді, пісу мерзімі орташа. Өңдеу үшін өте қолайлы, сонымен бірге жаңадан жинап алған кезде тұтынуға да болады. Бұл сорттың тағы бір ерекшелігі - гүлінің түсі өте нәзік келеді. Сондықтан Комсомолка сортын тозаңдандырғыш сортымен (Рощинская, Саксонка, тағы басқа сорттармен) араластырып егу қажет.
Комсомолка.

Жидегінің сапасы жақсы және мол онімді болуына байланысты, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тарағаң және мұндағы негізгі сорттардың қатарына енеді.
Бұталары орташа, жинақы, жапырақтары тік тұрады, түсі ашық жасыл. Гүл сидамы қысқа, жапырақ деңгейінен төмен өте берік, сондықтан жидектерінің бәрі бірдей топыраққа түсіп жатпанды. Жидектері ертерек - маусымның бірінші он күндігінде пісе бастайды. Пісіп жетілу 25-30 күнге созылады. Өнімді мол береді.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, мойыны жоқ, жалпақ сына тәрізді, ашық қызыл. Жұмсағы тығыз, қызғылт, хош иісті, онша сулы емес, дәмді. Жас күйінде желінеді, өңделеді. Басқа сорттарға қарағанда бұл тасуға төзімді.
Героиня Маншук

Жидегі сапасының жақсы және мол өнімді болуына байланысты. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тарады және мұндағы негізгі сорттардың қатарына енеді. Орташа, кеш пісетін сорт. Бұталары биік, жинақы жапырақтары жиі болады, түсі ашық қызыл. Бұл сидамы орташа, жапырақ деңгейінен төмен өте берік, сондықтан жидектерінің бәрі бірдей топыраққа түсіп жатпайды. Десерттік компот жасауға және жас күйінде пайдаланады. Басқа сорттарға қарағанда бұл тасуга төзімді. Сеянец Зигер ФРГ-дан шығарылған сорт. Өнімі кг/м2 шамамен 0, 96-1 кг. Гүлі қос жынысты.
Зенга-Зенгана.

Ташкентская. Жидегі кештеу - маусымның екінші оныншы күнінде піседі, жеміс салуы 18-24 күн.
Алматы облысында өнімді мол береді. Жидегі ірі 7-8 г, айқың қызыл, дәмі қышқылтым-тәтті, сапасы орташа. Негізінен өңдеуге жұмсалады. Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарында ұсынылады.
Любовь Поволжья. Бұтасының жапырағы өте жиі. Маусымның бірінші он күнінде піседі.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, ашық қызыл, бір жағы шошақ келген домалақ. Дәмділігі орташа. Жас күйінде желінеді және техникалық қайта өндеуге жұмсалады. Орал облысында есіруге ұсынылады.

Қазақстанның оңтүстігінде тараған. Бұтасы биік өседі, аздап салбыраңқы. Жапырақтары ірі, қыртысты. Алғашқы жидектері маусымның екінші он күндігінің басында піседі. Жеміс салуының ұзақтығы 22 күн.
Жидектері ірі 8-9 г, шошақ немесе топал шошақ пішінді, бүйірлі, айқын қызыл, жылтыр. Жұмсағы қызыл, сулы, булы. Дәмі жақсы. Жас күйінде жейді және өңдеп те пайдаланады. Шымкеңт, Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік аймақтарына ұсынылады.
Узбекистанская.

Бүлдірген жинаған кезде учаскедегі барлық шіріген және зияндалған жидектердің барлығы да түгелдей жиналып алынады. Жиналған бүлдіргенді сол күні, әрі кегкенде келесі күні пайдалану керек. Жинап алған бүлдіргенді бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыруға болмайды, сонымен қатар күн көзіне ұзақ уақыт қалдыруға да болмайды. Өйткені күн көзіне қалдырған бүлдірген тез бұзылып кетеді.
Өнімді жинау. Бүлдірген жидегі бірден ғана жиылмайды, пісуіне қарай бірте-бірте жиналады. 7-8 рет жинауға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz