Белдемше түрлері мен стильдік үйлестіру қағидалары


Slide 1

Белдемше

Slide 2

Белдемше түрлері және оларды үйлестіру

Белдемше - бұл әйел қаруы және әйел адамына тән биязылық пен нәзіктікті айқындап тұратын да осы белдемшелер. Алайда, түрлі үлгідегі белдемшелерді басқа киімдермен үйлестіре алу да маңызды рөл атқарады. Белдемше киюдің де өз ережелері бар екенін ұмытпайық.

Slide 3

Ұзын белдемше

Ұзын белдемше бейнеге сымбаттылық береді, сырт көзге белді сәл тартып көрсетеді және мүсінді сәл ұзартады. Белдемшеңіз кеңірек болған сайын, үстіңізге киетін жейде қарапайым әрі шағын болғаны дұрыс. Міндетті түрде топ, жейде немесе жакеттің ұзындығы бел сызығынан асып кетпегенін қадағалаңыз - ұзын белдемше бейберекет қабаттарды ұнатпайды.

Slide 4

Қысқа белдемше

Қысқа белдемше үстіңгі бөліктің барынша жабық болуын қалайды. Кеудесі ашық және еліктіретін топтармен үйлескен белдемшеңіз сізді сәнқой арудан бірден жеңілтек аруға айналдырады. Сондықтан мини-белдемшелерге жабық жібек блузкаларды, кең және casual стиліндегі жейделерді таңдаңыз. Егер мұндай белдемшені биік өкшемен немесе платформамен киюді ойласаңыз, онда үстіңізге қысқа жакет киіңіз.

Slide 5

Бәйшешек-белдемшенің

Бәйшешек-белдемшенің үстіңгі жағы кең, астыға қарай тарылған болып келеді. Мұндай белдемшені офистен гөрі жиын-кештерге киген орынды. Баршын, иірілген жіптен, атлас және тафтадан тігілген бәйшешек-белдемше той-томалаққа киюге әбден жарайды. Бәйшешек-белдемшені биік өкшелі аяқ киіммен немесе платформамен киген жөн. Балеткалармен мұндай үлгі қисынсыз көрінеді. Ал үстіге қысқа болеро, қондырма блузка жақсы жарасады. Егер белдемше қара немесе ақшыл сары болса, онда қанық түсті жейдемен, ал егер белдемше өзі жарқын түсті болса, онда бейтарап түсті жейдемен киген жөн.

Slide 6

-1940 жылы Диор ойлап тапқан қарындаш-белдемше - офистік стильдің ең танымал үлгісі. Стилистер қарындаш-белдемшені қынама бел жакетпен, жемпірмен, қонымды водолазкамен немесе жағасы үшкір крахмалданған жейдемен үйлестірген дұрыс деп кеңес береді. Есіңізде болсын, мұндай белдемшені міндетті түрде өкшесі бар туфлимен киген жөн, онсыз ол басты көріктілігінен айрылады.

Slide 7

Макси-белдемшені

Макси-белдемшені жазда қысқа топпен киюге болады. Көктем мен күзде мұндай белдемшені қондырма водолазкамен немесе қынама бел жакет немесе блейзермен киген дұрыс. Ал қыста бейнені алды ашық тоқылған кардиганмен, сонымен қатар ұзартылып тоқылған немесе үлбір жилетпен толықтыруға болады.

Slide 8

Қара белдемше

Қара белдемше, қара түс сияқты - әмбебап. Онымен барлық киімдерді үйлестіруге болады, бірақ белдемшемен киілетін кологоткаға назар аударған жөн: ол қара түсті, немесе үстіңгі киімнің реңімен үйлесуі қажет, бірақ киіміңіздің жалпы гаммасынан ауытқып кетпеуі керек.

Slide 9

Былғары белдемшелер

Былғары белдемшелер әрдайым сәнде. Олар былғары жакет немесе шифон блузкамен керемет үйлеседі. Биік өкшелі етікпен толықтырылған былғары белдемшемен қыс мезгілінде жиын-отырыстарға бара аласыз. Қатаң үлгідегі миди жабық блузка және жакетпен жұптасуды талап етеді. Трапеция үлгісіндегі ұзын былғары белдемше ашық түсті тоқылған жемпірмен (мысалы, қыша түстес немесе күлгін) немесе қарапайым ақ жейдемен үйлеседі.

Slide 10

белдемше

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Барокко сәулетінің негізгі ерекшеліктері мен стильдік қағидалары
Кітапхана сайтының дизайны: стильдік элементтер, мәтін және композиция қағидалары
6-сынып: Тік белдемше - шығу тарихы, матаны таңдау және эскиз құрастыру
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздарының түрлері, қызметтері мен стильдік ерекшеліктері
Есірткі зияны және прокурорлық қадағалау: алдын алу мен үйлестіру мәселелері
Морфологиялық стилистика және сөз таптарының стильдік қызметі
Саяси идеологиялардың негізгі түрлері мен қағидалары
Барокко мен рококо: қалыптасуы және Еуропа елдеріндегі стильдік ерекшеліктері
Аударма сапасының талаптары мен критерийлері: коммуникативтік, стильдік және психолингвистикалық аспектілер
ЕурАзЭҚ-тың еркін сауда режимі және сауда режимдерін үйлестіру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz