ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР



ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР

Жоспары:
Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
Пайдалы қазбалар қорының жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің шикізат базасы мен оның даму бағыттары

Шикізат, материал, отын және энергия кәсіпорынның қалыпты жұмыс атқаруы мен жалпы мемлекет экономикасының негізі болып табылады.

Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану қоғамдық өндірістің материалдық шығынын қысқартуға және әртүрлі ысырапты болдырмауға бағытталған санамен жүзеге асырылатын шаралар жүйесі.
Үнемдеу категориясы ұқыптылық категориясына қарағанда құбылыстың өлшенетін, сандық жағын көрсетеді. Ұқыптылық үнемділікке қол жеткізудің құралы немесе әдісі болып табылады.
Материалдық ресурстарды үнемдеу дегеніміз өнімнің берілген сапалық деңгейін қамтамасыз ету барысында немесе оны жақсарту барысында, әлеуметтік және экологиялық талаптарды сақтай отырып, өнімнің бір данасына немесе көлеміне жұмсалатын материалдық шығынды қысқарту.

Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану оларды жетілдіруді және оларды өндіру мен өңдеудің жаңа жолдарын қарастырады.
Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану өнімнің тұтыну қасиетін, өндіру мен пайдаланудың технико-экономикалық және ұйымдастырушылық деңгейін анағұрлым толық пайдалануға және арттыруға бағытталған шаралар кешені.

Халық шаруашылық кешенінде қолданылатын барлық материалдық ресурстар шикізаттық және отын-энергетикалық болып жіктеледі.

Шикізаттық ресурстар
дегеніміз мемлекеттегі бар әртүрлі өндіріске тікелей қажетті еңбек затының жиынтығы.
Шикізат (шикі материал) дегеніміз
оны қазып алу мен өндірісіне еңбек жұмсалатын, өңдеу кезінде өзінің натуралдық формасын өзгертетін, яғни жаңа сапалық қасиеттерге ие болатын әртүрлі еңбек заты.
Шикізатқа көбінесе
Қазбалы өнеркәсіптік (руда, мұнай, көмір және т. б. ) және Ауылшаруашылық (бидай, картоп, қызылша және т. б. ) өнімдер жатады.

Шикізаттық ресурстар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
өнімді дайындауға қатысу сипаты бойынша, яғни өнімді жасаудағы атқаратын қызметіне байланысты: негізгі және қосалқы. Шикізаттың негізгі түріне дайын өнімді жасауға және оның негізгі мазмұнын құрайтын еңбек материалдары жатса, ал қосалқы түріне өндіріске қызмет көрсету процесінде тұтынылатын немесе негізгі материалдарға олардың сыртқы пішіні мен кейбір қасиеттерін өзгерту үшін қосылатын материалдар жатады.
Еңбек шығынының мөлшері мен сипатына байланысты шикізаттар біріншілік және екіншілік болып жіктеледі. Біріншілікке - өндіріс процесіне бірінші рет қатысып тұрған шикізаттар жатса, ал екіншілік шикізатқа бастапқы шикізат ретінде өндірісте қайта қолданылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтары жатады.
Пайда болу белгісіне байланысты шикізаттар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік: қазбалы және өндеу өнеркәсіптік шикізаттар болып жіктеледі. Ауыл шаруашылық шикізаттар - бұл ауыл шаруашылық салаларының өнімдері мен ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу нәтижесінде алынған өңдеу өнеркәсібі салаларының өнімдері.
Шикізаттың пайда болу сипатына байланысты минералды, органикалық және химиялық болып жіктеледі. Минералды шикізаттың оның басқа түрлерінен ерекшелігі, орны толтырылмайды және жер бетінде және оның қойнауында бірқалыпсыз орналасуында.
Шикізаттың ұдайы өндірілу дәрежесіне байланысты ұдайы өндірілмейтін және ұдайы өндірілетін (бұл көп жағдайда табиғи ресурстармен байланысты) болып бөлінеді.

Барлық шикізаттық ресурстар сапалық белгісіне байланысты келесі түрлерге жіктеледі:
құрамындағы негізгі пайдалы компоненттеріне;
тереңдікте жатуына;
сортына;
талшықтардың ұзындығы мен мықтылығына;
тұқымына және т. б.

Материал дегеніміз - алдын ала өңдеудің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен және дайын өнімді шығару процесінде ары қарай өңделетін еңбек өнімі.
Отын мен электроэнергия материалдық ресурстың ерекше түрі болып саналады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты отын қосалқы шикізатқа жатады, бірақ экономикадағы маңыздылығы жағынан ол жеке топ болып бөлінеді. Отын технологиялық шикізат ретінде дайын өнімнің өндіріс процесіне жылу энергиясы түрінде қолданылады.

Отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) әлеуетті және нақты деп бөлеміз.
Әлеуетті ОЭР дегеніміз - қандай да бір экономикалық аудан, жалпы мемлекет иелігіндегі отынның барлық түрлері мен энергия қорының көлемі.
Нақты ОЭР жалпы мағынада - мемлекет экономикасында қолданылатын энергияның барлық түрінің жиынтығы.
Табиғи ОЭР (табиғи отын) - көмір, торф, табиғи және пайдалы газ, жерасты газданудан жиналған газ, ағаш; отынның табиғи көзі - күн, жерасты буы.

Экономикалық тұрғыдан алғанда халық шаруашылығында қолданылатын шикізаттың барлық түрі екі топқа бөлінеді:
I - өнеркәсіптік шикізат, өнеркәсіпте қазылып алынады, өңделеді және ауыр индустрияда қолданылады;
Өнеркәсiптік шикізат өз кезегінде екі топқа бөлінеді:
минералды шикізат, яғни жер қойнауынан алынатын шикізат;
жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
II - ауыл шаруашылық шикізат, ауыл шаруашылығының салаларында өндіріледі және жеңіл және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz