КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ


Slide 1

КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ

Slide 2

Жоспары:

Еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары

Тарифтік жүйе, еңбек ақыны ұйымдастырудағы оның маңызы және мазмұны

Жұмысшылардың еңбек ақы нысандары және жүйелері

Slide 3

Еңбек ақы - бұл ашқалай төлем сомасы, яғни жалдамалы жұмыскерге келісім-шарт бойынша атқарған жұмысына натуралды төлем құны.

«Еңбекақы» категориясы екі түрлі сипатта қолданылады: жалданған қызметкерге ол табыс, ал кәсіпорын үшін - өндірiс шығынының бір бөлігі.

Slide 4

Еңбекақыны төлеу қоры - бұл жұмыскер мен қызметкердің келісім-шартқа байланысты нақты атқарған жұмысы үшін төленетін натуралды құн, барлық еңбекақы төлемдерінің жиыны.

Slide 5

Қызметкердің еңбекақы қорының құрамы:

1 - тікелей еңбекақы қоры

2 - қосымша еңбекақы қоры

Slide 6

Тарифтік жүйе - бұл атқарылатын еңбектің түріне, қиындығына, шарттарына және сипатына байланысты сараланған түрде еңбекақы төлеуді қамтамасыз ететін нормативтер мен нормалардың жиыны.

Ол келесі негізгі элементтерден тұрады:

тарифтік - біліктілік анықтамалар,

тарифтік тор,

тарифтік санаттар (разрядтар) және оларға сәйкес коэффициенттер,

тарифтік ставкалар (соның ішінде 1-санат), еңбекақыға қосылатын аудандық коэффициенттер,

тарифтік ставкаларға қосымша төлемдер мен белгілі еңбек жағдайынан ауытқулар болғаны үшін қосымша төлемдер

Slide 7 Slide 8

Тарифтік - біліктілік анықтамалар бірінші санатты тарифтік ставка мен тарифтік торды қолдануды қарастырады. Тарифтік-біліктілік анықтамалар мынадай түрлерге бөлінеді:

жұмыс пен жұмысшылардың кәсіби Біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;

өндірістік саладағы жетекшілердің, лауазымды басшылардың, қызметкерлер мен мамандардың біліктілік анықтамасы;

бюджет аясындағы лауазымды қызметкерлердің біліктілік анықтамасы.

Slide 9

Жұмыскерлерді тарификациялау, яғни оларға кәсіби білімі мен еңбекке машықтануына байланысты белгілі бір санатты беруі.

Еңбекақыны төлеудегі тарифтік тор - еңбекақы төлеудегі сараланған құрал, яғни ол әртүрлі топтағы жұмыскерлерге жұмысының қиындығына байланысты, сонымен қатар санат саны мен оларға сәйкес тарифтік коэффициенттердің абсолюттік немесе салыстырмалы бірліктерінен тұрады.

Slide 10

Еңбекақы төлеу санаты

Тарифтік коэффициент

Еңбекақы төлеу санаты

Тарифтік коэффициент

Еңбекақы төлеу санаты

Тарифтік коэффициент

1

1, 0

7

1, 84

13

3, 12

2

1, 11

8

2, 02

14

3, 36

3

1, 23

9

2, 22

15

3, 62

4

1, 36

10

2, 44

16

3, 9

5

1, 51

11

2, 68

17

4, 2

6

1, 67

12

2, 89

18

4, 5

Бюджет саласындағы жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай тарифтік торы

Slide 11

Тарифтік ставкалар - бұл жұмыс уақытының бірлігіндегі еңбекақының ақшалай формадағы абсолютті мөлшерінің көрінісі. Ол

Жұмыскердің біліктілігіне сәйкес тарифтік ставка (Тіст) келесідей формуламен анықталады:

мұндағы, Тст - 1-ші санаттағы тарифтік ставка;

КіТ - і-ші санаттағы тарифтік коэффициент.

Тіст = Тст * КіТ,

Slide 12 Slide 13

Еңбекақы төлеудің кесімді формасы.

Кесімді еңбекақыны есептеу кезінде жұмыскердің жасап шығарған өнімінің саны мен сапасы немесе істеген жұмыс көлемі ескеріледі.

Кесімді еңбекақыны есептеудің негізгі тауар бірлігіне кеткен кесімді бағалама (расценка) келесі формуламен анықталады (Бке) :

мұнда, Тст - атқарылған жұмыстың сағаттық тарифтік ставкасы, тенге;

Тсм - ауысым ұзақтығы, сағат;

Нсжс және Нсмөндір - 1 сағаттағы немесе ауысымдағы өндіру нормасы, өнім бірлігі.

Еке = Тст/Нсжс немесе Еке = (Тст *Тсм) / Нсм өндір

Slide 14

Еңбекақының кесімді формасы жеке тұлғалық және ұжымдық болады. Егер жұмыс уақытының нормасы бекітілсе, онда кесімді бағалама келесі формуламен анықталады:

мұндағы, Нөнд - өнім бірлігін жасап шығаруға кеткен уақыт нормасы, сағат.

Еңбекақы есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша кесімді бағалама өндіріп шығарған тауардың санына тікелей байланысты және ол келесі формуламен есептеледі:

мұндағы, Екес - кесімді еңбекақы, тенге;

В - өндірілген өнім саны (көлемі), өнім бірлігі.

Ж кес = Тст*Нөнд

Екес= Ркес * В

Slide 15

Еңбекақы есептеудің кесімді-сыйақылы жүйесі бойынша тікелей кесімді бағаламадан басқа, жұмыстың алдын ала бекітілген сандық және сапалық көрсеткіштерін орындағаны және оны асыра орындағаны үшін сыйықы тағайындалады.

мұндағы, Екес. сый - кесімді сыйақылық еңбекақы төлеудегі кесімді жалақы, тенге;

Есый - бекітілген көрсеткіштерді орындағаны (асыра орындағаны) үшін сыйақы, тенге;

Cпайыз - сыйақылық көрсеткіштерді орындағы үшін тағайындалған сыйақы пайызы.

Екес. сый = Екес + Есый немесе Екес. сый = Е* (1+Cпайыз / 100%)

Slide 16

Жанама - кесімді жүйе негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші жұмыскерлерге (краншылар, ағаш кесушілер, қалақшылар және басқалар) еңбекақыны төлеу үшін қолданылады.

Аккордтық жүйеде еңбекақының жалпы сомасы жұмысты атқарғанға дейін әрекет етуші норма мен кесімді бағалама бойынша анықталады.


Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу.Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру
Еңбекақы есептеу
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу
Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру
Кәсіпкерлік қызметте еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету
Еңбекақы түсінігі
Кәсіпорында еңбеақы төлеу
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz