КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Презентация қосу
КӘСІПОРЫННЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
САЯСАТЫ
Жоспары:
1.Инвестицияның мәні мен түрлері
2.Инвестицияның экономикалық тиімділігін
анықтау әдістемесі
3.Инвестицияға талдау жасау бағыттары
Инвестиция – пайданы алу
және оң әлеуметтік нәтижеге
қол жеткізу мақсатында
кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрінің объектілеріне
салынатын ақша қоры,
мақсатты банк салымдары,
пайлар, акциялар мен басқа да
құнды қағаздар,
технологиялар, қондырғылар,
лицензиялар, несиелер, кез-
келген мүлік немесе мүліктік
құқықтар, сонымен қатар
интеллектуалды
құндылықтар.
Инвестиция нақты (капитал түзуші) және қаржылық
деп бөлінеді.
Нақты (капитал түзуші) инвестиция – келешекте
нақты нәтиже (табыс) алу мақсатында негізгі қор мен
айналым капиталын арттыруға бағытталған құрал.
Басқаша айтқанда, нақты инвестиция – бұл
материалдық өндіріс саласына ұзақ мерзімге қор
салуды білдіреді.
Қаржылық инвестиция – кәсіпорынның ұзақ немесе
қысқа мерзімге қаражаттарын еліміздің аумағында
немесе одан тыс жерде орналасқан басқа
кәсіпорынның құнды қағаздарына, мемлекеттік және
жергілікті займдардың пайыздық облигацияларына,
басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына салу,
сонымен қатар басқа кәсіпорынға займдар беруді
білдіреді.
Сонымен қатар инвестициялар тікелей және
портфельдік деп бөлінеді.
Тікелей инвестиция – кәсіпорынды толық
билейтін немесе осы кәсіпорынның 10% кем емес
акциясына немесе акционерлік капиталына ие
заңды және жеке тұлғамен салынған қаражат
салымы.
Портфельдік инвестиция – бұл ұзақ мерзімге
құнды қағаздарға, кәсіпорынның қызмет етуіне
салымшылардың әсер ету құқығын бермейтін
және осы кәсіпорынның, жалпы акционерлік
капиталында 10% артық акция сатып алуға,
сонымен қатар ұйымның облигациясына,
векселіне, жеке және заемдық капиталдың ұзақ
мерзімді құнды қағаздарына қаражат салу.
Инновация – бұл өндірістің
жаңа немесе жетілдірілген өнімді,
технологияны, процесті өндеу мен
меңгеру.
Инновациялар технологиялық,
өнім-инновация, процесс-инновация деп
жіктеледі.
Технологиялық инновация дегеніміз
жаңа технологиялық процесті өңдеу мен
игерумен байланысты.
Өнім-инновация жаңа немесе
жетілдірілген өнімді жасақтау мен
ензізуден тұрады.
Процесс-инновация өндірістік
процесті немесе олардың жиынын жаңа
немесе жұмыс істеп отырған
құрылымын маңызды түрде өзгерте
отырып қолдануды білдіреді.
Біздің елімізде инновациялық қызметпен
айналысатын ғылыми-техникалық ұйымның бес
типі бар:
институттар – ғылымның белгілі бір саласының дамуына
жауапты және күрделі зерттеуге маманданған ұйымдар;
ғылыми-зерттеу инситуттары – ғылыми-техникалық бағытқа
немесе өндірістің белгілі бір ғылыми-техникалық деңгейіне жауапты және
қосалқы зерттеулерге маманданған салалық ұйымдар;
Жобалық, конструкциялық, технологиялық ұйымдар, техника-
экономикалық зерттеу институттары – конструкторлық,
технологиялық, жобалық (құрылыс үшін) немесе ұйымдық өңдеулерге
сәйкес маманданған және осы салада өнімді, технологияны, жобаны,
өндірісті ұйымдастыру арқылы нәтижелерге жауапты салалық ұйымдар;
өңдеуді игеруге маманданған монтаждық-жөндеу (алғашқы ж өндеу)
басқармасы, ұйымдастырылған-техникалық орталы қтар ;
Жаңалық енгізуді жария ететін ғылыми-техникалық ақпарат
институттары мен басқа да ұйымдар.
Инновациялық қызметті ұйымдастыру келесі негізгі
формаларға ие:
корпоративтік құрылым құрамындағы ғылыми
орталықтар мен лабораториялар. Олар ғылыми-зерттеулік
және тәжірибелік – конструкторлық жұмысты (ҒЗТКЖ)
атқаруға, жаңа өнім мен қызмет түрін игеруге және
шығаруға арналған;
белгілі бір ірі және түпнұсқалық ғылыми-техникалық
мәселелерді шешу үшін құрылған уақытша шығармашылық
ғылыми ұжым немесе орталықтар. Қойылған міндетті
жүзеге асырғаннан кейін осы ұжымдар немесе орталықтар
таратылады немесе қайта ұйымдастырылады;
мемлекеттік ғылыми орталықтар (МҒО) – бір
жағынан мемлекеттің стратегиялық ұзақ мерзімді
басымдылығын ғылым мен техниканың маңызды бағытын
дамытуға, екінші жағынан ғылыми-техникалық қызметтің
нақты субъектілерінің экономикалық және әлеуметтік
қызығушылықтарының келісуін қамтамасыз етуге арналған
қызмет механизмі бар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
ерекше түрі;
технопарктік құрылымның әртүрлі формалары
(ғылыми технологиялық және зерттеулік парктер,
инновациялық, инновациялық-технологиялық және бизнес-
инновациялық орталықтар, бизнес инкубаторлар,
технополистер).
Технопарк - бұл ғылыми-өндірістік аумақтық кешендер,
олардың негізгі міндеті - орта және шағын ғылыми
инновациялық фирма-клиенттерді дамыту үшін
максималды қолайлы орта жасау.
Бизнес-инкубатор – бастаушы кәсіпкерге жаңа
бастайын деп отырған жеке істерін жүргізу жөнінде
мәліметтер беретін, оларға құқықтық, экономикалық
және кеңес беру көмектерін жүргізетін ұйым.
Технополистер университет немесе басқа жоғары оқу
орындарынан, ғылыми-зерттеу институтарынан, сонымен
қатар тұрғылықты аудандардан тұратын ірі, заманға сай
ғылыми-өндірістік кешендерді білдіреді.
Венчурлық фирма дегеніміз алдын-ала табысы
анықталмаған, яғни тәуекелге барып капитал салу
арқылы жаңа технология мен өнімді енгізу және
жасақтаумен айналысатын ғылыми-техникалық фирма.
Қазақстандағы
инновациялық
қызметті негізгі
қаржыландыру
көзі
бюджет және
бюджеттен тыс
қаражаттар.
Бюджеттік дегеніміз
республикалық және жергілікті бюджет
қоры. Ірі көлемді ғылыми-техникалық
мәселелерді шешу, орта және шағын
инновациялық бизнесті қолдау үшін
қаржыландыру – бюджеттік қаражаттан
атқарылады:
қайтарылатын негізде
орталықтандырылған
инвестициялық несиелер;
мемлекет меншігіне бекітілген
инновациялық қызметті атқаратын
кәсіпорын акциялары;
отандық және шетелдік
инновациялық қызмет
субъектілерінің несие-қаржылық
мекемелеріне ұсынылатын
инновациялық несие жөніндегі
мемлекеттік кепіл.
Бюджеттен тыс қорлар мыналардан тұрады:
1) инновациялық қызметті атқаратын ұйымдар мен
кәсіпорындардың жеке құралдары,
2)инвесторлардың құралдары.
. 1 Инновациялық қызметті атқаруға бағытталған
кәсіпорын мен ұйымның жеке құралының құрамына
табыстан бөлінгендер, амортизациялық есептеу қоры,
өндірісті дамыту қоры жатуы мүмкін.
2 Инновациялық қызметке инвесторлардың қаражаты
да тартылады. Олар: ақша формасындағы, құнды қағаздар
түріндегі салымдар, жабдықтар мен негізгі қордың басқа
түрлері, несиелік инвестициялар, акцияларға,
облигацияларға, вексельдерге инвестициялар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz