Кәсіпорын табысы, салықтар және рентабельділік көрсеткіштері


Slide 1 Slide 2

Жоспары:

Табыс және пайда - кәсіпорынның шаруа-шылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіштері ретінде

Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы

Өндіріс рентабельділігі - кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде

Slide 3

Кәсіпорын табысы дегеніміз

- ақша қорының, басқа да мүліктің түсу және (немесе) капиталдың артуына алып келетін міндеттемелерді жабу нәтижесінен экономикалық пайданың артуы.

Табыс шығын сияқты келесі түрлерге бөлінеді:

қарапайым қызмет түрінен түскен табыс;

Операциялық табыс;

сатудан тыс операциялардан табыс;

Кездейсоқ табыс;

Slide 4

Қарапайым қызмет түрінен түскен табысқа тауар мен өнімді сатудан түскен түсім, жұмыстың орындалуы мен көрсетілген қызметке байланысты түсімдер жатады.

Slide 5

Операциялық табысқа мыналар қатысады:

кәсіпорын активтерін уақытша қолданғаны үшін (уақытша иелік ету мен қолдану) төлемақы;

интеллектуалды меншіктің ойлап табу, өнеркәсіптік үлгілеріне және басқа да түрлеріне патент құқығын беру төлемақысы;

жарғылық капиталдың басқа кәсіпорынға қатысуымен байланысты түсімдер (пайыздар мен басқа да құнды қағаздар бойынша табысты қосқанда)

бірлескен қызмет нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (жай серіктестік келісім-шарт бойынша) ;

негізгі құралдар мен өзге активтерді сатудан түскен түсім;

кәсіпорын ақша қорын ұсынғаны мен пайдаланғаны үшін алынатын пайызы, сондай-ақ банкте сол кәсіпорынның шотында жатқан ақша қорын банк пайдаланғаны үшін пайызы жатады.

Slide 6

Сатудан тыс табыс - бұл:

келісім-шартты бұзылғаны мен тұрақсыздығы үшін айыппұлдар, өсімдер;

қайтарымсыз алынған және сыйға тарту келім-шарты бойынша активтер;

кәсіпорынға тигізілген залалдың орнын толтыру түсімдері;

есепті жылда анықталған алдыңғы жылдың пайдасы;

мерзімінің өтуі бойынша кредиторлық және депозиттік берешек сомасы;

курстық айырмашылықтар;

басқа да өткізуден тыс табыстар.

Slide 7

Кездейсоқ табыс деп шаруашылық қызметтің кездейсоқ жағдайының салдарынан пайда болған түсімдер: сақтандыру төлемдері, келешекте пайдалану мен қайтып қалпына келтіруге жарамайтын активтерді өндірістен шығарудан қалған материалдық құндылық құны және т. б.

Slide 8 Slide 9

Негізгі қызметтен түскен табыс - бұл өнімді сатудан (көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан) түскен түсім.

Инвестициялық қызметтен түскен табыс - айналыстан тыс активтерді сатудың, құнды қағазды өткізудің қаржылық қорытындысы.

Қаржылық қызметтен түскен табыс инвесторлар арасында кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесінен тұрады.

Slide 10

Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында, құрылыс салаларында дайын болу кезеңдері бойынша ұзақ мерзімді өндірістік циклмен атқарылған жұмыстың кезеңдік төлемақысы түсім деп саналады.

Slide 11

Пайда дегеніміз - кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі және жалпы алғанда ол өнім бағасы мен оның өзіндік құны арасындағы айырмашылық, ал жалпы кәсіпорын үшін өнімді сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылық.

Slide 12

Пайда нарықтық қатынастың негізгі категориясы ретінде бірқатар фунцияларды атқарады:

Slide 13

Пайда кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады немесе пайдалы жұмыс істеу фактісінің өзі оның қызметінің тиімді екендігін куәландырады;

1.

Slide 14

Пайда ынталандырушы функция атқарады, ол өзіндік капиталдың негізгі өсім көзі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында капитал иелері мен менеджерлер, кәсіпорын иелігінде қалатын пайда мөлшеріне байланысты кәсіпорынның даму болашағын ескере отырып дивидендтік және инвестициялық саясат жөнінде шешім қабылдайды. Нарықтық экономикадағы пайда - өндірістік қор мен шығарылатын өнімді жаңарту көзі және қозғаушы күші болып табылады;

2.

Slide 15

Пайда ұжым мүшелері үшін әлеуметтік игілік көзі болып табылады. Салықты, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын иелігінде қалған пайда есебінен материалдық марапаттаулар, жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады, әлеуметтік аяның объектілері қаржыландырылады;

3.

Slide 16

Пайда әртүрлі деңгейдегі бюджеттің табыс бөлігін қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Ол бюджетке салық, экономикалық санкциялар түрінде келіп түседі және бюджеттің шығыс бөлігімен анықталатын әртүрлі мақсатқа жұмсалады.

4.

Slide 17

Кәсіпорын пайдасы дегеніміз - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы.

Жалпы пайда тауарды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің толық өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Таза пайда (бөлінбейтін пайда) кәсіпорын иелігінде қалатын пайда, ол төтенше шығыс пен табыстың сальдосын ескере отырып анықталады.

Slide 18

Нарықтық қатынастар жағдайында әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, пайда алудың негізгі үш көзі бар:

Біріншісі - кәсіпорын қандай да бір өнімді өндіру немесе өнімнің қайталанбауы жағынан монопольды болуы есебінен қалыптасатын көздер.

Екіншіден - негізгі қайнар көз өндіріс пен кәсіпкерлік қызметпен тікелей байланысты.

Үшіншіден - кәсіпорынның инновациялық қызметінен туындайтын қайнар көз.

Slide 19

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелік көрсеткіші болып баланстық пайда саналады.

Баланстық пайда дегеніміз - бұл кәсіпорынның өнімді сатудан түскен және оның өндірісі мен сатуымен байланыссыз табыстан (шығыннан) түскен пайда (шығын) сомасы.

Өнімді сату дегеніміз - тек натуралды-заттай формадағы өндірістік тауарларды сату ғана емес, сондай-ақ жұмысты атқару мен қызмет көрсету де жатады.

Баланстық пайда үш іріленген элементтен тұрады:

өнімді сатудан, атқарылған жұмыстан, көрсетілген қызметтен түскен пайда (шығын) ;

кәсіпорынның негізгі қорын, оларды өндірістен шығарудан және басқа да мүліктерді сатудан түскен пайда (шығын) ;

сатудан тыс операциялардан түскен қаржы нәтижесі.

Slide 20 Slide 21

Салықтар - мемлекетпен біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер

Slide 22

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келесідей мемлекеттік салықтар бар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

әлеуметтік салық;

көлік құралы салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

Slide 23

Рентабельділік - ресурстарды пайдалану дәрежесі мен шығынның орнын толтыру деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.

Slide 24

Формула

Түсініктеме

Комментарий

1. Сату рентабельдігі (Рсат)

Рсат = Псат / Т

Т - сатудан түскен түсім; Псат - сатудан түскен пайда;

Өнімнің бір данасына қанша пайдадан келетінін көрсетеді. Коэффициенттің өсуі - тұрақты баға жағдайында өндіріс шығынының төмендеуі немесе өндірістің тұрақты шығын жағдайындағы баға өсуінің салдары.

2. Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельдігі (Рнк)

Рнк = П / Борт

Борт - кезең балансының орташа қорытындысы;

П - жалпы пайда немесе сатудан түскен пайда


Ұқсас жұмыстар
Пайда және шығындар туралы есепті талдау: қаржылық нәтижелер мен рентабельділік көрсеткіштері
Жанама салықтар: түрлері, объектілері және төлеушілері
Кәсіпорын табысының ұғымы, экономикалық мәні және функциялары
Экологиялық салықтар: анықтамасы, тарихы және түрлері
Нарықтық экономикадағы кәсіпорын табысының рөлі, функциялары және қалыптасуы
Салықтар: анықтамасы, қызметтері, қағидалары және негізгі элементтері
Кәсіпорын банкроттығы: себептері, түрлері және басқару қателіктері
Кедендік төлемдер мен салықтар: анықтамасы және негізгі түрлері
Өндіріс шығындары және фирманың табысы: теориялар, жіктелуі және негізгі экономикалық көрсеткіштер
Экономикалық талдау - кәсіпорын тиімділігін арттырудың ғылыми әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz