ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ




Презентация қосу
ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің
маңызы және оның түрлері
2. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның
көрсеткіштер жүйесі
3. Өндірістің салыстырмалы көрсеткіштері:
мәні және оны анықтау әдістері
Өндірістің экономикалық тиімділігінің

маңызы және оның түрлері

Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті
материалдарды өнімдермен көрсетілетін кызметтерді
көрсету үшін адамдардың табиғи заттарға әсер ету процесі.
Өндірістік бөлімнің жиынтығы, олардың саны мен өзара
қарым-қатынастарын және өндірістің көлемі мен
жұмысшылардың санын, кәсіпорынның жалпы құрылымын
білдіреді. Ал өндірістің тікелей өнім өндіру процесіне
қатысатын бөлімдеріне: цех, участок және қызмет
көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның
өндірістік құрылымын құрайды.
Өндірістік кәсіпорын өнімдерінің
құрылымының 3 типі бар.
1. Заттай - қолданған кезде кәсіпорынның негізгі
цехтары мен учаскелері белгілі бір өнімді не
болмаса, белгілі бір бөлшекті өндіруге
мамандандырылады.

2. Технологиялық - қолданған жұмыс техникалық
процестің ретіне байланысты болады.

3. Аралас – оған заттай және технологиялық
құрылымның ең тиімді элементтерін кіргізеді.
Өндірістің негізгі үш түрі болады.
Жеке-дара өндіріс ол алуан түрлі және тұрақты емес
наменклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын
өндіріс үлгісі (кеме, металлургиялық, кен жабдықтары), сонымен
қатар жеке тапсырыс бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын
тәжірибелі зауыттар, кәсіпорындар жеке-дара өндіріске жатады.
Оның ерекшеліктері:
Әртүрлі наменклатуралы өнімдердің шығарылуы;
Жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша
ұйымдастыру;
Әмбебап құрал-жабдықтар, технологияны қолдану;
Қолмен жинау жұмыстарының көлемінің үлкендігі;
Жоғары білікті әмбебап жұмыстар санының көп болуы;
Өндіріс циклының ұзақтығы;
Аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы
біртектес өнімді бір уақытта, сериямен шығаруды
көздейді. Оның негізгі ерекшеліктері:
1. біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының
тұрақты шоғырланып тұруы;
2.жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға
мамандануы;
3.бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
4.маманданған кұралдар мен технологиялық жабдықтарды
көп колданылуы;
5.қолмен жинау еңбегінің аз болуы;
6.орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
7.өндірістік циклдың қысқаруы.
8.өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы
Жаппай өндіріс — бұл өндірісті мамандандырудың ең
жоғарғы сатысы болып табылады. Мұнда әртүрлі өнімдер бір уақытта
үзіліссіз шығарылып отырады. Мысалы: (автомобиль, трактор зауыты).
Ерекшеліктері:
1. тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару.
2. жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға
мамандандырылуы.
3. жұмыс орындары операциялар ретіне қарай орналасады
4. арнайы және мамандандырылған техникалық кұрал-жабдықтардың
үлкен көлемі.
5. механикаландырылған, автоматтандырылған техникалық процестерді
көп қолдану.
6.операцияларды дайындау және аяқтау уакытының аздығы қолмен жинау
жұмыстарының көлемінің аздығы
8. төменгі білікті жұмысшылар еңбегін қолдану
9. өңдіріс процесінің кысқаруы
10. өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландырумен
автоматтандыруды енгізу.
Нарық жағдайында экономикалық дамуды әрі қарай
жалғастыру - өндіріс тиімділігін арттырудың бағыты,
олардың өсу факторы мен тиімділікті анықтаудың әдістерін
таңдау маңызды міндет болып табылады.
Экономикалық тиімділік - бұл өндіріске жұмсаған
шығындар мен одан шыққан нәтижелер арасындағы
байланыс, яғни шығын мен табыстың ара қатынасы. Ол біз
өз қажеттілігімізді қанағаттандыру үшін шығынды
қаншалықты тиімді пайдаланып, нәтиже ала алатынымызды
көрсетеді
Экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіші
ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы,
капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.
– Өнімнің еңбек сыйымдылығы- материалдық өндіріс
саласында жұмсалған еңбек санын шығарылған өнімнің
жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
– Материал сыйымдылығы - шикізат, материал, отын,
энергия және т.б. шығындардың көлемін өндірілген
өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
– Капитал сыйымдылығы – нарық шаруашылығы капитал
салымының көлемін шығарған өнімнің жалпы көлеміні ң
өсіміне бөлу арқылы анықталады.
– Өнімнің қор сыйымдылығы - негізгі қордың орташа
жылдық кұнын шығарылған өнімнің жалпы кұнына бөлу
арқылы анықталады.

Ұқсас жұмыстар
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Өндіріс тиімділігі
Еңбек нарығының Инфрақұрылымы
Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі
Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру
Энергия беру Өнім шығару энергия шығындары
Активтердің тиімділігі
ЕАЭО ЭКОНОМИКАСЫ
Gudel роботының жетегін жобалау
Пәндер