КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІСІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ РЕТІНДЕ



КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІСІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Кәсіпорын -шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші
1. 2 Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері
1. 3 Меншік нысандары, ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша кәсіпорын түрлері

1. 1 Кәсіпорын -шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші

1. 1 Кәсіпорын -шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынасты негізгі жүргізуші
Кәсіпорын - пайда алу мақсатында коммерциялық, ғылыми-зерттеу, өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын, заңды тұлғалардың құқығына ие өзбетінше әрекет ететін шаруашылық жарғылық субъект, ұлттық экономиканың басты буыны болып табылады.

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Кәсіпорынның шаруашылық механизмі дегеніміз ұйым дамуының стратегиялық және ағымдық мақсатына қол жеткізу үшін шаруашылық қызметіне әсерін тигізетін экономикалық қызығушылықтарды басқару формаларының, әдістерінің және құралдарының жиынтығы.


Кәсіпорынмен жүзеге атқарылатын функциялар:
Жоспарлау
Бақылау
Қаржымен қамтамасыз ету
Кадрмен қамтамасыз ету
Материалдық техникалық қамтамасыз ету
Өндірістік үдерісті жүзеге асыру
Маркетинг

Жоспарлау:
болашақтағы жұмыстың мазмұнын анықтау, болашақты бағалау, жұмыстың қанағаттанарлық нәтижесін анықтау, белгіленген нәтижені қолда бармен және ықтималды ресурстармен салыстыру, мақсатқа қол жеткізу үшін іс әрекеттің жоспарын қалыптастыру сияқты мақсаттарды қою

Бақылау:
нормативтерді, мөлшерлерді, мөлшерленген тапсырмаларды жасау, жоспар мен нақты нәтижелердің сәйкестігін бағалау.

Қаржымен қамтамасыз ету:
инвесторлар мен несие берушілердің қаражаттары есебінен капиталды жұмылдыру, өнімді сатудан табысты жинақтау, капитал мен табысты пайдалануды басқару.

Кадрмен қамтамасыз ету:
іріктеу және жұмысқа қабылдау, жұмыс орындаушыларға талаптарды анықтау, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату үшін жағдай жасау, олардың еңбек белсенділігінің уәждемесін жоғарылату

Материалдық - техникалық қамтамасыз ету:
Шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар сатып алу, өндірістік-шаруашылық іс-әрекет үшін қажетті басқа ресурстарды қамтамасыз ету.

Өндірістік үдерісті жүзеге асыру:
Шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды сұранысы бар дайын өнімге немесе көрсетілген қызметке айналдыру.

Маркетинг:
Нарық жағдаятын зерттеу, тұтынушылық сұранысты анықтау, кәсіпорын мен тұтынушылар арасындағы айырбастау үдерісін басқару.

1. 2 Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері
Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалдарды өнімдермен көрсетілетін кызметтерді көрсету үшін адамдардың табиғи заттарға әсер ету процесі.
Ал өндірістің тікелей өнім өндіру процесіне қатысатын бөлімдеріне: цех, участок және қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.
*



Жалпы алғанда өндірістік кәсіпорынның белгілері төмендегідей болады:
Кәсіпорынның өзінің меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі болуға тиіс. Оқшауланған мүліктің болуы кәсіпорынның материалдық техникалық қызмет етуін, оның экономикалық тәуелсіздігін және сенімділігін қамтамасыз етеді;

Кредиторлармен қарым қатынаста, сонымен қатар бюджет алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, кәсіпорын міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен жауап беруге қабілетті болады.

Өз атынан шаруашылық айналымда жауап беруге қабілетті болады, яғни шаруашылық әріптестерімен, өндірістің барлық факторларын (шикізат, материалдар, отын, энергия және т. б. ) тұтынушылармен, заңды тұлғалармен және жеке тұлғалармен заңнамаға сәйкес азаматтық құқықтық келісімдер жасай алады

Кінәлі жаққа талап қоюға құқығы (мүмкіншілігі) бар, сонымен қатар сотта жауапкер бола алады.
Кәсіпорынның жеке теңгерімі болуға тиісті, өндіріс және өнімді өткізу шығындарын дұрыс есепке алуы керек, дер кезінде мемлекеттік органдар алдында белгіленген тәртіпке сай есеп беріп орыруы керек
Кез келген заңды тұлға ретінде оның ұйымдастырушылық құқықтық формасын білдіретін атауы болуға тиіс. Кәсіпорынның атауы мен орналасқан орны құрылтай құжаттарында көрсетілуі керек

1. 2 Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері
1. Өндірістік кәсіпорынның өзінің меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі болуға тиіс;
2. Кредиторлармен қарым-қатынаста, сонымен қатар бюджет алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, кәсіпорын міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен жауап беруге қабілетті болады;
3. Өз атынан шаруашылық айналымда жауап беруге қабілетті болады, яғни шаруашылық әріптестерімен, өндірістің барлық факторларын (шикізат, материалдар, отын, энергия) тұтынушылармен, заңды тұлғалармен және жеке тұлғалармен заңнамаға сәйкес азаматтық - құқықтық келісімдер жасай алады. ;
4. Кінәлі жаққа талап қоюға құқығы (мүмкіншілігі) бар, сонымен қатар сотта жауапкер бола алады;
5. Өндірістік кәсіпорынның жеке теңгерімі болуға тиісті, өндіріс және өнімді өткізу шығындарын дұрыс есепке алуы керек, дер кезінде мемлекеттік органдар алдында белгіленген тәртіпке сай есеп беріп отыруы керек;
6. Кез-келген заңды тұлға ретінде оның ұйымдастырушылық -құқықтық формасын білдіретін атауы болуға тиіс.

1. 3 Меншік нысандары, ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша кәсіпорын түрлері
1. Меншік формасына байланысты:
Жеке меншiк
Мемлекеттік меншік:
Республикалық меншiк
Коммуналдық меншiк

2. Мемлекеттiк кәсiпорындарға: шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген; оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz