Басқару ғылымының пәні мен әдісі



Басқару ғылымының пәні
мен әдісі
Жоспары:
Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі басқару ғылымының пәні
Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылыми мектебі, әкімшілік мектебі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, тәртіптілік мектебі, басқару ғылыми мектебі немесе сандық әдістер мектебі

Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі басқару ғылымының пәні
Терминнің мәні:
«Менеджмент" ағылшын сөзі - латынның "манус" сөзінің түбірінен - қол және жалпы басқару өнері дегенді білдіреді.
Терминнің мазмұны:
1. басқару ғылымы және тәжірибесі;
2. Фирманы басқаруды ұйымдастыру;
3. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі
осылайша:

Менеджмент - қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану жолымен ұйымның мақсатына қол жеткізуге бағытталған білім және кәсіптік іс-әрекет саласы.
Менеджмент - бұл ұйымдағы басқару процесі, басқару ғылымы, басқару өнері.

менеджменттің
Түпкілікті мақсаты:
фирма іс-әрекетіндегі пайдалылық немесе табыстылықты қамтамасыз ету. Оған өндірістік процесті тиімді ұйымдастыру жолымен қол жеткізіледі
Маңызды міндеті:
әрекет етуші материалдық және адами ресурстар негізінде тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру; кәсіпорын іс-әрекетінің рентабельділігін және нарықтағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету

Менеджмент ғылымының
пәні
басқару жүйесі элементтерінің жиынтығы: экономикалық тетік, ұйымдық құрылымдар, маркетинг, персонал, ақпарат, корпоративтік мәдениет, ұйымдағы адамдардың іс-әрекеті және т. б.
субъектісі
басқарудағы маман-менеджердің іс-әрекеті (өндірушілер, делдалдар, тұтынушылар, әлеуметтік институттар, басқару органдары, сауда-саттық саласы, БАҚ, білім беру жүйелері)

Басқару туралы ғылым ретіндегі менеджментте бөліп қарастырылады
Жалпы менеджмент
әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару қағидалары мен заңдылықтарын, басқару функцияларын, басқарушылық циклды, стратегиялық басқаруды зерттейді.
Объектілері - ұйымдағы адамдар және аталмыш ұйымдарды басқару процесінде туындайтын олардың арасындағы қатынастар жиынтығы
Арнайы менеджмент
айрықша объектілердің басқарылуын қарастырады (қызмет көрсету саласындағы менеджмент, муниципалды менеджмент, қаржылық менеджмент) .
Объектілері - ұйымдардың ерекшелігін көрсететін адамдар арасындағы айрықша қатынастар, сонымен қатар арнайы процестердің бірқатар түрлері (қаржылық ағындар немесе инвестициялық процестер)

Бизнес - менеджмент
бизнес
Белгілі өнім немесе қызметті жасау және өткізу жолымен пайда алуға бағытталған іс-әрекет.
“Бизнесті басқару” - бұл коммерциялық, шаруашылық ұйымдарды басқару (business management), оның синонимі - «business administration».
Бизнесмен - бұл ақша жасайтын адам, табыс әкелетін, айналымдағы капитал иесі
менеджмент
Ұйымдардың кез-келген типіне қатысты қолданылады, бірақ кез-келген деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарына ” public administration” - “мемлекеттік басқару” терминін қолданған жөн.
Менеджер - бұл тұрақты қызметке ие, оның қарауында адамдар болады, яғни персоналды басқарумен байланысты

Сұрақ 2. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
Автор, қайнар көз
Менеджмент терминінің анықтамасы
Американдық басқару ассоциациясының Президенті
Заттарды басқару емес, адамдарға ықпал ету. Бұл адамдарды басқару жолымен қажетті заттарды алу өнері
Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі
1. Адамдармен қатынас тәсілі.
2. Басқару өнері және билік
3. Шеберлік (ептілік) және әкімшілік дағдылар.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлік
Ф. Тейлор
Нақты ғылымдарға негізделген шынайы ғылым
П. Друкер
Ұйымдаспаған топты тиімді өндіргіш топтарға айналдыратын айрықша іс-әрекет түрі. Ол менеджмент түсінігін кеңінен талқылауға қарсы болып, оны тек өндірістік кәсіпорынға жатқызу керек деп есептеді (тек тауарлар мен қызметтерді өндіру саласына қатысты) .

Менеджмент әдісі - бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында басқарудың түрлі міндеттерін шешу ережелері мен процедураларының жүйесі. Олар:
1. Ойындар теориясының әдісі бәсекелестерге ықпал ету әрекеттерін бағалау үшін қолданылады.
2. Имитациялық модельдеу әдісі - ұйымның, бәсекелестердің экономикалық жағдайы анықталады.
3. Шешімдер бұтағының әдісі мәселені сызба түрінде ұсынып, шешімнің баламаларын көрнекі түрде байқауға мүмкіндік береді.
4. Баламалар мен олардың ықтималдығын айқындау үшін болжамдау әдісі.

Менеджмент функциясы - адамдарды басқару процесінде олардың байланыстары мен қатынастарына ықпал ету барысын сипаттайтын айрықша іс-әрекет түрлері.
Менеджменттің жалпы функциялары
Жоспарлау - іс-әрекет мақсаттары, оған қажетті қаражаттар анықталып, нақты жағдайда неғұрлым тиімді әдістер өңделетін басқару процесінің кезеңі
Ұйымдастыру - ұйым құрылымын қалыптастыру, оның қалыпты жұмысы үшін барлық қажеттімен қамтамасыз ету кезеңі (персонал, материал, ғимарат, құрал-жабдық, т. б.
Мотивация - ұйымда қызмет ететін адамдарды белсендендіру және жоспарда көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін оларды тиімді әрекет етуге итермелеу мақсатын көздейтін іс-әрекет түрі
Бақылау - ұйым жұмысын сандық және сапалық бағалау, нәтижелерін есепке алу міндетін көздейтін басқарушылық іс-әрекет
Үйлестіру (координация) - басқару процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін басты функция

Сурет 1. Менеджмент функциялары арасындағы өзара байланыс
үйлестіру
жоспарлау
бақылау
ұйымдастыру
мотивация

Менеджменттегі басқару модельдері
Модель атауы
Модельдің сипаттамасы, ерекшелігі
американдық
- Басқарудың қатаң ұйымдастырылуы.
Жұмыскердің персоналды жауапкершілігі.
нақты жетекші жұмысының тиімділігі оның алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу қабілетімен анықталады
батысеуропалық
-ұсақ және орта кәсіпорындар
- ұсақ фирмаларға нарықта өмір сүру қажеттілігі туындағандықтан, кез-келген оқиғаға жылдам әрекет ету қажет.
- Ірі концерндер мен компаниялар шеңберінде еншілес компаниялар айтарлықтай дербестік үлесін сақтайды.
жапондық
- Жапония Еуропа мен АҚШ-тан жаңа технологияларға бағдарлану, менеджменттің психологиялық әдістері сияқты оңтайлы тәжірибені алды;
Біліммен салыстырғанда жұмыс тәжірибесі жоғары бағаланады, сондықтан жетекшілерді жұмыс процесінде даярлайды.
егер Еуропа мен АҚШ-та алдымен теориялық білім беріп, ол кейіннен тәжірибемен бекітілсе, ал Жапонияда тәжірибе ұсынып, кейіннен ол білімге айналады;
өз әрекеттерінде дербестікке жол бермейді, жекелеген жұмыскердің жұмыс тиімділігін бағаламайды; ұжымдық жауапкершілік аса маңызды;
жетекшілер технологиялық жаңалықтарға айрықша назар аударады

Басқарудағы жүйелік тәсілдеменің негіздері
Авторлар, тұжырымдамалар
Сипаттамасы
Честер Бернард (телефон компаниясының президенті)
Менеджменттің негізгі функцияларын қалыптастырды - ұйымның мақсаттары, оның жекелеген элементтері арасында байланысты қолдау, олардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
Корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын өңдеді
Питер Друкер
Басқарудың тұтас тұжырымдамасын қалыптастыруға және кәсіпқой менеджер ролін анықтауға қатысты А. Файольдің жолын жалғастырды. Ол өзін-өзі басқару идеясын алға шығарды (50-ші жылдары бас тартылды, бірақ «әлеуметтік әріптестік» тәжірибесінде қолданылды) .
80 жылдардағы «7-S» тұжырымдамасы
7 өзара байланысты айнымалылар (ағылш. S) : стратегия, құрылым, жүйе, басқару, персонал, қызметкерлер біліктілігі ұйымдық құндылықтар

Менеджменттің эволюциясы
1. Басқарудың түрлі мектептерінің әрекет етуіне негізделген тәсілдеме 4 тәсілдемені қамтиды. Оларға сәйкес басқару түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылады.
2. Процестік тәсілдеме басқаруды өзара байланысты басқарушылық функциялардың үздіксіз сериясы ретінде қарастырады.
3. Жүйелік тәсілдеме жетекшінің ұйымды өзгермелі сыртқы орта жағдайында түрлі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған адамдар, құрылым, міндеттер мен технологиялар сияқты түрлі элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруына негізделген.
4. Жағдайлық тәсілдеме басқарудың түрлі тәсілдері жарамдылығының жағдаймен анықталуына негізделеді.
Басқарудың ғылым ретінде дамуы түрлі тәсілдемелердің туындауына әкелді. Басқару теориясы мен тәжірибесінде осындай 4 тәсілдеме белгілі
Сұрақ 3. Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылыми мектебі, әкімшілік мектебі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, тәртіптілік мектебі, басқару ғылыми мектебі немесе сандық әдістер мектебі

Ғылыми мектептер
Ғылыми басқару мектебі (1885-1920) немесе рационалистік мектеп (Ф. Тейлор, Фрэнк және Л. Гилберт, Г. Кант)
Ол жұмысты оңтайландыруды көздейді, яғни әрекеттің түрлі оңтайлы үлгілері қарастырылады.
Кәсіпорынды басқару «нені жүзеге асыру керек екенін нақты білу және оны неғұрлым үздік, тиімді және арзан жүзеге асыру тәсілдерін білу» өнері ретінде қарастырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz