Басқарудың корпоративтік мәдениеті


Slide 1

Басқарудың корпоративтік мәдениеті

Slide 2

Жоспары:

Басқару корпоративті мәдениеті туралы түсінік

Корпоративті мәдениетке әсер етуші факторлар

Кәсіпкерліктің салалық мәдениеті

Slide 3

Сұрақ 1. Басқару корпоративті мәдениеті туралы түсінік

Кез-келген корпорацияның ұжымында формальды реттеуге алынбайтын қатынастар саласы орын алады.

Аталмыш қатынастар жазылмаған ережелер бойынша, тарихи тәжірибенің ықпалымен, адамдар менталитеті, әдет-ғұрыптарға байланысты бірқатар жылдар бойы қалыптасады.

Кәсіпорын менеджментінде аталған қатынастар еңбекті бейресми бөлуден, бейресми лидерлердің болуынан, қалыптасқан әдет-ғұрыптардан, ұжымдағы климаттан көрініс табады. Бұл -

«Корпоративтік (немесе ұйымдық) мәдениет»

Slide 4

КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ

Корпоративтік мәдениеттің маңызды сипаттамалары :

Жұмысшының компаниядағы өз орнын сезінуі;

Бірлескен іс-әрекет типі;

Әрекет ету нормалары;

Басқару типі;

Байланысу мәдениеті;

Коммуникациялар жүйесі;

Іскерлік этикет;

Компания дәстүрлері;

Өкілеттік пен жауапкершілік;

Еңбек этикасы.

Slide 5

КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ

Корпорация имиджі - бұл бір жағы компанияның ішкі бейнесін, екінші жағы әріптестер, бәсекелестер, қаржы-несиелік ұйымдарға арналған компаниянң сыртқы бейнесін білдіретін екі жақты медаль.

Компания басқармасының басты міндеті - бұл ұйымның сыртқы бейнесі, себебі одан бәсекелік ортадағы компанияның табысы тәуелді болады.

Ол бейне компания қызметкерлерімен тікелей байланысу және компания жарнамасы, презентациясы, көрмелермен танысу арқылы қалыптасады.

Slide 6

Сұрақ 2. Корпоративті мәдениетке әсер етуші факторлар

Корпоративтік мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді:

ұйымның миссиясы мен мақсаттары;

даму стратегиясы;

еңбек сипаты мен мазмұны;

жұмысшылардың біліктілігі, білімі, жалпы мәдени деңгейі;

Жетекші тұлғасы, оның көрінісі, қағидалары, құндылықтары.

Корпоративтік мәдениетке ықпал ететін сыртқы факторлар:

саяси және экономикалық жағдай;

ұлттық ерекшеліктер, дәстүрлер, мәдениет;

этникалық айырмашылықтар;

іскерлік орта.

Slide 7

Корпоративтік мәдениет саласындағы маман Э. Шайн алғашқы және қайталама факторларды анықтайды

Алғашқы факторлар:

Жоғарғы басқарма назарын шоғырландыру

Басшылықтың ұйымда туындайтын түрлі жағдайға әрекет етуі

Жұмысқа деген қатынас және жетекшілердің әрекет ету стилі

Қызметкерлерді ынталандыру барысында ескерілетін іс-әрекетті бағалау критерийлері

Қайталама факторлар:

1. Басқарудың ұйымдық құрылымы.

2. Ақпаратты беру жүйесі.

3. Сыртқы және ішкі дизайн, ғимаратты рәсімдеу

4. Ұйым өмірінде маңызды рольге ие тұлғалар жайлы және ұйым тарихы жайлы ақпарат.

5. Ұйымның қағидасы, ұраны ретінде қалыптасқан ережелер

Slide 8

Корпоративті мәдениеттің негізгі құндылықтары

«Корпоративті құндылықтар» - бұл ұйым қызметкерлерінің өз ішінде және сыртқы ортамен (клиенттері, жабдықтаушылар, мемлекет және т. б. ) өзара қатынастарын анықтайтын ұйымда қабылданған ережелер мен қағидалар

Корпоративті құндылықтар келесі негізінде құрылады: Стратегиялық көрініс (ол компания мен персоналға мақсат және миссияға қол жеткізуге көмектесуге арналған) .

Slide 9

Мысалы, ресейлік компанияларда соңғы уақытқа дейін корпоративті құндылықтарға лайықты назар аудармау себептері:

Бір жағынан, 1990-шы жылға дейін және сол кезеңдерде қалыптасқан адамдар «жоғарыдан» қандай да бір қағидаларды мәжбүрлеудан алшақтаған.

Екінші жағынан- барлығы дамып, пайда алуға асығып, бағдарланғандықтан құндылықтарды қалыптастыруға уақыт болмады және болашаққа ондай ой жүгіртпеді.

Slide 10

Ірі әлемдік компаниялардың тәжірибесі (опыт Microsoft )

Microsoft компаниясында жұмыс жасай бастаған кез-келген адам компания құндылықтарымен танысып, оған олардың қаншалықты сәйкес келуіне қатысты шешім қабылдайды;

Бұл жәй формальды процедура емес, бұл HR-менеджерлер жұмысындағы аса маңызды қадам;

Тәжірибе осы кезеңде айтарлықтай шынайылық танытпайтын қызметкерлердің кейіннен жұмыста қиындықтарға тап болатынын көрсетеді;

Бұл корпоративті құндылықтардың қағаз жүзінде қалмай, нақты қызмет ететінін көрсетеді.

Корпоративті мәдениеттің құндылықтары:

Өзін-өзі сынау

Жауапкершілік

Өзіне күрделі мәселелерді шешу міндетін алу

Технологияларды пайдалану, тапсырыс берушілер мен әріптестер қызығушылықтарын ескеру

Шынайылық пен ашықтық

Slide 11

Сұрақ 3. Кәсіпкерліктің салалық мәдениеті

Егер сіз кәсіпкерліктің негіздерін толыққанды біліп, өз бизнесіңізді қалай ашу керектігін білсеңіз, онда кәсіпкерлік мәдениет пен этикаға назар аударған жөн.

Сала, өңір, кәсіпорын тарихы, адамдарға байланысты әр кәсіпорынның өз мәдениетіне ие болатынын ескерген жөн.

Кәсіпкерліктің салалық мәдениеті:

Сауда мәдениеті

Өзара тиімді мәмілелер мәдениеті (алып-сатарлық мәдениет)

Инвестициялық мәдениет

Әкімшілік мәдениет

Slide 12

Сауда мәдениеті

Жылдам кері байланыс және салыстырмалы шағын тәуекел;

Сауда саласындағы қызметкерлер болып көбінесе эксперименттерге бара алатын жастар, белсенді адамдар табылады. Олар сөзге шешен, сатып алушылармен жақсы тіл табыса алады.

Бір бірімен жақсы тіл табысу сауда мәдениетін коммуникативті етеді, серіктестік сезімін, ұжымдылық рухын туындатады.

Сауда мәдениетіндегі кемшіліктер:

Сан сападан басым (сатуға деген қатты ұмтылыс сатудан кейін кейнігі мәселелерге жеткіліксіз назар аударылуына әкеледі)

Қысқа мерзімді табысқа жету санасы басым

Қызметкерлер көбінесе ұжыммен байланысын сезініп, кәсіпорынмен байланысына назар аудармайды.

Дағдарыс болған уақытта қызметкерлерде осы мәселелерге төтеп беруге шыдамдылық жетпейді.

Сауда саласында қызметкерлер «қартаймайды». Кадрлардың тұрақсыздығы олардың орта жасының салыстырмалы жоғары болмауына әкеледі, алайда бұл кәсіпорынның мәдениетті алға жылжытушыларды жоғалтады

Slide 13

Өзара тиімді мәмілелер мәдениеті (алып-сатарлық мәдениет)

Жылдам кері байланыс және қаржылық тәуекел - орташа немесе жоғары;

Бағалы қағаздармен, төлем құралдарымен мәміле жасалатын жерде көрініс табады;

Осындай мәдениет элементтері сән саласы, кәсіби спорт, жарнама және т. б. салаларында кездеседі.

Саланың басты стратегиясы - мүмкіндікті жылдам пайдалану;

Қызметкерлері - жастар.

Адамда агрессиялы мінез-құлық қалыптасады, адам өз шешімдеріне нақты болып, үнемі өзгелермен бәсекеге түседі угими.

Сезімталдық пен эмоционалдылықты жасыру керек.

Көп сөйлемейді, өте жылдам.

Slide 14

Инвестициялық мәдениет

Өнеркәсіпте және өндірісошақтарында жиі кездеседі

құрылыста

Инвестициялық банктерде

Болашаққа бағдар көрініс басым;

Тәуекел жоғары болғанда ірі капитал салымдары жүзеге асырылады. Инвесторлар ұзақ уақыт бойы өз шешімінің нәтижесін көрмейді;

Қызметкерлер ұқыпты, шыдамды;

Анықсыздық жағдайы - ұзақ;

Бедел және кәсіпқойлықты сыйлау орын алады;

Бір рет қабылданған шешім мен келісім ұзақ уақыт сақталады.

Slide 15

Әкімшілік мәдениет

Қоғамдық қызмет көрсету кәсіпорындарында, ірі әкімшілік фирмаларда, банктер мен сақтандыру компанияларында орын алады;

Ұйымдар қызмет көрсетуге бағытталған;

Қызметкерлер өте байсалды, ұқыпты және бейімделе алатын адамдар.

Шешім ойластырылып қабылданады, барлық жағынан сақтандырылады;

Байланыста иерархиялылық сақталады.

Қызметкерлер жұмыс барысында жұмыс нәтижелері жайлы кері байланысқа ие болмайды.

Басты назар қалай істеу керек дегенге аударылады (ал не жасау керек дегенде лайықты назар аударылмайды) .

Нәтиже және сыйақы арасында нақты байланыс жоқ. Белгілі жасқа жеткенде барлығы лауазымы бойынша жоғарылайды.

Slide 16

Инновациялық мәдениет


Ұқсас жұмыстар
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ
БАСҚАРУДЫҢ КОРПОРАТИВТІК
Менеджердің жауапкершілігі
Менеджер жауапкершілігі
ҚОНАҚ ҮЙЛЕР МЕН МЕЙРАМХАНАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІ
Тайм менеджмент
Корпоративтік мәдениет
ЖАҺАНДЫҚ БРЕНД - МЕНЕДЖМЕНТ СҰРАҚТАРЫ
Ұйымның корпоративтік мәдениеті
ҚазмұнайГаз ұлттық компаниясының ұйымдық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz