Басшылық билік, ықпал ету және әріптестік


Slide 1

Басшылық: билік, ықпал ету және әріптестік

Slide 2

Өкілеттілік, жеке ықпал ету және билік

Билік балансы

Ықпал ету және билік формалары

Сендіру арқылы ықпал ету

Slide 3

Ұйым жетекшісі - бұл бір уақытта лидер және өзінің қол астындағыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты - жұмыскерлерге тапсырылған жұмысты орындайтынындай ықпал ету.

Билік - бұл адамдар іс-қимылына ықпал ету қабілеттілігі.

Билік - бұл ұйымдық құрылымда адамның лауазымына байланысты ие болатын құқығы.

Лидерлік (басшылық) - адамдарды тиімді әрі бар ынтасымен жұмыс жасауға итермелеуге бағытталған менеджер әрекеті. Жетекші функциялары:

тапсырма беру;

жұмыскерлерден тапсырманың орындалуына қол жеткізу;

жұмыскер жұмысты тиімді әрі уақытылы жасайтынындай жағдай жасау;

кеңес беру функциясы;

кызметкерлер іс-қимылына түзету енгізу;

жұмыстан шығару.

Slide 4

Билік жағдайында менеджердің бағыныштыға ықпал ету дәрежесі туралы айтылады.

Ықпал ету - бір адамның іс-қимылына өзгеріс енгізетін екінші адамның іс-әрекеті.

Ықпал ету 2 формаға ие:

сендіру;

қатысу.

Ықпал ету және билік

Slide 5

Сендіру - бұл өз көзқарасын тиімді тарату.

Әлсіз жағы - бәсең ықпал ету және белгісіздік.

Артықшылығы - ықпал етілетін адамның жұмысты орындауын тексерудң қажеті жоқ және ол оны одан да тиімдірек жүзеге асыруға тырысады.

Қатысу - атқарушыны қалыптасқан мақсатты қабылдауына сендірудің орнына жетекші атқарушының іс-қимылын бағыттап, ақпараттың еркін алмасуына ықпал етеді.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Ықпал ету негізделетін қажеттілік белсенді әрі мықты болуы тиіс

Ықпал етілетін адам:

Осы ықпалды өз қажеттілігін қанағаттандыру/қанағаттандырмау көзі ретінде қарастыруы тиіс

Жұмыстың атқарылуының оның қажеттілігін қанағаттандыру/қанағаттандырмаудың жоғары ықтималдығына сену

Адамның бар күш-жігерінің жетекші үмітін ақтайтынына сену.

Slide 10

Бедел - жеке ықпал етудің маңызды факторы.

Бедел - бұл жетекші бағыныштыларда, жоғарғы басшылықта ие болатын сенім.

Атқаратын функциялары және лауазымымен байланысты жетекші беделі жеке мысал және жоғары моральдық қасиеттермен дәлелденуі тиіс.

Осы тұрғыдан беделдің 2 қайнар көзін атап өтуге болады:

Ресми - алатын лауазымымен анықталатын (лауазымдық мәртебе) ;

нақты (шынайы) - нақты ықпал, шынайы сенім, сыйластық (субъективті мәртебе) .

Slide 11

Беделді қалыптастырудың жасанды тәсілдері табысқа әкелмейді. Нәтижесінде жалған бедел туындайды (псевдобедел) .

Псевдобедел түрлері:

Қашықтық беделі (жетекші бағыныштылардан қашықтықта ұстанса, оның беделі артады деп есептейді) ;

Мейірімділік беделі - бұл жетекшінің ұраны - «үнемі мейірімді болу»;

Педантизм беделі (менеджер бағыныштылардың тапсырманы орындау кезеңдерін қатаң анықтайды, олардың шығармашылығын шектейді) ;

Бәлсіну беделі (жетекші өркөкірек, үнемі өзінің салымын көрсетуге тырысады) ;

Басып-жаншу беделі (жетекші қорқытуға жүгінеді, үрей тудырады, осындай тәсіл беделін арттырады деген қате пікірге ие. Сол арқылы ол адамдарды сенімділіктен арылтады) .

Slide 12

Билік - бұл өзге адамдарға ықпал ету мүмкіндігі.

Билік және ықпал ету -лидерліктің негізі, ұйым мақсатына қол жеткізу үшін адамдар іс-қимылын өзгерту шарты.

Билік - бұл ұйымдық құрылымда адамның лауазымына байланысты ие болатын құқығы.

Slide 13

Тұлғалық негіз

Ұйымдық негіз

Мәжбүрлеуге негізделген билік

Ынталандыруға негізделген билік

Экспертті билік

Эталонды билік

Заңды билік

Шешім қабылдау

сыйақылау

мәжбүрлеу

Ресурстарға билік ету

Байлпаныстар билігі

Өзгелерге ықпал ету

Билік көздері арасындағы қарым-қатынас

Ықпал ету стратегиясын таңдау

Slide 14

Мәжбүрлеуге негізделген билік

Атқарушы жетекшінің жазалай алатынына сенеді (жұмыстан босатуды тұспалдап айту, қандай да бір өкілеттіктен айыру, лауазымын төмендету) .

Ынталандыруға негізделген билік

Атқарушы жетекшінің қажеттілікті қанағаттандыра алатынына сенеді (іс-қимылға ықпал ету үшін сыйақы құнды зат ретінде қабылдануы тиіс) . Ақша немесе мәртебелі лауазым адамға үнемі тиесілі ықпал ете бермейді

Экспертті билік

Атқарушы жетекшінің қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік беретін арнайы білімге ие болатынына сенеді

Эталонды билік (мысал көрсету билігі)

Харизма - лидердің жеке қасиеттері мен қабілеттіліктеріне негізделген билік. Көбінесе адамдар жақсы қасиетке ие, идеал болып табылатындардың ықпалына түседі

Заңды (дәстүрлі) билік

Атқарушы жетекшінің бұйрық беріп, оның міндеті - оған бағыну екеніне сенеді. Барлық жетекшілер заңды билікті пайдаланады, себебі оларға адамдарды басқару өкілеттігі делегирленген

Кесте 1 - Френч және Рейвен жіктемесі бойынша билік формалары

Slide 15

Харизмалық тұлғалардың сипаттамасы:

Энергиямен алмасу

Жағымды серт келбеті

Мінез-құлқының тәуелсіздігі

Жасы шешендік қабілеттіліктер

Өз тұлғасын мақтан тұту

Өзін жақсы ұстау мәнері

Slide 16

Билік балансы - бұл жетекшінің бағыныштыға ықпал ету дәрежесі осы бағыныштының жетекшіден тәуелділік дәрежесіне тең болатын жағдай.

Тиімді жетекші ұйымдағы билік балансын қолдайтын болады: бағыныштыларға қатысты өз билігін саналы түрде ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін пайдалануы.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Басшылық билік және ықпал
Лидерлік және басқару стильі
Басқару әдістері
БИЛІКТІҢ СУБЪЕКТІСІ БИЛІКТІҢ ОБЪЕКТІСІ
Білікті менеджер
ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕНЕДЖМЕНТ
Ұйым персоналын басқару
Билік түрлері
Басқарудың экономикалық әдістері
Биліктің қайнар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz