Лидерлік басқару стилі мен менеджер имиджі



Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі

Жоспары:
Лидерлік теориялары
Лидер - әлеуметтік архитектор ретінде

Сұрақ 1. Лидерлік теориялары
Лидерлік - бұл биліктің түрлі қайнар көздерінің неғұрлым тиімді үйлесуіне негізделген және адамдарды ортақ мақсатқа қол жеткізуге итермелейтін басқарушылық өзара әрекеттестік (көшбасшы мен оның ізін басушылар арасында) типі.
Лидерлік - бұл басқару емес. Басқару адамдардың заттарды дұрыс жасауына бағыттаса, ал лидерлік адамдардың дұрыс заттарды жасауына назар аударады.

Кесте 1 - Менеджердің көшбасшыдан негізгі айырмашылықтары
Менеджер
Көшбасшы
1. Администратор
1. Инноватор
2. Тапсырады
2. Серпін береді
3. Өзгелердің мақсаттары бойынша жұмыс жасайды
3. Өз мақсаттары бойынша жұмыс жасайды
4. Дәйектерді пайдаланады
4. Эмоцияны пайдаланады
5. Бақылайды
5. Сенеді
6. Кәсіпқой
6. Энтузиаст
7. Шешім қабылдайды
7. Шешімді шынайылыққа айналдырады
8. Істі дұрыс атқарады
8. Дұрыс істі жүзеге асырады
9. Құрметті
9. Қастерлі
10. Жоспар - әрекет етудің негізі
10. Көрініс - әрекет етудің негізі
11. Жүйеге сүйенеді
11. Адамдарға сүйенеді
12. Қозғалысты қолдайды
12. Қозғалысқа серпін береді

Кесте 2 - Лидерлікті зерттеуге қатысты тәсілдемелер
Тәсілдемелер
Кезеңдер
Мәні
Жеке қасиеттер тұрғысынан тәсілдеме
1930-шы жж.
Лидерлікті барлық көшбасшыларға тән жеке қасиеттердің белгілі жиынының болуымен түсіндіреді. Алайда барлық жағдайда табысқа қол жеткізетін стандартты қасиеттер жиынының болуы тәжірибеде дәлелденбеген
Іс-әрекеттік тәсілдеме
1940-50-ші жж.
Лидерлікті бағыныштыларына қатысты жетекшінің үлгілі қатынасының жиыны ретінде қарастырады
Жағдайлық тәсілдеме
1960-шы ж. басы
Лидерліктің тиімділігі үшін жағдайлық факторлар шешуші фактор болып табылады дейді, алайда тұлғалық және іс-әрекеттің сипаттамаларының маңыздылығын жоққа шығармайды
Заманауи тәсілдемелер
1990-шы жж.
Адаптивті басқарудың тиімділігін алға шығарады, яғни шынайылыққа негізделген басқару. Ол нақты жағдайға байланысты басқарудың барлық белгілі стильдері, адамдарға ықпал ету әдістерінің қолданылуын білдіреді. Бұл лидерлікті тек ғылым ретінде ғана емес, сонымен қатар басқару өнері ретінде пайымдауға мүмкіндік береді

Жеке қасиеттер тұрғысынан тәсілдеме
Жеке қасиеттер тұрғысынан тәсілдеме лидерлікті барлық көшбасшыларға тән жеке қасиеттердің белгілі жиынының болуымен түсіндіреді: атаққұмарлық, жігерлілік, адалдық және турашылдық, өзіне деген сенімділік, бейімделушілік, қабілеттілік және білім. Осы қасиеттер белгілі лидерлерде айқын байқалады (тапсырма: ұлы адамдар теориясына дайындалу - Авраам Линкольн, Юлий Цезарь, Махатма Ганди және Александр Македонский) .
Алайда жеке қасиеттер табысқа кепілдік бермейді, ал олардың салыстырмалы маңыздылығы көбінесе өзге факторлардн тәуелді болады. Сонымен қатар аталмыш тәсілдеме шеңберінде жеке қасиеттер бойынша персоналды жалдау, іріктеу, алға жылжыту бойынша ғылыми база негізделген болатын. Жеке сипаттамалар тұжырымдамасы жұмыскерлердің іскерлік қасиеттерін бағалаудың түрлі бағдарламаларынан көрініс табады

Лидерлікті зерттеуге қатысты іс-әрекеттік тәсілдеме
Лидерлік стилі сипаттайды:
Жетекшінің өзінің бағыныштыларына өкілеттіктерді делегирлеу дәрежесі
Пайдаланылатын билік типі
Сыртқы ортамен әрекет ету әдістері
Персоналға ықпал ету тәсілдері
Бағыныштыларға қатысты жетекшінің әдеттегі әрекет ету әдеті.
Лидерліктің негізгі іс-әрекеттік модельдерінің қатарына жатқызылады: Д. МакГрегордың «X» және «Y» теориясы, К. Левиннің көшбасшылық теориясы, Р. Лайкерттің басқару стилінің континуумы, Р. Блейк және Д. Моутанның басқарушылық торы, Э. Фляйшман және Э. Харрис теориясы
Лидерліктің негізгі теориялары лидердің мүмкін болатын екі іс-қимылын ажыратады:
Адамзат қатынастарына негізделген іс-қимыл (жұмысшылар қажеттіліктеріне сыйластық, персоналдың дамуына жағдай жасау) ;
Қандай жолмен болмасын өндірістік міндеттерді орындауға бағытталған іс-қимыл (бағыныштылар қажеттіліктері мен мүдделерін елемеу, персоналдыдамыту қажеттілігін толыққанды бағаламау)

Лидерлік теориясындағы жағдайлық тәсілдеме
Лидерліктің негізгі жағдайлық теориялары:
Ф. Фидлердің басқару моделі,
Т. Митчел және Р. Хаустың «жол-нысана» моделі,
П. Герси және К. Бланшардың өмірлік цикл теориясы,
В. Врум және П. Йеттонның шешім қабылдау моделі және т. б.
Көптеген жағдайлық модельдердің негізінде басшылықтың сәйкес стилін таңдау басқарушылық жағдайдың табиғатын талдау және оның негізгі факторларын анықтау нәтижесінде анықталады деген ереже жатыр.
Лидерліктің жағдайлық теориялары зор тәжірибелік маңыздылыққа ие, себебі жағдайға байланысты лидерліктің оңтайлы стильдерінің басым болуын дәлелдейді. Олар басқарудың бірегей әмбебап стилінің жоқтығын көрсетіп, жағдайлық факторларға байланысты басқару тиімділігін анықтайды.

Лидерлікті зерттеуге қатысты заманауи тәсілдемелер
Тиімді лидерлікке деген заманауи тәсілдемелер өзіне өзі жетекшілік ету, тренерлік стильді, трансформациялық басқаруды және харизматикалық (ескі дәстүрге емес, лидердің жеке қасиеттері мен қабілеттіліктерінің күшіне негізделген билік) тәсілдемелерді қамтиды.
Басқару мен лидерліктің бірнеше жаңа идеялары ұсынылады:
Тек пайдалылығы жоғары жобаларды қолдау - фирма пайдалылығын арттыру үшін оның ішіндегі белсенділік;
Тұтынушылармен байланыс жасайтын сызықтық менеджерлердің толық автономдылығын енгізу, оларға жұмысты өз ұйғарымы бойынша ұйымдастыруға рұқсат ету;
Әрекет етуші иерархиядан тыс басқару;
Автономды элементтерді қамтитын ресми және бейресми ақпараттық желілерді пайдалану.

Сұрақ 2. Лидер - әлеуметтік архитектор ретінде
Егер бұрындары жетекшілердің бар күш-жігері пайда алуға бағдарланған болса, қазіргі таңда іскерлік әріпетстер, клиенттер, тұтынушылармен түрлі байланыстарды орнату аса маңызды.
Сонымен қатар, сұраныстың өзгеруіне немесе бәсекелестіктің күшеюіне неғұрлым жылдам әрекет ету үшін иілмелілік пен бейімділікке деген қабілеттілікті сақтау қажет.
Ұйымда кәсіптік коммуникациялар шебері болу үшін, яғни әлеуметтік «архитектор», жетекші тек ақпаратпен алмасу арқылы байланысты шектемеуі тиіс.

«Әлеуметтік интеллект», «әлеуметтік біліктілік» терминдері
Әлеуметтік интеллект - өзге адамдардың эмоционалды мінез-құлқын түсіну қабілеттілігі және олардың эмоционалды әрекетін ескеру ептілігі.
Бұл келесі біліктіліктермен байланысты:эмпатия, дарынды адамдарды дамыту және қолдау ептілігі, өзге мәдениетті қабылдау қабілеттілігі, клиенттер мен тұтынушылардың талғамдары мен бағдарларын ескеру.
Аталмыш терминді алғаш рет 1920 жылы Э. Торндайк қолданған.
Э. Торндайк бойынша интеллектінің 3 түрі болады:
абстрактілі интеллект - абстрактілі вербалды және математикалық символдарды түсіну және оларды қандай да бір әрекеттерде қолдану қабілеттілігі;
нақты интеллект - материалды әлем заттарын түсініп, оларды қандай да бір әрекеттерде қолдану қабілеттілігі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz