Ұйым түсінігі және түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы


Slide 1

Ұйым түсінігі және түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

Slide 2

Ұйым туралы түсінік және ұйымның жалпы сипаттамалары. Ресми және бейресми ұйымдар

Көлденең және тік еңбек бөлінісі. Ұйымдағы басқару процесі. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік.

Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік. Сыртқы орта туралы түсінік

Slide 3

Сұрақ 1. Ұйым туралы түсінік және ұйымның жалпы сипаттамалары. Ресми және бейресми ұйымдар

Ұйым

Кең мағынада: басқару іс-әрекетінің құрамдас бөлігі, ол атқару үшін қажетті қасиеттерге ие адам немесе адам тобымен орындалатын еңбекті үйлестіруші процесс

Тар мағынада: іс-әрекеті ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін саналы түрле үйлестірілетін адамдар тобы

Slide 4

Кесте 1 - Ұйымның жалпы сипаттамалары

Ресурстар

адамдар, капитал, материалдар, технология, ақпарат

Сыртқы ортадан тәуелділік

Кез-келген ұйым сыртқы ортадан тәуелді. Сыртқы орта термині экономикалық жағдайды, тұтынушыларды, кәсіподақтарды, үкіметтік актілерді, заңнаманы, бәсекелестерді, қоғамдағы құндылықтар жүйесін, техника, технологияны қамтиды

Горизонталды еңбек бөлінісі

Ұйым жұмысының оның құраушыларына бөлінуі

Бөлімшелердің болуы

Ұйымдар нақты тапсырмаларды орындап, нақты мақсаттарға қол жеткізетін бөлімшелерді құру есебінен нақты горизонталды еңбек бөлінісін жүзеге асырады

Вертикалды еңбек бөлінісі

Жұмыстың әрекеттермен үйлестірілуінен бөлінуі

Басқарудың қажеттілігі

Ұйым көздеген мақсаттарына қол жеткізу үшін міндеттер вертикалды еңбек бөлінісі арқылы үйлестірілуі тиіс. Сондықтан басқару ұйым үшін маңызды іс-әрекет болып табылады

Slide 5

Ұйымның негізгі белгілері:

Мақсаттар ұйымды құру барысында анықталады, бірақ әрекет ету барысында өзгеруі мүмкін

Оқшаулылық- банкте дербес шоттың болуы, ұйым мүлкінің болуы

Өзін-өзі реттеу

Ұйымның жекелеген элементтері арасында байланыстың болуы: 1) олар арқылы жетекшілер төменгі бөлімшелердегі істер туралы ақпарат алады, 2) одан қажетті әрекеттер бойынша бұйрықтар, ұсыныстар туындайды

Ұйымдық мәдениет сыртқы белгілер бойынша ұйымды құрғаннан кейін көрініс табады: атауы, ғимараттың рәсімделуі, персонал үшін бірегей киім үлгісінің болуы

Тұрақтылық заманауи ұйымның міндетті белгісі болып табылады

Slide 6

Кесте 2 - Ұйымның негізгі түрлері

Ұйым түрлері

Ресми

Іс-әрекеті ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін саналы түрде үйлестірілетін адамдар тобы

Салық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, заңды тұлға ретінде тіркелген, сәйкес куәлігі бар ұйым

бейресми

Кездейсоқ туындап, адамдар бір бірімен жүйелі түрде өзара әрекеттесетін ресми ұйым құрамындағы топ

Жалғыз кәсіпкер заңды тұлғаны құру құқығынсыз дара кәсіпкер ретінде тіркеледі. Ол жалғыз жұмыс істей алады, алайда ісі табысты жүруіне қарай өз ісіне туыстарын, достарын, мамандарды тарта алады

Slide 7

Вертикалды - басқару функцияларының (ұйымның барлық элементтері іс-әрекетін мақсатты үйлестіру және интеграциялау) атқару функцияларынан бөлу

Вертикалды еңбек бөлінісі келесі бағыттар бойынша әрекет етеді :

- Жалпы басқару;

- технологиялық (технология енгізу) ;

- экономикалық;

- оперативті - жедел жоспарларды құру және оларды шағын ұжымдар мен жекелеген атқарушыларға жеткізу;

- Персоналды басқару

Slide 8

Вертикалды еңбек бөлінісіндегі бірнеше жағдайлар:

- интеллектуалды (басқару шешімін даярлау және қабылдау) ;

- ерікті (басқару шешімін жүзеге асыру)

Вертикалды еңбек бөлінісіндегі басқару деңгейлері:

- жоғарғы - президент, бас директор, директор орынбасары, вице-президент, директорлар кеңесінің мүшелері, басқарма. Олар акционерлер (меншік иелері) қызығушылықтары мен қажеттіліктерін орындауға бағытталған негізгі функцияларды атқарады, ұйымның даму стратегиясы мен іскерлік саясатын анықтайды.

- орта - филиал жетекшілері, бағдарлама жетекшілері, бөлім, цех басшылары. Олар кең міндеттер шеңберіне ие, шешім қабылдауда дербестікке ие, жоғарғы басқармамен қабылданған стратегияны орындайды, тапсырманың бөлімшелерге жетіп, орындалуы үшін жауап береді.

- төменгі - ауысым жетекшілері, шеберлер, бригадирлер. Олар басқарушы емес жұмыскерлермен тікелей байланыста, оларға тапсырмаларды жеткізіп, олардың атқарылуын тексереді

Slide 9

Сурет 1 - Вертикалды (көлденең) еңбек бөлінісі

Басқарудың жоғарғы деңгейі

Басқарудың орта деңгейі

Басқарудың төмен деңгейі

Бас жетекші (президент, директор)

Департамент жетекшілері (басқарушылар)

Топтар, бригада, учаске жетекшелері

Жұмыскерлер

Slide 10

- функционалды (жұмыскерлердің мамандануы) ;

- тауарлы-салалық (белгілі іс-әрекет түрі бойынша мамандану) ;

- Біліктілік белгілері бойынша (іс-әрекет түрін анықтауда жұмыстың күрделілігі ескеріледі) .

Горизонталды дифференциация жекелеген құрылымдық бірліктер арасында еңбектің бқліну дәрежесін сипаттайды. Ұйымда арнайы білім мен дағдыны талап ететін түрлі салалар көбірек болса, соғұрлым ол күрделірек болып табылады.

Горизонталды мамандану функциялардың жіктелуіне бағытталған. Ол бір немесе бірнеше жұмыскерлермен орындала алатын жұмыстың анықталуын (түрлі тапсырмаларды біріктіру) және түрлі жұмыс арасындағы өзара байланысты анықтауды қамтиды

Slide 11

Басқарудың жоғарғы деңгейі

Орта деңгей

Орта деңгей

Орта деңгей

Атқарушылар

Сурет 2 - Горизонталды (тік) еңбек бөлінісі

Slide 12

2-ші суретте келтірілген горизонталды еңбек бөлінісінде бақылаумен қамту және функционализация сипатталған

Бақылаумен қамту - бұл бір жетекші алдында есеп беретін бағыныштылар саны.

Функционализация - бұл ұйым мақсаттарына қол жеткізу үшін орындалуы тиіс тапсырмалар түрі.

Жоғарғы деңгей жетекшісі (ЖДЖ) орта буын жетекшілерін (ОБЖ) (3 жетекші) тікелей бақылайды - өндіріс, бухгалтерлік есеп және маркетинг бойынша.

Орта буын жетекшілері төменгі буын жетекшілерін тікелей бақылайды (ТБЖ), олар атқарушыларды бақылайды.

Осыны функционализация ретінде қарастыруға болады, оның нәтижесінде қандай да бір мамандандырылған бөлімшелер туындайды.

Slide 13

Басқарушылық процестер - бұл шешімдер өңделіп, шешілетін, өндіріс барысы реттеліп, үйлестірілетін, бағдарламаның іске асырылу нақтылығы бақыланатын, атқарылған жұмыс талданып, есепке алынатын процестер

Кез-келген басқарушылық іс-әрекет келесі кезеңдерден құралады:

1) Ақпарат алу және талдау;

2) Шешім өңдеу және қабылдау;

3) Олардың орындалуын ұйымдастыру;

4) Алынған нәтижелерді бақылау, бағалау, кейінгі іс-әрекет барысына түзетулер енгізу;

5) Атқарушыларды ынталандыру, жазалау.

Slide 14

Басқарушылық процестердің ерекшеліктерін анықтау факторлары:

Объективті (ұйым/бөлімше іс-әрекетінің сипаты және саласы, құрылымы)

Субъективті (басқарма мен персоналдың қызығушылықтары, бейресми байланыстар)

ЦИКЛ

Шешім қабылдау

(әрекет ету мақсаты мен бағдарламаларын анықтау)

Атқару

(ұйым элементтеріне ықпал ету)

Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бақылау (кері байланыс)

фазалары

Slide 15

Басқару процесінің элементтері

Басқарушылық еңбек

Менеджер жекелеген шешімдердің дайындалып, жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әрекеттер мен операциялар жиынтығы

Формалары: эвристикалық, әкімшілік, операторлық.

Эвристикалық еңбек - мәселені зерттеу және оны шешу нұсқаларын өңдеу әрекеттерінің жиынтығы;

Әкімшілік еңбек - бағыныштылар іс-әрекет бақылау, үйлестіру, бұйрық беру, мотивация, т. б.

Операторлық еңбек - өндірістік және басқарушылық процестерді қажетті ақпаратпен техникалық қамтамасыз ету

Еңбек заты

Сәйкес мәселе мен оны жеңу тәсілдері туралы ақпарат

Еңбек құралдары

Ақпаратпен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға қажеттінің барлығы - компьютерлер, телефондар, және т. б.

Slide 16

Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік

Заманауи менеджменттің маңызды функциясы - кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік іс-әрекет - мақсатқа жетуге бағытталған азаматтардың дербес іс-әрекеті (өндіріс факторларын пайда алу мақсатымен біріктіру) .

Slide 17

Кесте 1 - Кәсіпкерлік теориясы дамуының теориялық-әдіснамалық негізі

Автор

Кәсіпкерлік теориясының дамуына салымы

Мәні, сипаттамасы

Р. Кантильон (1680-1734)

“Кәсіпкер” терминін ғылыми айналымға енгізді

Ол белгілі бағамен өндіріс құралдарын сатып ала отырып, олардың көмегімен тауар өндіріп, оларды шығынмен салыстырғанда неғұрлым жоғары бағамен сатуға ұмтылатын субъект (мұнда сату бағасы оған белгісіз - үнемі тәуекелге бару)

Жан Батист Сэй

(1767-1832)

Кәсіпкерлікті көп функционалды іс-әрекет ретінде қарастырды

Кәсіпкер - ұдайы өндіріс процесінің басты тұлғасы

Макконел К. және Брю С.

Кәсіпкерлің 4 өзара байланысты функцияларын атап өтту

1) Ол өндіріс факторларын тауарлар мен қызметтердің бірегей жүйесіне біріктіру идеясына ие; 2) бизнес жүргізу бойынша негізгі шешім қабылдауда маңызды мәселені шешеді; 3) бұл новатор; 4) тәуекелге бел буатын адам

Американдық индустрияның негіздері 100 жыл бұрын мынадай кәсіпкерлермен қаланған болатын : Джон Рокфеллер (болат), Дж. Морган (банк ісі), Генри Форд (автокөлік) . Бүгіндері бүкіл әлемде компьютерлік техника мен бағдарламалық өнім саласындағы белгілі кәсіпкердің есемі танымал (Билл Гейтс)

Slide 18

Кәсіпкерлік - алдымен іс ұйымдастырылады

Менеджмент - содан кейін оның менеджменті ұйымдастырылады

Кәсіпкерлік саласы кәсіпкерлік идеяның өңделуін, ресурстарды іздеу және оларды тиімді пайдалану тәсілдерін анықтауды қамтиды

Менеджмент саласы ресурстардың тиімді пайдаланылуың қамтамасыз ету процестерін қамтиды

Slide 19

Менеджердің шынайы кәсіпкерлік іс-әрекетінің мақсаты - ағымдық пайда алу ғана емес, сонымен қатар пайдалылық әлеуетін оңтайландыру, яғни айтарлықтай ұзақ уақытта пайда алуды қамтамасыз ету:

Кез-келген кәсіпкер бір уақытта менеджер болып табылады. Оған іс-әрекет саласын кәсіби білу және өндірістік-өткізу, маркетингтік іс-әрекетті басқару теориясы мен тәжірибесі саласындағы белгілі білімдердің болуы тән;

Кәсіпкерлік іс-әрекет өндірістік мәселелерді шешуге қатысты шығармашылық стандартты емес тәсілдемемен сипатталады;

Ынталандырудың кәсіпкерлік жүйесі өткен іс-әрекет пен тұрақты нәтижелер үшін сыйақылауды қарастыратын жүйелермен салыстырғанда шығармашылық пен инициатива үшін ынталандыруды қарастырады;

Менеджердің кәсіпкерлік іс-әрекеті белгілі ақпарат жүйесіне сүйенеді. Мұнда өндіру және өткізу мүмкіндігі, нарықтық конъюнктура туралы ақпаратқа айрықша назар аударылады;

Мақсатқа қол жеткізу үшін менеджер-кәсіпкер басқарудың иілмелі және өзгермелі ұйымдық құрылымдары мен формаларын пайдаланады. Иілмелілік - бұл жаңа жағдайда өзгеріп, бейімделу қабілеті

Slide 20

Сұрақ 3. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік. Сыртқы орта туралы түсінік


Ұқсас жұмыстар
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Ұйымның ішкі ортасы
Кәсіпкерлердің ішкі және сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері
Адам ресурстарын басқару саясаты
БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҚСАТЫ
Лидер менеджер
ҰЙЫМ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Ұйым персоналын басқару
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz