Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде



Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде

Ұйымдастыру функциясының мазмұны.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түрлері: сызықтық, функционалдық, сызықтық-функционалдық (штабтық), матрицалық, жобалық
Өкілеттілік шектері. Делегирлеу, өкілеттіктер және жауапкершілік

Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде көзделген жоспарды іске асыруға бағытталған.
Ұйымдастыру - ұйымдық құрылымды анықтау, бөлімшелерге тапсырмаларды анықтау, нақты жұмыс үшін адамдарды іріктеу, өкілеттік пен жауапкершілік беру.
Бұл басқарудың өзге функцияларының өзара байланысын қамтамасыз етіп, олардың тиімділігін арттырушы функция.
Ұйымдастыру көптеген мәселелерді үйлестірумен байланысты функция.

1
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру
Бөлімшелерді бөлу, олардың құрамын, міндеттері мен функцияларын анықтау
2
Ұйымдағы өзара қатынасты анықтау (горизонталды, вертикалды)
Құрылымдық бөлімшелер мен жекелеген тұлғалардың құқық, міндеттері және жауапкершіліктері анықталуы тиіс
3
Осы өзара қатынастарды қамтамасыз ету
Бұйрық беру, яғни бағыныштыларға бұйрық ету актілерін жеткізу
Кесте 1 - Ұйымдастыру барысындағы маңызды аспектілер

Жоспарлауды жүзеге асыру нәтижелері
Ұйымдастыру барысында жоспарлау арқылы біз мақсаттар жүйесіне, қаржылық, материалдық және өзге ресурстар құрамын білеміз
Ұйымдастыру функциясын жүзеге асыру
Бастапқы нәтиже
Іс-әрекет нәтижесі
Әрекет ету процесін тиімді жүзеге асыруға қабілетті нақты ұйымдарды құру
Соңғы нәтиже

Әкімшілік-ұйымдық басқару:
Кәсіпорын құрылымын анықтайды
Бөлімшелер арасында өзара байланыстарды орнатып, функцияларды бөледі
Басқару аппараты жұмыскерлері арасында құқықтар мен міндеттерді анықтайды
Оперативті басқару:
Бекітілген жоспарға сәйкес фирманың қызмет етуін қамтамасыз етеді
Нақты алынған нәтижелерді жоспармен салыстырады
Ағымдағы жоспарлаумен тығыз байланысты болады.

Басқарудың ұйымдық құрылымы - басқару шешімдерін негіздеу, әзірлеу, қабылдау және іске асыру барысында өзара байланысты мамандандырылған функционалды бөлімшелердің жиынтығы
Фирманың ұйымдық құрылымы - фирма және оның бөлімшелерінің алдына қойылған міндетке сәйкес өзара байланысты бөлімшелерді ұйымдастыру

Ұйымдық модель - бұл бөлімшелерді қалыптастыру, өкілеттікті делегирлеу және жауапкершілік бөлу қағидасы
Бөлімшелерді қалыптастыру қағидалары
функционалды модель
Бір бөлімше = бір функция
процестік модель
Бір бөлімше = бір процесс
матрицалық модель
Бір процесс немее бір жоба = түрлі функционалды бөлімшелерден қызметкерлер тобы
Контрагентке бағдарланған модель
Бір бөлімше = бір контрагент (клиент немесе клиенттік топ, жабдықтаушы, мердігер және т. б. (Мысалы, сатып алушылар саны қатты шектеулі болса, онда «бір бөлімше = бір клиент» моделін қолдану керек)

Бұл - өз қолында барлық басқару функцияларын шоғырландыратын, барлық өкілеттілікке ие басшы әр құрылымдық бөлімшенің басында болуымен сипатталатын құрылым.
Әр буын мен әр бағынышты бір жетекшіге ие болып, бір арна арқылы барлық басқару бұйрықтары өтеді;
Басқарушылық буындар басқарылатын объектілердің тұтас іс-әрекетінің нәтижелері үшін жауапты болады;
Шешімдер «жоғарыдан төменге» беріледі;
Төменгі буын басшылары жоғарғы басшыға бағынады;
Бір ауыздылық қағидасы - бағыныштылар тек бір жетекші бұйрығын орындайды;
Жоғарғы басқарма төменгі буындағы тікелей басшысыз атқарушыларға бұйрық бере алмайды.
мен
бағыныштылар

Сурет 1 - Сызықтық басқарушылық құрылым
Жетекші
Сызықтық атқарушылар
Атқарушылар

Артықшылықтар
Кемшіліктер
Жауапкершілікті және өкілеттікті нақты бөлу
Жетекшіге қойылатын жоғары кәсіби талаптар
Қарапайым бақылау
Атқарушылар арасындағы күрделі коммуникациялар
Шешім қабылдаудың жылдам әрі экономикалық формалары
Жетекшілер мамандануының төмен деңгейі
Қарапайым иерархиялық коммуникациялар;
Басқарудың авторитарлы стилі
Дербес жауапкершілік
Жетекші жүктемесінің ауқымдылығы
Кесте 2 - Сызықтық ұйымдық құрылымның артықшылықтары мен кемшіліктері

Функционалды басқару құрылымы - бұл бөлімшелер блоктарға біріктірілетін ұйым іс-әрекетінің негізгі бағыттарына сәйкес құрылған құрылым
Функционалды басқару құрылымын пайдалану саласы:
Бір өнімді кәсіпорындар;
Күрделі және ұзақ инновациялық жобаларды іске асыратын кәсіпорындар;
Ірі мамандандырылған кәсіпорындар;
Ғылыми-зерттеу ұйымдары;
Тар мамандандырылған кәсіпорындар.

1
Өндірістік блок
өнім өндіру және қызмет көрсетумен айналысатын негізгі бөлімшелер;
негізгі бөлімшелердің қызмет етуін қамтамасыз ететін көмекші бөлімшелер;
негізгі және көмекші процестерге қызмет көрсетуші бөлімшелер;
өнімнің тәжірибелі үлгілері дайындалатын эксперименталды бөлімшелер
2
Басқарушылық блок
өндіріс алды бөлімшелер (НИОКР және т. б. ) ;
ақпараттық (кітапхана, мұрағат) ;
маркетингтік зерттеу, өткізумен байланысты сервистік бөлімшелер;
әкімшілік;
кеңесуші
3
Әлеуметтік блок
Әлеуметтік сала бөлімшелері - сауықтыру орталықтары, балалар мекемелері, демалыс базалары
Кесте 3 - Бөлімше блоктары

Сурет 2 - Функционалдық басқарушылық ұйымдық құрылым
Басқарма
НИОКР
Жабдықтау
Өндіріс
Қаржылық зерттеулер
Өндірістік зерттеулер
Тәжірибелі-конструкторлық жұмыс
Қорларды жоспарлау
Сатып алу
Дайындаушы
Механикалық өңдеу
Жинау

Артықшылықтары
Кемшіліктері
Бөлімше жетекшілерінің кәсіби мамандануы
Өнім, жоба бойынша бірегей техникалық басқарманың жоқтығы
Қате болжам тәуекелінің төмендеуі
Түпкілікті нәтиже үшін дербес жауапкершіліктің төмендігі
Мамандардың жоғары беделі
Жалпы процесс пен жеке жобаны бақылаудың күрделігі
Үйлестірудің жоғары мүмкіндігі
Өкілеттілік шекарасы мен жауапкершіліктің айқын болмауы
Бірегей инновациялық саясатты қалыптастыру қарапайымдылығы
Кесте 4 - Функционалды басқару құрылымының артықшылықтары мен кемшіліктері

Сызықтық-функционалды құрылым сызықтық және функционалды құрылымдардың артықшылықтарын қамтиды. Оны қалыптастыру үшін шахталық қағиданы қолданады.
Мұнда вертикалды байланыстар жіктеледі: 1. Негізгі (сызықтық) - ол арқылы жееткші жұмысшыларды тікелей басқарады. Сызықтық байланыстар жоғарыдан төменге бағытталған және бұйрықтар, жарлық арқылы реттеледі. 2. Қосымша (функционалды) - кеңесуші сипатқа ие. Ол арқылы ұйымдық бөлімшелер өз өкілеттілігіне қатысты төменгі деңгей жұмысшыларына тапсырма бере алады. Бұл құрылымды өнімнің шектеулі ассортиментін шығаратын шағын ұйымдарда қолданған жөн.

Сурет 3 - Сызықтық-функционалдық (штабтық) ұйымдық құрылым
Кәсіпорын жетекшісі
Функционалды қызмет
Функционалды қызмет
Функционалды қызмет
Функционалды қызмет
Сызықтық бөлімше
Сызықтық бөлімше
Сызықтық бөлімше

Артықшылықтар
Кемшіліктер
1. Ұйым жетекшісінің түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігін арттырады
1. Пайда алу жауапкершілігі кәсіпорын жетекшісінің мойнында
2. Барлық жұмыс күшінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді
2. Функционалды бөлімшелер іс-қимылының келісімділігі күрделі
3. Кәсіби бағдарды жеңілдетеді
3. Шешім қабылдау және шешу процесі бәсең
4. Қызметкерлердің мансаптық жоғарылауына жағдай жасайды
4. Құрылым иілмелі емес, себебі көптеген қағида және ереже негізінде әрекет етеді
5. Әр бөлімше мен атқарушы іс-әрекетін бақылауды жеңілдетеді
Кесте 5 - Сызықтық-функционалды басқару құрылымының артықшылықтары мен кемшіліктері

Матрикалық басқару құрылымы сызықтық және бағдарламалы-мақсатты құрылымдарды біріктіру жолымен құрылады.
Сызықтық құрылымға сәйкес (вертикальді) ұйым іс-әрекетінің жекелеген салалары бойынша басқару құрылады : НИОКР, өндіріс, өткізу, жабдықтау және т. б.
Бағдарламалы мақсатты құрылымға сәйкес (горизонтальді) бағдарламаларды (жоба) басқару орын алады.
Матрицалық құрылымдар қолданылатын салалар:
Ғылыми-зерттеу жұмысы елеулі көп салалы кәсіпорындар;
Холдингтік кәсіпорындар.

Сурет 4 - Матрицалық ұйымдық құрылым
Басқарма
Функционалды
НИОКР
Персонал
Қаржы
А өнімі
Жабдықтау
Өндіріс
Өткізу
Б өнімі
Жабдықтау
Өндіру
Өткізу

Артықшылықтары
Кемшіліктері
Өнім (жобалар) бойынша нақты бөлінген
Сызықтық және функционалды жетекшілерге қойылатын жоғары талаптар
Негізгі бөлімшелердің иілмелігі мен бейімділігі
Коммуникацияға қойылатын жоғары талаптар
Бөлімшелердің шаруашылық және әкімшілік дербестігі
Бірегей шешім қабылдауда қиындықтар мен ұзақ уақыт келісу
Функционалды жетекшілержің жоғары кәсіби біліктілігі
Дербес жауапкершілік пен мотивацияның әлсіреуі
Басшының ұжымдық басқару стилі - қолайлы
Ымыраға келу қажеттілігі мен қауіптілігі
Бірегей саясатты әзірлеу және жүзеге асырудың қарапайымдылығы
Сызықтық жетекшілер екі реттік бағынуына байланысты олар мен функционалды басшылар арасында жанжалдың туындауы
Кесте 6 - Матрицалық басқару құрылымының артықшылықтары ме кемшіліктері

Басқаруда жоба - бұл, жұмыс аяқталғаннан кейін жойылатын уақытша бөлімше.
Мәні: ғылыми және тәжірибелік эксперимент жүргізу, жаңа өнім, технология түрін игеру, ол үнемі тәуекел және қаржылық шығындармен байланысты болады.
Осындай ұйым жобалық ұйым деп аталады.
Олар қолданылады:
Жаңа кәсіпорын құру барысында;
Жаңа инновациялық өнімді құру барысында;
Мекеме, еншілес фирма, филиал құру барысында.

Сурет 5 - Жобалық ұйымдық құрылым
Басқарма
Өндіріс
Жабдықтау
Өткізу
Жоба басқармасы
Механикалық өңдеу
Жинау
Қорларды жоспарлау
Сатып алу
Жарнама
Жабдықтау

Артықшылықтар
Кемшіліктер
Жоғары деңгейдегі иілмелілік пен бейімділік
Үйлестіру тетігі күрделі
Қате шешім қабылдау тәуекелінің төмендігі
Екі реттік бағыныштылық есебінен жанжалдың туындау мүмкіндігі
Функционалды бөлімше жетекшілерінің кәсіби мамандануы
Жекелеген жоба бойынша жауапкершіліктің нақты болмауы
Өңірдің ерекшелігін ескеру мүмкіндігі
Жалпы жоба бойынша бақылаудың күрделігі
Жауапкершілік саласының бөлінуі
Функция және жобалар бойынша бақылауды әртараптандыру қажеттілігі
Функционалды бөлімшелердің кадрлық оқшаулығы
Бірауыздылық негізінде жобаны нысаналы басқару
Кесте 7 - Жобалық басқару құрылымының артықшылықтары мен кемшіліктері

Өкілеттік - ұйым ресурстарын пайдалану, дербес шешім қабылдау, бұйрық беру, басқарушылық шешімді жүзеге асырудың шектеулі құқығы мен жауапкершілігі.
Өкілеттіктер тұлғаға емес, лауазымға беріледі.
Бағыныштыға өкілеттік беріңіз

Сызықтық өкілеттіктер
Басшыдан бағыныштыға тікелей беріледі, кейіннен тізбек бойынша өзге бағыныштыларға беріледі;
Сызықтық өкілеттікке ие жетекші өзге жетекшілермен келісусіз белгілі мәселелерді дербес қабылдауға құқылы (мысалы, әскери ұйым иерархиясы. Алайда, ұзақ тізбекте ақпарат алмасу бәсеңдейді)
Бір ауыздылық қағидасы - жұмысшы өкілеттікті тек бір басшыдан алып, соған жауапты болуы тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz