Конфуций туралы


Slide 1

Конфуций

Slide 2

Конфуций, Кун-цзы, яғни ұстаз, "Ұстаз Күн" деп атаған. Құң-фу-цзы (б. з. б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы - 479 ж. ш., сонда) - Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні - конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленгенақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген.

Slide 3

Б. з. б. 11 - 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихымен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 - 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып-тоқып өсті. Жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып жүрді. Сосын жекемектеп ашып, 22 жасында бала оқыта бастады. Кофуцийдің он мыңга жуык шәкірттері бар және жиырма шактысы ертелі-кеш жанында болган деген деректер бар. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды. Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады.

Slide 4

Конфуций философиясы

Ертедегі Қытайда үш түрлі дін болған дейді тарихшылар. Олар: 1) үнділерден келген буддизм, 2) Қытай жерінде туындаған - даосизм, 3) конфуциандық. Бірақ, конфуциандықтың негізін таза дінге жатқызу қиын. Сондай-ақ, оны біз, әрине, кәдімгі философия дейміз. Десек те, бұл ілімде философияның нағыз күрделі мәсе­лелеріне жататын космология, онтология, гносеология, метафизика проблемалары қарастырылмайды. Негізгі қарастырылған мәселелер мыналар. Біріншісі: адамгершілік, «жэнь». Бұл философия, өйткені оның мәні адамға ықыласпен қарау, рахымшылық жасау, былайша айтқанда гуманизм. Екіншісі: «Өзіңе ұнамағанды басқаға жасама», деген қанатты сөз. Осы жағынан ол философияға жатады. Бұл ілімнің негізін салған - нақты адам. Ол б. з. д. сол ойларды жинақтап, кітап етіп шығарған.

Slide 5 Slide 6

VI-V ғ. ғ. өмір сүрген Конфуций (551-479) . Кезінде оны Күн-цзи, яғни ұстаз, «ұстаз Күн» деп атаған. Тірі кезінде өте жоғары, үлкен беделге ие болған. Оның тікелей шәкірттері он мыңға жеткен деген дерек тер бар. Солардың 20 шақтысы оның қасынан шықпай, онымен ертелі-кеш бірге болған деседі. Конфуций ілімі ел арасында мол тарағандығынан оны, әрине дін деп те атаған. Ол да себепсіз емес, шындық. Конфуций айтқан өсиеттер Қытай жазуымен бар болғаны 75 қатарға сыйған, ал түсіндірмелері арқылы олар 1546-ға жеткен. Оның айтқан өсиеттері «Луньюй» деп аталады. Мәнісі - нақыл сөздер. Олардың бәрі бір мезгілде айтылған ойлар емес, әр уақытта, түрлі жағдайларға байланысты дүниеге келген пікірлер. Көбінесе ол нақтылы сұрауға жауап болып келеді. Кейін ғұлама дүние салған соң, шәкірттері

Slide 7 Slide 8

Конфуцийдің Сократтан айырмашылығы

Конфуцийдің Сократтан айырмашылығы мынада. Егер Сократ нақты жағдайды байқап, одан абстрактылы ой тұжырымдаған болса, Конфуций нақты жағдайға жалпылық ой тұрғысынан пікір айтқан. Конфуций өте керемет дарын иесі болып, әлі күнге дейін қытайлықтардың қоғамдық санасында кең орын алуда. Себебі неде десек, мәнісі былай. Біздің заманымызға дейінгі, Конфуций өмір сүрген уақытта ол елде тәртіп бұзылып, адамдар біріне бірі әлімжеттік көрсетіп, тонап, соғысып жатқан болатын. Содан адамдарды тәртіпке, адамгершілікке, бірлікке шақыру ауадай қажет болды. Сол қиын-қыстау ауыр жағдай Конфуцийдің ілімін дүниеге алып келді. Оның данышпандығы сол жағдайға әбден сәйкес келген. Мәселен, Конфуцийдің пікірінше елді түсіністікпен басқарудың үш буыны бар. Олар: 1) әділеттік, 2) табиғатты сүю (аялау), 3) әдет-ғұрыпты құрметтеу. Немесе, қоғамда ауыз бірлік болу үшін байланыстың тиімді үш басты түйіні, түрі бар дейді Конфуций. Бірі, басқарушы мен бағынушы, екіншісі, әке мен бала, үшіншісі, ер мен әйелі арасындағы қарым-қатынас. Тыныштық, татулық болу Конфуцийдің пікірінше, біріншілерді екіншілердің мүлтіксіз тыңдауы, айтқандарын бұлжытпай орындауы.

Slide 9 Slide 10

Егер кімде кім рақымшылық сезімді қолдаса, онда атасы мен анасын құрметтеп, мемлекет басшысының айтқаны заң болса, басқаларға сөзімен шыншылдықты көрсетсе, ондай адамды сауатсыз болса да ғалым дер едім, дейді Конфуций. Қазір ата-анаға балаларының қайырымды болуы, оларды тек асырау деп түсінсе, бұл кемістік. Малды да асырайды. Дұрысы оларды қамқорлыққа алу, дейді Конфуций.

Қайырымды адам қатал болмаса, ол басқаларға ықпал жасай алмайды, білім алуда да осал болады, дейді. Әдет-ғұрыптың керегі не, егер адам болып туған соң, адамгершілік жасай алмаса. Сөз сөйлеуде адамдарда кездесетін үш түрлі қателік бар дейді Конфуций. Бірі - пікірді керек кезі болмаса да айтып қалу. Бұл аңғалдық. Екіншісі - пікірді мәселе пісіп жеткен кезінде айтпай қалу. Ол - құпиялық, қулық. Үшіншісі - пікірді тыңдаушының бет-жүзін барламай айтып салу. Бұл - бұл соқырлық дейді. Конфуцийдің жақсы көретін ұстанымы: нақыл сөзді барлық жағдайда емес, тек нақты жағдайға және тың­даушымен жүргізіліп отырған әңгімеге сай айту.

Slide 11

Конфуций пікірінше ғылым мына салалардан қалыптасады:

1) Тарих, кітапта жазған ойлар. 2) Халықтың нақыл сөздері. 3) Әдет-ғұрып.

Конфуций айтқан екен: кейде ғылым (білім) елді басқаруға керек, ақша соны есептеуге қажет деп. Сөйтеді де ал ғылым (білім) жалпы елге керек, қажет дейді. Конфуций өзі туралы: «Мен тек бұрынғыны қайталадым, ешқандай жаңа нәрсе жасаған жоқпын», - депті. Бұл пікір оның өте қарапайым, халыққа жақын болғандығын байқатады. Конфуцийдің айтқандары бүгінгі қытайлықтарға біздің қолданып жүрген мақал-мәтелдеріміз сияқты құнды болатыны сондықтан.

Slide 12

Конфуций діні

Біздің жыл санауымызға дейінгі YI ғасырда Қытайда жаңа философиялық - дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун - Цзы немесе Кун - ұстаз (европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций біздің заманымызға дейінгі 551 жылы туылып, 407 жылы дүниеден қайтты.

Slide 13

Конфуциийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Оның ішінде ғұламаның шәкірттерінің де қосқандары аз емес. Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:

- «Өзгерістер кітабы». Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.

- «Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді.

«Діни өлеңдер кітабы». Жинаққак әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген.

- «Салтанатты рәсімдер кітабы».

- «Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.

«Да-Сюэ» (Ұлы ілім), «Чжун-юн» (Тепе - теңдік туралы), «Лун - юй»

Slide 14 Slide 15

Конфуций ілімі

Конфуций ілімі - тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып - білуге адамның ақылы жетпейді.

Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамның жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәптіштеп жазып шыққан. Мұны ол дінге, көне мифтердегі айтылатын құдайларға сенгендігінен емес, тарих және халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса, олар соғұрлым маңызды және құнды деп есептеген. Діни ғұрыптар мен рәсімдер адам мен құдырет иесін байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Конфуцийдің түсінігінде ғұрыптар мен салттарды сақтамайтын адам - өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес мақұлық.

Slide 16 Slide 17

Яғни конфуцийліктегі құлшылықтың объектісі - көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы рәсімдер. Философтың өмірі - осы рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша, үш мың ереже мен үш жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды өте ұнатқан. Аспан құдіреті - тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құрбандық ғұрыптарына үнемі

қатынасып отырған. Сонымен бірге, әлдекім Құдіретті Аспан туралы сөз қозғай бастаса, бұл уақытты босқа шығындау деп, ашу шақыратын болған. Ал оның шәкірттерінің кейбірі аспан - табиғаттың бір бөлегі және ол туралы сөз етудің еш қажеттігі жоқ деп тура қайырып тастайтын.

Slide 18

Конфуцийлік қытайлықтарды сыпайыгершілікке, сезімталдыққа тәрбиеледі. Адамның ішкі ниетін тереңге жасыра білуді үйретті. Кун-Цзы осындай жоғары адамшылықты насихатттай отырып, бұл жолмен жүрмегендерді мүлдем адам қатарлы санаған жоқ. Оның ойынша, қоғамның толық мүшесі болу үшін әр адам ескіден келе жатқан ғұрыптарды сақтауға және сыйлауға міндетті.

Өзгелер үшін тәрбиелі қоғамда орын жоқ. Ол өмірде ешнәрсе өзгермей, сол қалпында сақталуы тиіс деп санады. Бәлкім осыдан да болар, конфуцийлік қытайда ғасырлар бойы өмір ағысы бір арнасында сақталып келеді. Веда, буддизм ілімдері тараған Азия елдерінің көбінен осындай баяндылық пен тұрақтылықты, дәстүрлерге деген беріктікті байқаймыз. Дәстүрлерге беріктік, әлемдегі болып жатқан құбылыстарды ойлы байсалдылықпен қабылдау, табиғатпен мейлінше үйлесім табу - Шығыстың өмір салты болып орныққан нәрселер.

Slide 19

Конфуцийшілдік Бұл - ежелгі дәуірден бастау алатын философиялық жүйе. Конфуцийшілдік ғалым - интеллектуалдар ілімі (мектебі) негізінде пайда болған. Оны бастап берген Конфуций. Ол - Шығыстағы үш басты діни этикалық (даосизм мен буддизм қатарындағы) бағыттың Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси этикалық ілім. Оның көзқарасын ізбасарлары «Лун ой» («Әңгімелері мен ой-пікірлер») кітабында баяндап беріп, насихаттаған. Сонымен қатар, оның адам тағдырын «аспан» айқындайды, адамдардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуі өзгеріске түспейді, жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам лауазымы жоғары қызметтегі кісіге көзсіз бағынуға тиіс деген теориясын дамытты.

Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәрінен де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», - дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тәрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.

Slide 20

Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшілдік туралы әртүрлі пікірлер бар. Біреу насихаттайды, біреу сынайды. Оның көрнекті ізбасары болған Мэнцзының (б. з. б. 372-289) пайымдауынша, әлеуметтік теңсіздік құдайдың құді-ретімен. Конфуцийдің екінші бір жақтаушысы Сюньцзы жасаған ілім бойынша, «аспан» - табиғаттың бір бөлігі. Бірақта, конфу-цийшілдіктің «құдайдың құдіреті» туралы ілімінің Дун Чжуншудың (б. з. б. 2 ғ. )

Slide 21

Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшілдік туралы әртүрлі пікірлер бар. Біреу насихаттайды, біреу сынайды. Оның көрнекті ізбасары болған Мэнцзының (б. з. б. 372-289) пайымдауынша, әлеуметтік теңсіздік құдайдың құді-ретімен. Конфуцийдің екінші бір жақтаушысы Сюньцзы жасаған ілім бойынша, «аспан» - табиғаттың бір бөлігі. Бірақта, конфу-цийшілдіктің «құдайдың құдіреті» туралы ілімінің Дун Чжуншудың (б. з. б. 2 ғ. )

конфуцийшілдіктің ортодоксты доктринасын жасауға негіз болғанын еске алғанымыз жөн. Ғылыми деректерге назар аударсақ, Сун әулеті билігі кезінде (10-13 ғасырлар) Қытай философия мектебінің Жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасқан. Онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлу - Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ілімнің Ерте Конфуцийшілдіктен басты айырмашылықтарының бірі. Негізінен, Жаңа Конфуцийшілдік 21 ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып, Жапония, Корея мен Вьетнамға да зор ықпал етті.

Slide 22 Slide 23

Қытайдағы саяси және философиялық iлiм тарихында конфуцизм iлiмi маңызды роль атқарады. Оның негiзiн қалаған б. з. д. 551-479 жылдары өмiр сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкiрттерi құрастырған «Лунь юй» («Әңгiмелер мен пiкiрлер») кiтабында жинақталған. Бұл кiтап ғасырлар бойы Қытай халқының өмiрi мен көзқарасына, тәлiм-тәрбиесiне едәуiр ықпал еттi. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси iстерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттерi әлi күнге дейiн мәнiн жойған жоқ. Ол «даналыққа бiз үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол - санамен саралау, ең оңай жол - елiктеу, ең қиын жол - тәжiрибеден тәлiм алу» дедi.

Дәстүрлi көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттiң патриархалды- патерналистiк концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билiгi әкенiң балаға билiгi ретiнде көрсетiледi. Патшаның билiгi отбасындағы жасы кiшiлердiң ересектерге бағыныштылығымен теңестiрiледi. Конфуций суреттеген әлеуметтiк-саяси жүйедегi адамдар теңсiздiгi, «қараңғы адамдар», «төменгi адамдар», «құрметтi адамдар», «жоғары шендi адамдар», «лауазымды адамдар» ретiнде көрсетiледi.

Slide 24 Slide 25

Әлеуметтiк теңсiздiктi қалыпты жағдай ретiнде қарастырған Конфуций аристократиялық билiк концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билiгiн жақтады. Билiктiң зорлықсыз тәсiлiн жақтаған Конфуций билеушiлердi өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеушi қайырымды болса, төменгi адам да қайырымды болады. Билiктiң осы ережесiн жақтаған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Iшкi және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерiнен алыс тұратын басқа халықтарды бiлiмдiлiкпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуций барлық нәрсе үнемi өзгерiсте болады, уақыт тоқтамайды, әрбiр нәрсенiң басталуы мен аяқталуы болады дейдi. «Адамның iсi де солай, бас-аяғынсыз бiрде-бiр iс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсiнген адам ақиқатқа жақын тұрады».


Ұқсас жұмыстар
Конфуций философиясы
Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи философиялық негіздері
Ежелгі шығыстың саяси ойлары
Саяси ойлар тарихы
Ежелгі грек
Ежелгі Қытай философиясы
ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ТАРИХЫ
Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері
Ежелгі Қытай жазуымен әдебиеті
Ежелгі Қытай философиясы. Гносеология және эпистемология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz