ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Презентация қосу
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Ағза және
тіршілік
орталары
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
1. Аутэкология – особьтар экологиясы.
2. Негізгі тіршілік орталары және
экологиялық топтар.
Экология және тұрақты даму пәнінде
қарастырылатын тақырыптар:
АУТЭКОЛОГИЯ
ТІРШІЛІК ОРТАЛАРЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ФАКТОРЛАР
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЗАҢДАР
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
•Аутэкология – бұл бір түр өкілінің немесе
особьтың қоршаған ортасымен өзара
байланыстарын зерттейтін экологияның бір
бөлімі.
•Басқаша айтқанда, аутэкология тірі ағзаға
қоршаған орта факторларының әсерін және сол
әсерлерге особьтың табиғи реакцияларын
зерттейді. Ортаның ағзаға әсері жеке факторлар
арқылы бағаланады.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Тіршілік ортасы – дегеніміз кез келген ағзаның
өсіп-өнуіне, көбеюіне және ұрпақтарын
жалғастыруына қолайлы табиғи және тарихи
қалыптасқан орта.
Қазіргі кезде Жер шарында эволюция барысында
негізгі төрт тіршілік орталары қалыптасқан. Әрбір
тіршілік ортасының өзіне тән шектеуші экологиялық
факторлары мен орта мекендеушілері бар.
ТІРШІЛІК ОРТАЛАРЫ:
1.Су ортасы
2. Құрлық- әуе ортасы
3.Топырақ ортасы
4.Ағзалық орта
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
НЕГІЗГІ ТІРШІЛІК ОРТАЛАРЫ
3. Топырақ
1.Су ортасы
ортасы
4. Ағзалық
орта
2. Құрлық-әуе
ортасы
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
СУ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ
Су ортасының тек өзіне тән бірқатар арнайы
қасиеттері бар. Оларға: су тығыздығы, су қысымы,
оттегінің құрамы, күн сәулесін сіңіруі т.б. жатады.
Соған байланысты мұхиттар мен теңіздер екі
экологиялық облысқа бөлінеді:
1) пелагиаль - су қалың қабаты;
2) бенталь - судың түбі.
Су ортасының барлық мекендеушілерін
гидробионттар (грек сөзінен hidro - су, biont -
мекендеуші) деп атайды.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Планктондар дегеніміз судың беткі
қабатында оның ағысымен қалқып жүретін
ағзалар. Планктондар – зоопланктон және
фитопланктон деп бөлінеді.
Нектондар дегеніміз судың терең
қабаттарында еркін жүзетін ағзалар, оларға
балықтар жатады.
Бентостар дегеніміз судың түбінде
(шөгінділерде) тіршілік ететін ағзалар.
Бентостар: фитобентос және зообентос деп
бөлінеді.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Нектондар және бентостар
ЗООПЛАЗоопланктондар
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
ҚҰРЛЫҚ–ӘУЕ ОРТАСЫ – экологиялық
жағдайы бойынша ең күрделісі. Бұл ортаның
жарық, температура, ылғалдылық сияқты
экологиялық факторларына өсімдіктер мен
жануарлардың экологиялық адаптациясы
қалыптасқан. Бұл ортаның барлық
мекендеушілерін аэробионттар деп атайды.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Жарық режиміне ағзалардың бейімделуі
бойынша 3 экологиялық топтарды
ажыратамыз:
1. Гелиофиттер - жарық сүйгіш ағзалар;
2. Сциофиттер - көлеңке сүйгіш ағзалар;
3. Факультативті гелиофиттер -
көлеңкеге төзімді ағзалар.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Температуралық режимге меаболизм деңгейі
байланысты жануарларды 2 негізгі топқа жіктейді:
1) пойкилотермдік жануарлар - бұл ағзалардың
тіршілігі мен белсенділігі сыртқы орта
температурасына тәуелді, яғни олардың дене t0–сы
сыртқы орта t0-на өзгереді. Бұларға микроағзалар,
өсімдіктер, омыртқасыз жануарлар жатады.
2) гомойотермдік жануарлар - сыртқы орта
температурасына тәуелді емес, яғни өздерінің
оптимальды дене t0 –сын тұрақты ұстауға қабілетті .
Бұларға жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар
жатады.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Сыртқы ортаның температуралық
әсеріне бейімделгендерді 3 экологиялық
топтарға бөлеміз:
1. Термофилдер - өте жоғары
температуралық факторға бейімделгендер;
2. Криофилдер - өте төмен
температураға бейімделгендер;
3. Нормафилдер – орташа температураға
бейімделгендер.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Құрлықтағы ортаның ылғалдылық факторына
байланысты өсімдіктер мен жануарлар да 3
экологиялық топтарға жіктеледі:
1. Гигрофиттер немесе гигрофилдер -
жоғары ылғалдылыққа бейімделгендер;
2. Мезофиттер немесе мезофилдер - орташа
ылғалдылыққа бейімделгендер;
3. Ксерофиттер немесе ксерофилдер - төмен
ылғалдылыққа бейімделгендер.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
ТОПЫРАҚ ОРТАСЫНЫҢ барлық
мекендеушілерін эдафобионттар деп атайды.
1)Геобионттар – топырақтың тұрақты тіршілік
иелері. Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді.
2)Геофильдер – тіршілігінің біраз бөлігі
топырақпен байланысты ағзалар.
3) Геоксендер – топырақ қабаттарын уақытша
пайдаланушылар.
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
АҒЗАЛЫҚ ОРТА
мекендеушілерін паразиттер деп атайды.
Уақытша паразиттер өмірінің бір бөлігі иесімен
байланысты (қоректенген кезде), ал тұрақты паразиттер
барлық тіршілігін иесінің денесінде өткізеді.
Барлық паразиттер 2 экологиялық топтарға б өлінеді:
эктопаразиттер (иесінің сыртқы денесінде
кездесетіндер – кенелер, сүліктер, б үргелер, масалар,
т.б. ) және эндопаразиттер (иесінің ішкі мүшесінде
кездесетіндер - құрттар, бактериялар, вирустар,
қарапайымдылар және т.б.).
НАЗАР АУДАРЫП
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒ
А РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz