Архаикалық мәдениет


Slide 1

Архаикалық мәдениет

Slide 2

Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді.

Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі.

Алғашқы қауымдық мәдениет - тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады.

Slide 3

Діннің шығуы. Алғашқы наным-сенімдер:

Slide 4

Фетишизм;

Фетиш ретінде адам қиялын несімен болмасын таң қалдырған кез келген зат бола алады: ерекше формалы тас, ағаш кесегі, жануар тісі, зергерлік бұйым;

Slide 5

Тотемизмді алғаш рет Батыс Африкада португал теңiзшiлерi XV ғасырда тапқан, содан кейiн фетишизмнiң бiрқатар баламалары әлемнiң көптеген аймақтарында табылады.

Бұл затқа оның өзiне тән емес қасиеттер таңылады (дерттен жазу, жаулардан қорғау, аңшылықта көмектесу және т. с. с. қасиеттер) . Егер мұндай затқа табынған соң, практикалық әрекетiнде адам табысқа қол жеткiзе алса, ол өзiне фетиш көмектестi деп санай отырып, оны өзiне қалдырған. Егер адам қандай да бiр сәтсiздiкке ұшыраса, онда фетиш лақтырылып тасталынатын немесе басқамен алмастырылатын.

Slide 6

Алғашқы адамдардың фетиштерге мұндай көзқарасы таңдап алған заттарына деген құрметтiң бiрқалыпты болмағанын көрсетедi: көрсетiлген көмегi үшiн алғыс айтқан, ал көмектеспегенi үшiн жазалаған. Бұл тұрғыдан африкандықтардың фетиштердi азаптау ғұрпы қызықты, ол фетиштердi жазалау үшiн ғана емес, оларды әрекетке итермелеу үшiн жасалатын болған. Мысалы, фетиштен бiр нәрсе сұрай отырып, африкалықтар оның денесiне темiр шегелер қаққан, себебi осылайша фетиш адамдардың сұрағанын жақсы есiне сақтап, мiндеттi түрде оларды орындайды деп есептеген.

Slide 7

Тотемизм - адамдардың қандай да бір тобы мен белгілі бір жануарлардың немесе өсімдіктердің түрінің арасында ерекше байланыстың бар екеніне сенім болып табылады.

Slide 8

Дiни нанымдардың басқа ежелгi формасы ретiнде тотемизм - адамдардың қандай да бiр тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгiлi бiр жануарлардың немесе өсiмдiктердiң түрiнiң арасында ерекше байланыстың бар екенiне сенiм болып табылады. Дiни нанымдардың бұл формасының атауы «ототеман» сөзiнен шыққан, ол солтүстiк американдық үндiстердiң оджибве тайпасының тiлiнде «тегi оның» дегендi бiлдiредi.

Slide 9

Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар.

Slide 10

Анимизм (лат. Анима- жан) - жан мен рухтардың бар екеніне деген сенім.

Slide 11

Анимистiк нанымдардың тиянақты талдамасын ағылшын антропологы Э. Тайлор өзiнiң «Алғашқы мәдениет» еңбегiнде берген.

Э. Тайлордың теориясы бойынша, бұл нанымдар екi бағытта дамыған.

Анимистiк түсiнiктердiң бiрiншi қатары ертедегi адамның ұйқы, елестер, дерт, өлiм құбылыстары жөнiндегi ойлануларының нәтижесiнде, сондай-ақ транс пен галлюцинацияларын бастан кешiру барысында пайда болды.

Slide 12

Кейiнiрек бұған қарағанда күрделiрек түсiнiктер жасалады: дене өлген соң жанның өмiр сүретiндiгi жайлы, жандардың жаңа денелерге көшетiнi туралы, о дүние жайында. Анимистiк нанымдардың екiншi қатары қоршаған ортаны кейiптеу мен рухтандыру сияқты алғашқы адамдарға тән талпыныстан туындайды. Ерте замандағы адам объективтi дүние құбылыстары мен заттарын өзiне ұқсас, қалаулары, еркi, сезiмдерi, ойы бар деп қарастырған. Осыдан табиғаттың, өсiмдiктердiң, жануарлардың қаһарлы күштерiнiң жеке рухтарына деген сенiм пайда болады, бұл сенiм күрделi эволюция барысында политеизмге, содан кейiн монотеизмге ауысады.

Slide 13

Қарсы дәлел ретiнде алғашқы қауымдық адамдардың дiни нанымдары (мысалы, тотемизм немесе фетишизм) көбiнесе анимистiк түсiнiктердi қамтымағанын дәлелдейтiн археологиялық және этнографиялық мәлiметтер келтiрiлдi. Мұндай нанымдар «преанимистiк» деп аталды. Дегенмен анимистiк сенiмдердiң әлемнiң барлық дiндерiнiң құрамдас және аса маңызды бөлiгi болып табылатынына күмән жоқ. Рухтарға, жын-шайтанға, өлмейтiн күштерге сену - мұның бәрi алғашқы қауымдық анимистiк түсiнiктердiң модификациялары.

Slide 14

Адамзат қоғамының дамуының ерте сатыларында дiни нанымдардың алғашқы формалары таза күйiнде болған жоқ, олар бiр-бiрiмен ерекше күйде тұтасып жатты. Сондықтан бұл нанымдардың қайсысының бiрiншi пайда болғандығы жөнiнде сұрақ қою аса дұрыс бола қоймайды. Мысалы, Австралия аборигендерiнде табу жүйесi мұқият құрылған тотемизм басым болды. Сiбiр мен Қиыр Шығыстың сансыз көп халықтарының арасында магия және онымен тығыз байланысты шаманизм практикасы үстем болды. Африка халықтарына келсек, олар фетишизмге бейiмдiлiктерiмен ерекшелендi.

Slide 15

Магия - жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.

Магия әсер ету әдістері бойынша: контактылы, инициалды, парциалды, имитативті болып бөлінеді.

Slide 16

Магия ( лат. magia гр. μαγεία - сиқыршылық) - алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.

Slide 17

Дiни нанымдардың бұл формасының дереккөзiн ағылшын этнографы Б. Малиновский өзiнiң «Магия, ғылым және дiн» атты еңбегiнде толық сипаттап өткен.

Тынық мұхиты аралдарында тұратын түземдiктердiң (жергiлiктi тұрғындардың) өмiрiн зерттей отырып, Б. Малиновский өте қызық заңдылықты байқайды. Түземдiктердiң егiн шаруашылығында өнiмдерi құбылмалы болатын түйнектi өсiмдiктердi отырғызғанда магияны қолданатындары анықталады, бiрақ магия тұрақты, бiр қалыпты өнiм беретiн жемiс ағаштарын отырғызғанда қолданылмайды. Балық аулауда магиялық әдiстер акула және басқа да iрi, қауiптi балықтарды аулау кезiнде практикаланады, ал майда балықтарды аулауда магия артық деп саналады.

Slide 18

Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.

Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен - егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.

Емдеу магияның мақсаты - дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.

Slide 19

Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.

Зиян келтіруші магия - жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.

Slide 20

Соғыс магиясында - жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.

Ауа райы магиясында - шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.

Slide 21

Магия әсер ету әдiстерi бойынша

контактылы (магиялық күш иесiнiң магия бағытталған объектiмен тiкелей жанасуы арқылы) ;

инициалды (магиялық акт магиялық әрекет субъектiсiнiң қолы жетпейтiн объектiге бағытталған) ;

парциалды (әйтеуiр бiр жолмен магиялық күш иесiнiң қолына түсетiн қырқылған шаш немесе тырнақ, тағам қалдықтары арқылы жанама түрде әсер ету) ;

имитативтi (объектiге ұқсас нәрсеге әсер ету) болып бөлiнедi.

Slide 22

Магиялық жүйелер әрқилы, мысалы олар:

Алхимия

Болашақ жайлы болжау

Астрология

Некромантия

Спиритизм

Slide 23

Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Алғаш рет Миф философиясын Дж. Вико ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Ағылшын мәдениеттанушысы Э. Б. Тайлор “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады.

Slide 24 Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Архаикалық мәдениет түсінігі
Антикалық мәдениет
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Гомер дәуірінің мәдениеті
Антика ғылымы
Алғашқы қауымның тарихи - мәдени маңызы
Материалдық мәдениет ескерткіштері
Мәдениет тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz