АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ. БАҒА БЕЛГІЛЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН БАҒА БЕЛГІЛЕУ ФАКТОРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС


Slide 1

Баға белгілеудің атқаратын қызметі. Баға белгілеу қызметтері мен баға белгілеу факторлары арасындағы байланыс

Slide 2

Жоспары:

1. Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру

2. Баға функциялары есептік, ынталандырушы, таратушы, сұраным және ұсынымды теңестіру функциялары

3. Бағаға әсер етуші факторлар

4. Баға жасаушы факторлардың өзара байланыстарының баға функцияларында көрініс табуы

Slide 3

Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі, өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т. с. с. сұрақтар шешіледі.

Slide 4 Slide 5

Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы) . Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К. Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа) . Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Slide 6

Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.

Slide 7

Баға белгілеу деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға белгілеудің екі жүйесі бар:орталықтандырылған және нарықтық.

Slide 8

Бағаның нарықтағы орны қандай. Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.

Slide 9

Нарықтық экономикада ең маңызды рөлді құн заңы орындаса, жоспарлы орталықтандырылған экономикада жоспарлы даму және орталықтандырылған бөлу заңдары негізінен қолданылады. Құн заңы баға жасау механизмі және сұраныс пен ұсынысты тепе-тең жасау процесіне негізделеді.

Slide 10

Баға функциялары есептік, ынталандырушы, таратушы, сұраным және ұсынымды теңестіру функциялары

Slide 11

Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді. Баға қоғамүшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты еңбек күші, материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын анықтайды.

Slide 12

Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.

Slide 13

Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.

Slide 14

Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.

Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.

Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.

Slide 15

Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

Бағалардың төмендеуіне көмектесетін факторлар:

Өндірістің өсуі, техникалық прогресс, өндірістің және айналыстың шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін өсіру, бәсеке, салықтарды төмендету, тура байланыстарды кеңейту.

Slide 16

Бағалардың өсуін тудыратын факторлар:


Ұқсас жұмыстар
Маркетинг баға саясаты
Қоғамдық өндірістің нысандары
Нарықтық экономиканың Нарықтық экономиканың мәні және қызмет мәні және қызмет атқару механизмі. атқару механизмі
Нарықтық ұсыныс
Баға құрылымын жетілдіру түрлері
Баға құрастырудағы мақсаттар
Бағаны қалыптастыру әдістері
Бағаның деңгейіне ықпал ететін сыртқы факторлар
Қалыптастырушы мұғалім мен оқушы бағалау бағасыз бағалау қызметін түзету
ФИРМАНЫҢ БАҒА САЯСАТЫ МЕН БАҒА СТРАТЕГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz