Бәсекелестік құқықтың негіздері


Slide 1

Бәсекелестік құқықтың негіздері.

ҚР монополияға қарсы органдар.

Жосықсыз бәсекелестіктің түсінігі мен нысандары.

Slide 2

Бәсекелестік дегеніміз - (латынның «concurred» деген сөзінен аударғанда - қақтығысу) - дербес жасаған әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына, олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Бәсекенің артықшылықтары:

қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;

тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;

тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;

өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Slide 6

Бәсекенің кемшіліктері:

ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;

қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;

ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;

еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.

Slide 7

Бәсеке формалары

Бәсеке формаларын анықтаушы белгілер

Бағаларға бақылау дәрежесі

Жетілген

Осы өнімді көп фирмалар өндіреді. Өндірілген өнімдердің толық біртектілігі. Капиталдардың салааралық ауытқуына шектеудің жоқтығы. Толық хабарлылық, яғни тұтынушылар мен өндірушілердің нарықты жете білуі.

Бағаға бақылау жоқ.

Жетілмеген

1. Монополия

Өнімді тек бір ғана фирма өндіреді (сала бір ғана фирмадан тұрады)

Бағаларға бақылау дәрежесі өте жоғары

2. Дуополия

Өнімді өндіру екі фирмаға шоғырланған. Бір текті өнім өндіріледі.

Бағаларға жекелеген бақылаулар.

3. Олигополия

Өнімді өндіретін фирмалардың саны салыстырмалы түрде көп емес. Біртекті өнім өндірілетін (немесе аздаған дараланған өнім) .

Бағаларға жекелеген бақылаулар.

4. Монополисттік өнімдерді

даралаумен бірге

Өндірушілер көп өнімді нақты немесе қиялдағы айырмашылықтықтардың көп болуы.

Бақылауға өте әлсіз бақылау.

Slide 8

МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ

Жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі

Slide 9

Заңмен шектелген монополистік қызметке жататындар:

1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;

2) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;

3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану.

Slide 10

ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК

Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған бәсекелестіктегі кез келген әрекеттер.

Slide 11

Жосықсыз бәсекелестікке мынадай әрекеттер жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, авторлық құқық объектілерін дараландыру құралдарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;

2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;

3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;

4) нарық субъектісінің беделін түсіру;

5) көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама;

6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу) ;

7) бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру;

Slide 12

8) сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру;

9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;

10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;

11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;

12) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;

13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;

14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері
Нормативтік құқықтық акт
Азаматтық құқықтық обьектілері
Азаматтық құқықтың қағидалары
Құқықтың нысаны
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқық туралы
Әкімшілік құқықтың әдістері
Азаматтық құқықтық қатынастар
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz