Дін - және мәдениет туралы ақпарат




Презентация қосу
ЖӘНЕ
МӘДЕНИ
ЕТ
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі
де маңызды әлеуметтік-мәдени сана.
Діннің басты мақсаты – адамның рухани
жетілуі және оның Жаратушы Құдайға
 сенімі.
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды
әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның
рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз
– әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына
сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу
сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы
махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады.
Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана
бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік
құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі
істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл
сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші
және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына
себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып
келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі
барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-
сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани
жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен
бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте
кең, ауқымды ұғым.
Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың
жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің
мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі
мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған.
Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі
дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей
бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді.
Діннің неғұрлым ертедегі көріністері
– сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі
және шамандық болып табылады.Құдайды тұлғалық Бастау
ретінде мойындау қазіргі
діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән,
ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен
діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық
немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері
белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар
мен конфессияларға бөлінеді.
Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары,христиан діні
нің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары
бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді
(ислам, христиандық, Будда) ұстанады. Сонымен қатар,
маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын
басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс
таңбалы діндер деп аталынады.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-
ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды.
Жай ғана сауат ашудан және тазалық
ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің
асқан үлгілі шығармаларын жасағанға
дейінгі ұғымды қамтып жатқан –
мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның
дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің
жағдайларына байланысты өзгеріп
отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы
мәдениеттің мазмұны мен формаларына
сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта
қарастырғанда, бірнеше елеулі
түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың
ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
ИОГАНН ГОТФРИД ГЕРДЕР :
«САЛТ-ДӘСТҮР, ТІЛ МЕН
МӘДЕНИЕТ БАСТАУЛАРЫНЫҢ
АНАСЫ»
Тарихи жадыға тиеселі адамзат
тарихының өн бойына көз жүгіртер
болсақ, онда діндарлықтың адамзат
тарихын басынан аяғына дейін толық
қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама
рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса
да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің
негізгі қалыптастырушы факторларының
бірі болып табылады. Діннің халықтар
өміріндегі алатын орнының зорлыгы
соншалықты діндердің негізін түсінбей
жатып сол діндерді ұстанатын
халықтардың мәдениеті туралы толық
көзқарас қалыптастыру мүмкін емес.
Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің
ойымызша, діннің анықтауыш қызметі
оның әлеуметтілікті қалыптастыруында,
яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде
болса керек. Өйткені тіпті «религия»,
сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің
өзі де «біріктіру», «байланыстыру»,
«қатынасты қалыптастыру» дегенді
білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін
және ұйымдастығын қалыптастырушы
идеологиялық механизм. Діннің мазмұны
әлеуметтік мәні бар негізгі
құндылықтарды қасиетті деп танудан
тұрады.
 
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе
құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

 

Ұқсас жұмыстар
ЭЛИТАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
Мәдени код сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі
Саяси сана. Мәдениет және өркениет
Мәдени код
Мәдениет тілі
Дінтану курсын оқытуға қойылатын талаптар
ДІН, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Үнді мәдениеті
Христиан діні
ДӘРІС Дін, мәдениет және қоғам
Пәндер