КƏСІПКЕР
Презентация қосу
Қ азақ стан Республикасының
1995 жыл 30 тамыздағ ы
Конституциясының 26-
бабының 4 тармағына сəйкес:
«..Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет
еркiндiгiне, өз мүлкiн кез
келген заңды кәсiпкерлiк
қызмет үшiн еркiн
пайдалануға құқығы бар.
Монополистiк қызмет заңмен
реттеледi әрi шектеледi.
Жосықсыз бәсекеге тыйым
салынады.»
КƏСІПКЕР – өз ісін құра отырып,
тəуекелге бас тігуге жəне эксперимент
жасауға əзір, өз өмірін өзгерткісі келетін
əрі қажырлы түрде көп еңбек етуге даяр
адам.
*
• мемлекеттік тіркелуі;
*
• мүліктік жауапкершілігінің болуы;
*
• құқықсубьектілікке ие болуы;
*
• кәсіпкерлік мәртебесінің болуы;
*
• мүлкінің болуы;
НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ:
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ
азаматтар
заң ды КӘСІПКЕРЛІК
оралмандар
тұ лғ алар СУБЪЕКТІЛЕРІ
коммерциялық және
коммерциялық емес
мемлекеттік
кә сіпорындар
Мемлекеттік
кәсіпкерлік
дара кәсіпкер
ЖЕКЕ ТҰЛҒА ретінде тіркеледі
КӘСІПКЕРЛІК
СУБЪЕКТІСІ
ұйымдық-
құқықтық
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА
нысанда
құрылады
КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
САНАТТАРЫ
Жұ мыскерлердің жылдық орташа санына жә не
жылдық орташа кіріске қ арай кә сіпкерлік
субъектілері санаттарғ а жатқ ызылады
шағ ын жә не
микрокә сіпкерлік орта кә сіпкерлік ірі кә сіпкерлік
субъектілері субъектілері субъектілері
ШАҒЫН - заңды тұлға
құрмаған дара Микро -
кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 15
жылдық орташа саны 100 адамнан аспайтын, АЕК
адамнан аспайтын, АЕК 30 мың еселенген
үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын
мөлшерінен аспайтын
ШАҒ ЫН ЖӘ НЕ
МИКРОКӘ СІПКЕРЛІ
К СУБЪЕКТІЛЕРІ
СУБЪЕКТІЛЕРІ:
1) есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына байланысты
әрекетті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді, көтерме
саудада өткізуді;
3) астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотереялар өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдардың айналымына
байланысты қызметті;
7) банк қызметін және сақтандыру қызметті;
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби
қызметті;
10) кредиттік бюролар қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның
патрондарының айналымына байланысты
ІРІ КӘСІПКЕРЛІК
СУБЪЕКТІЛЕРІ
жұмыскерлерінің жылдық орташа
саны 250 адамнан асатын және
(немесе) жылдық орташа кірісі
республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген және тиісті қаржы
жылының 1 қаңтарында қолданыста
болатын АЕК үш миллион еселенген
мөлшерінен асатын дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалар
Құқықсубьектілік құқықтар мен
міндеттердің жиынтығы.
құқық+міндет=құқықсубьектілік
Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі:
жалпы (құқық субъектісі), ерекше
(азаматтық құқық субъектісі) және
жеке кәсіпкерлік әрекет ету субъектісі).
кәсіпкерлік әрекет ету субъектісі болу
үшін, алдымен азаматтық құқықтар мен
міндерттерге ие болған тұлға болу
қажет.
КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ:
1) кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыру ға, тауарлар,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нары қтарына қол жеткізу
еркіндігінің болуына;
2) ҚР заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, к әсіпкерлікті
жүзеге асыруға;
3) ҚР заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құру ға;
4) өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ба ғаны
дербес белгілеуге;
5) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ң сапасын
бақылауды дербес жүзеге асыру ға;
6) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру ға;
7) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құру ға;
8) ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сараптамалы қ ке ңестерді ң
жұмысына қатысуға;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және заңды мүдделерін
іске асыруына кедергі келтірген адамдарды жауаптылы ққа тарту м әселелері
бойынша құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдар ға
жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, т өрелікке,
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі у әкілге ж әне өзге
де органдарға жүгінуге;
11) татуласу рәсімдері арқылы дауларды реттеуге құқығы бар;
КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
1) ҚР заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін сақтауға;
2) ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын
қамтамасыз етуге;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
туралы толық және анық ақпарат беруге;
4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды
бастау үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына
сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;
5) ҚР заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
6) табиғатты сақтауға, табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;
7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және
қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін
арттыруға міндетті;
ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
КӘСІПКЕРЛІК
ҚҰҚЫҚҚАБІЛЕТТІЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТЕН
Жеке Заңды
тұлғалар РҰҚСАТ АЛУ тұлға
ұйымдық
Дара кәсіпкер ЖК – мемлекеттік
болу үшін куәлігін құқықтық тіркеуден
мемлекеттік алады нысанда өтеді
тіркеледі
құрылады
Салық
төлеу Мемлекеттік
Қызметіне
куәлігін тіркеу, салық
лицензия
алады төлеу куәлігін
алады
алады
• ҚР азаматтарының,
оралмандардың таза кіріс
алуға бағытталған, жеке
тұлғалардың өздерiнiң
ДАРА меншiгiне негiзделген және
жеке тұлғалар атынан,
КӘСІПКЕРЛІК олардың тәуекел етуімен
және мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен жүзеге
асырылатын дербес,
бастамашыл қызметi
Дара (жеке) кәсіпкерлік
Өзіндік кәсіпкерлік Бірлескен кәсіпкерлік
Азаматтар тобымен
(дара кәсіпкерлер тобы)
бiр жеке тұлға өзiне
меншiк құқығымен
тиесiлi мүлiк негiзiнде, Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі
(ерлі-зайыптылардың ортақ
мүлiктi пайдалануға
біріккен жекеменшігі негізінде)
және оған иелiк етуге
жол беретiн өзге де
құқыққа орай дербес
жүзеге асырады Отбасылық кәсіпкерлік
Ол мынандай негіздерде жүзеге
асады:
шаруа (фермерлік) қожалықтың
Өзiндiк кәсiпкерлiк ортақ біріккен жекеменшігі
фермер қожалығы негізінде;
жекешелендірілген баспанаға Жай серіктестік
нысаны пайдаланыла ортақ үлестік
ортақ біріккен жекеменшік
отырып, жүзеге негізінде меншік негізінде.
асырылуы мүмкін
ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК
ТІРКЕУ:
Жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай
жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде
мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген
орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс
органында дара кәсiпкер ретiнде есепке
қоюды білдіреді
Дара кәсіпкерлерді
мемлекеттiк тiркеу үшін
қажетті шарттар:
1) салықтардың және
бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің
түсуін қамтамасыз ету
саласындағы басшылықты
жүзеге асыратын уәкілеті
орган бекіткен нысан
бойынша салықтық
өтінішті;
2) дара кәсіпкердің
орналасқан жерін
растайтын құжатты
ұсынады.
Жеке тұлға көрсетілген
құжаттарды ұсынған
кезден бастап мемлекеттік
кіріс органы бір жұмыс
күні ішінде дара
кәсіпкерді (бірлескен дара
кәсіпкерлікті) мемлекеттік
тіркеуді жүргізеді не
мұндай тіркеуден бас
тартады.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға
құрмай жүзеге асыратын азаматты
дараландыру тәсілі
Дара кәсіпкерді (бірлескен дара
кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік мерзімсіз болып
табылады электрондық құжат
нысанында ұсынылады.
ДАРА
КӘСIПКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТIН
ТОҚТАТУ
ЕРІКТІ МӘЖБҮРЛІ
ДАРА КӘСIПКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТIН МӘЖБҮРЛІ ТОҚТАТУ:
1) ол банкрот деп танылған;
2) тiркеу кезiнде жойылмайтын сипаттағы ҚР заңнамасын
бұзушылықтар жiберiлуіне байланысты дара кәсiпкердi
тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметті ҚР заңнамасын күнтiзбелiк жыл iшiнде
бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
5) ол ҚР заңнамасына сәйкес терроризмді және
экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен
тұлғалардың тізбесіне енгізілген;
6) ол хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда соттың
шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА - меншiк, шаруашылық
жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз
мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз
атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке
құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым.
ҚР АК-тің 33-бабы құқық субъектісі
ретінде заңды тұлғаның келесі белгілерін
бекітеді:
ұйымдық бірлік;
оқшау мүлік;
дербес мүліктік жауаптылық;
азаматтық айналымға өз
атынан түсуі.
ЗАҢДЫ
ТҰЛҒАЛАР
Коммерциялық
Коммерциялық
емес
Ақционерлік
Қоғамдық бірлестік
қоғам (қор)
Ақционерлік Өндірістік
қоғам кооператив Тұтыну Қоғамдық
кооперативі қор
Шаруашылық
Діни Мекеме
серіктестіктер
бірлестік
Өзге де Мемлекеттік
ЖШС; ҚЖС; КС; ТС нысандарда кәсіпорын
Коммерциялық заңды тұлғалар өз қызметін ҮЛГІ
ЖАРҒЫСЫ негізінде жүзеге асырулары мүмкін, оның
мазмұны заңды тұлғаның ұйымдық құқықтық формасына
байланысты Үкімет қаулысымен белгіленеді.
Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін ҮЛГІ
ЖАРҒЫ негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаса, онда
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны
беру талап етілмейді. Сонымен қатар тіркеуші мемлекеттік
органдарға ҚР Әділет Министрлігі бекіткен формада
нотариалдық тəртіпте куəландырылған өтінішті үш данада
береді, тек шағын кəсіпкерліктің субъектісі болып
табылатын шаруашылық серіктестіктің өтінішінен
басқалары.
Шаруашылық серіктестіктердің
кәсіпкерлігі
Қызметі серіктестікке қатысушы болып табылмайтын
тұлғалардың инвестициялық және жинақтаушы ақша
қорын қоспағанда ақшасы мен басқа мүліктерін тартуға
негізделген ұйымдар заң актілеріне сәйкес
шаруашылық серіктестігі нысанында құрылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылар салымдарына
бөлінген өз қызметінің негізгі мақсаты пайда табу деп
есептелінетін заңды тұлға болып табылатын
коммерциялық ұйым ШАРУАШЫЛЫҚ
СЕРІКТЕСТІК болып саналады.
Шаруашылық серіктестіктердің ЖАРҒЫЛЫҚ
КАПИТАЛЫ оған қатысушылар салымдар
жиынтығынан құрылады.
Шаруашылық серіктестік жарғылық
капиталына ақша, бағалы қағаздар, заттар,
мүліктік құқықтар оның ішінде жерді
пайдалану құқығы және интелектуалдық
қызмет нәтижелеріне құқықтық және өзге де
мүлік болуы мүмкін.
толық серіктестік
жауапкершілігі
АК шаруашылық шектеулі серіктестік
серіктестіктің
төмендегідей түрлерін
құру мүмкіндігі қосымша
қарастырған: жауапкершілігі бар
серіктестік
сенім (коммандиттік)
серіктестігі
ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК (ТС)
Өзінің қатысушылары толық серіктестіктің
мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда соның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі
барлық мүлікпен біріккен жауапкершілікте
болатын серіктестік.
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК
(ЖШС)
Бір немесе бірнеше тұлғаның құрған
серіктестігі.
ЖШС Жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарына сəйкес белгілі өлшемге ие
үлестерге бөлінген.
ЖШС қатысушылары соның міндеттемелері
бойынша жауапкершілікте болмайды жəне
қызметімен байланысты болатын залалдардың
тəуекелін солардың қосқан салымдарының құны
шегінде арқалайды.
ҚОСЫМША ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ИЕ
СЕРІКТЕСТІК (ҚЖС)
өзінің қатысушылары соның міндеттемелері
бойынша өздерінің жарғылық капиталға салған
салымдары бойынша жауап беретін, ал ол
сомалар жеткіліксіз болған жағдайда соған
қосымша түрде тиесілі болып келетін мүлік
бойынша солар салымдаған салымдарға еселі
көлемде жауап беретін серіктестік.
КОММАНДИТТІК (СЕНІМ) СЕРІКТЕСТІК (КС)
Өзінің құрамына толық жауапкершілікке ие
(оларды толық жолдастар деп атайды)
қатысушылар, сондай - ақ жауапкершілігі
шектеулі қатысушылар (салымшылар)
кіретін серіктестік танылады.
КС салымшылардың жауапкершілігі енгізген
салымның сомасымен шектеледі, жəне олар
серіктестіктің кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына
қатыспайды. Яғни бұл жағдайда екі жеке тұлғадан кем
емес қатысуы тиіс.
Біреуі (толық жолдас) компанияға «команда беруді»
жəне компанияның кəсіпкрелік жұмысымен
байланысты барлық тəуекелдіктерді өзіне алады жəне
компанияның қарыздарына өзінің барлық жеке
мүліктерімен жауап береді. Ал екінші (салымшы)
жарғылық капиталға мүлкін ғана салады, ол тек
жарғылық капиталдағы осы үлесімен ғана тəуекел
етеді, алайда, компанияның мəселелеріне араласпайды.
Оны банктің салымшысымен салыстыруға болады.
Акционерлік қоғам (АҚ)
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін
қаражаттарды тарту мақсатында
акциялар шығарып отыратын заңды
тұлға.
Өндіріс кооперативі (ӨК)
Азаматтардың солардың жеке
еңбектік қатысуына жəне соның
мүшелерінің мүліктік жарналарын
(пайларын) біріктіруге негізделген
мүшелік негізіндегі ерікті түрде
бірлесуі.
Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы;
1) шаруашылық серiктестiгiнiң құрылған
мерзiмi өткен соң;
2) құрылғанда алдына қойған мақсатына
жеткеннен соң;
3) қатысушылардың арасындағы келiсiм
бойынша;
4) шаруашылық серiктестiгi белгiленген
тәртiппен банкрот деп танылған жағдайда;
5) АК, басқа заң актiлерiнде немесе
шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай
құжаттарында көзделген басқа да
жағдайларда тоқтатылады.
Коммерциялық емес ұйым ұғымы
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және
алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды
тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми,
бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол
жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды
мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу;
азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған
ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң
көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз
мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары
құрылтай құжаттармен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдардың
нысандары
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме,
қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам,
тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк,
қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды
тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және
заң актiлерiнде көзделген өзге де нысанда
құрылуы мүмкiн.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz