ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ. Дәріс жоспары


Slide 1

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

Slide 2

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Қазақ фольклорының философиялық мазмұны - қазақтардың сан түрлі өмірі мен тарихының бейнесі. Вербалдық қоғамның құндылықтар жүйесінің мызғымыстығы. Мақал-мәтелдердегі еркін ойлау, аңғал реализм және стихиялық материализм.

2. Асан Қайғының «Жерұйық» идеясы - тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармаларындағы адамгершіліктік-этикалық сұрақтар.

3. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының даму ерекшеліктері. «Зар заман» дәуірінің ақындары Дулат Бабатаев, Шортанбай Қанаевтың философиялық көзқарастары.

4. Қазақ ағартушылығы: қалыптасуының қоғамдық-саяси алғышарттары, европалық және орыс Ағартушылығынан өзгешеліктері. Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясының антропоцентризмі және гуманизмі.

5. Мұхтар Әуезов философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір мен өлім мәселесі. Шәкәрім Құдайбердиев: ақиқатты іздеу. «Үш анық» - болмыс, жан және адамның адамгершіліктік жетілуі туралы философиялық пайымдау.

Slide 3

Ұлттық философия (XIғ. - XIXғ. ) :

Slide 4

Мақал мен мәтелге бай халықтардың бірі - қазақ халқы. Қазақ мақалдары ХІХ ғасырда-ақ европа халықтарына мәлім бола бастаған. Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты. Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жинауда, зерттеуде, Ш. Уалиханов, В. Радлов, А. В. Васильев, П. М. Мелиоранский, С. Аманжолов секілді ғалымдардың еңбегі зор.

Slide 5

Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің тақырыптары әр алуан: туған жер, ел-отан, еңбек, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, өнер, егіншілік кәсібі, ынтымақ, достық, ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т. б. Мақал мен мәтел құстың екі қанаты секілді бір-бірімен байланысты, бірақ олардың араларында аздаған өзгешеліктері мен айырмашылықтары болды. Мәселен, мақал сөзде адамның нәзік сезімдері мен терең ойлары ашық айтылады, дәлме-дәл көрсетіп, бейнелейді.

Slide 6

Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда адам өміріндегі сан қилы уақиғалар, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, еңбеккерлік пен еріншектік, жомарттық пен сараңдық, саналылық пен надандық және т. б. салыстырыла сөз етіледі. Сол сияқты, болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Халқымыздың өмірдегі көрген-білгені, басынан өткерген барлық жағдайының қыры мен сыры, адамгершілік пен қастандық, әр түрлі жан шошырлық жауыздық, адам сүйсінерлік ерлік аз сөзбен, өткір тілмен беріліп отырады. Мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер - сонау ерте заманнан келе жатқан тозбайтын, өшпейтін, қоғамның қай кезеңінде болмасын өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтпайтын халықтың бай мұрасы.

Slide 7

ХV ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ ─ Асан Қайғы (ХV ғ. ) атанып кеткен - Хасен Сәбитұлы.

Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, “халыққа ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын” “ЖЕРҰЙЫҚТЫ” іздеп, желмаямен қазақ жерін аралайды. Бірақ “Жерұйықты” таба алмай қатты қайғырады. Содан ел оны “Асан Қайғы” деп атаған. Сондықтан оны қазақ жерінен шыққан әлеуметтік утопист деп те атайды.

Slide 8 Slide 9

Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының төлбасыларының бірі Қазтуған жырау Сүйінішұлы шамамен ХV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында дүниеге келген. Қазтуған Сүйінішұлы - ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі лирик ақын. Өзін «айдаса қойдың көсемі», «сөйлесе қызыл тілдің шешені» деп таныстырған Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты би, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған толғауларының негізгі тақырыбы - туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. «Салп-салпыншақ анау үш өзен» толғауында жырау туған жеріндегі Еділ, Жайық, Ойыл өзендерін тебірене жырлайды.

Slide 10

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы - Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 - 1560 жылдар шамасында өмір сүрген. Үш айлығында анасынан айырылған болашақ жырау нағашы әжесінің қолында тәрбиеленеді. Жырау толғауларында ерекше көтерілген тақырып - адамгершілік мәселесі.

Шалкиіз толғауларының басты тақырыптарының бірі - ел бірлігі, ынтымағы.

Slide 11

Бұхар жырау (1684-1781жж. ) ─ қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. Абылай ханның кеңесшісі. Хан оның айтқан кеңесіне құлақ салып отырған.

Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті.

Slide 12

Жыраулардың толғауларында адамның көңілін қалдырмау үшін, не нәрседен бас тарту қажет деген мәселе қойылған. Бұқар жырау адам қаншалықты қиыншылықты көріп, жаны қиыншылыққа ілініп, шаршап, қалжырап, көңілі - қарайып, көзі қарауытып тұрса да үмітін үзбейді деп ой қорытады. Бұқар өз заманының мән - мағынасын түсінді, оның аумалы төкпелі болмысын заңды объективті процесс деп санады. Ол өткенге өкініп, ескіні аңсамады, өз уақытының тарихи тынысын қалтқысыз қабылдап, соған сәйкес өмір сүрді. Бұқар жырау қасыңа қыдыр келіп, басыңа дәулет құсы қонып, хан дәрежесіне көтерілгенше сен кім едің деп Абылай ханға тура бағыштап: « . . . Сен қай жерде жүріп жетіктің? Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің» деген екен.

Slide 13

Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген. Ақылгөй абыз дәулетке, баққа қызықпа, арыңды ақсатпа, малға сатпа, ол мәңгілік нәрсе емес, «өзгереді, өзгергенді көз көреді»-дейді. Ол арамзалық алысқа шаппайды, «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» ұзаққа бара алмайсың, халықтың шындық атты қақапаны бар, адалдық атты тұзағы бар, соған түспей өтпейсің, - деп ескертеді. «Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт етер»- деп бірліктің басталатын қайнар көзін ашып береді.

Slide 14

Орыстың отаршылдық саясатына ашық наразылық білдірушілер «Зар заман» ақындары деп аталды. Олар: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Канайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) .

Slide 15

Қазақ хандығының жау қыспағынан әлсіреп, Ресейдің отары бола бастаған кезде заман бейнесі «Жер ұйық» кейпінен «Зар - заманға» айналады. «Зар - заман» түсінігі қазақтың төл мәдениетінде қалыптасқан уақыт туралы әсерлі бейнелердің бірі болды.

Slide 16 Slide 17

Оларды ойландырған мына мәселелер:

Slide 18

Міржақып Дулатов (1885-1935) .

«Оян, қазақ» дастанын жазды.

Көзіңді аш, оян қазақ.

Көтер басты, өткізбей.

Қараңғыда бекер жасты!

Жер кетті, дін нашарлап,

Хал һарам боп, қазағым,

Енді жату жарамасты.

Slide 19

Ахмет Байтұрсынов Ақын, лингвист, түркі әлемін зерттеуші, ғалым, талантты аудармашы.

Slide 20

Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

Slide 21

“Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады.

Slide 22

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.

Slide 23

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.

Slide 24

4. ХІХ ғасырдың қазақ ағартушыларының классиктерінің философиялық ойлары, антропоцентризм және гуманизм (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин) .

Қазақ жеріндегі ХІХ ғ. қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірдің өкілі - қазақтың тұңғыш ресми ғалымы, көрнекті ұлы Ш. Уәлиханов (шын аты Мұхаммед - Ханафия), ағартушы-демократ.

«Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» негізгі еңбектері

Slide 25

1855 жылдан бастап Семей, Іле, Ыстықкөл, Жетісу жерлерін зерттеген әскери-ғылыми экспедицияның құрамында болды. Онда осы өлкелердің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, халықтың тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиетін зерттеді. Әрбір халықтың ерекшелігін бейнелейтін суреттер салды. «Ыстық көл сапарының күнделігі» деген ғылыми еңбек шығарады. 1856 жылы Қытайдағы Құлжа қаласына жасаған 3 айлық сапардың нәтижесінде «Құлжа қаласы» деген еңбек жазды. 1857 жылы 27 ақпанында «Орыс географиялық қоғамының» толық мүшесі болып сайланды.

Slide 26

Қоғамдық өмірді түсіндіруде ол идеалистік көзқараста болды. Ғылым мен ағартудың арқасында қоғамды өзгертіп, прогреске жетуге болатынына сенді. Әлеуметтік бақытсыздықтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді, «Әділетті басшы» идеясын жақтады.

Slide 27

1858 жылғы 1 қазаннан 1859 жылғы 11 наурызға дейін «Әлімбай» деген жасырын атпен Шығысты зерттеу үшін ұйымдастырылған сауда керуенімен Қашғарияға (Қытай) аттанды. Онда елдің саяси құрылымын, табиғатын, халықтың кәсібін, әдет-ғұрпын зерттеген материалдар жинады. Бұл еңбектері үшін Омбыдан Петербургке шақырылды. 1861 жылы ол науқасы меңдеп, елге қайтты. 1864 жылы Ресейге қосу үшін Ташкентке бағыталған М. Г. Черняевтың әскери отрядына шақырылды. Бұл жорықта Әулие- Ата, Шымкент маңындағы жергілікті бейбіт халықтың қанын төгіп, үйлерін қиратып өртегеніне наразылық білдіріп, армияны тастап кетті. Алматы облысындағы Алтынемел жотасының етегіндегі Тезек төренің еліне барады. Осы жерде 1865 жылы дүние салды.

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Фуко философиясы
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
Жалпы қазақ философиясы туралы тусінік жəне шығу тарихы
ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Логика ғылымы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Философияның негізгі сауалдарын зерделеу
Мәдениет тілі
Кеңестік философтар және олардың көзқарастары, тұжырымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz