Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты


Slide 1

Жоспар:

1. Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама

2. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты

3. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

4. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсім

Slide 2

Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама

2013 жылы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, атап айтқанда ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі - 6 пайыз, 2014 жылы - 6, 1 пайыз, 2015 жылы - 7, 6 пайыз, ал инфляция деңгейі осы жылдары 6, 0 - 8, 0 пайыз шеңберінде болады деп жоспарлануда.

2013 жылғы республикалық бюжеттің шығыны 6, 2 триллион теңге болып бекітілсе, соның 2, 4 триллион теңгесі немесе 39, 4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл 2012 жылғы нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 244 миллиард теңге немесе 2, 8 пайызға көп. Атап айтқанда, 2013 жылы білім беру саласына 470, 0 миллиард теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда - 7, 6 пайыз, денсаулық сақтауға - 524, 0 миллиард теңге немесе 8, 5 пайыз, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке - 1 360, 2 миллиард теңге немесе 21, 9 пайыз артық жоспарланып отыр. Сондықтан, 2013 жылға арналған республикалық бюджетті шын мәнінде әлеуметтік бюджет деп айтуға болады. 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген елімізде жұмыссыздықты жою, тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету және шағын қалаларды дамыту мәселелерін де толық қамтып отыр.

Slide 3

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясындағы іс - шараларды қаржыландыруға 2013 - 2015 жылдарға жалпы сомасы 212, 4 миллиард теңге шығыстар қарастырылса, оның 94, 3 миллиард теңгесі 2013 жылдың еншісінде. Бұл қаржылар өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы төмен адамдарды оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға несие беруге, ауылдық елді мекендерді дамытуға (оның ішінде, ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік - акушерлік пункттерді салуға) бағытталатын болады. «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын орындауға 2013 жылы 157, 2 миллиард теңге қаржы жоспарланды. Оның ішінде тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 34, 6 миллиард теңге қарастырылған. Осы шығыстар аталған бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға несие беруге бағытталады. Сонымен қатар, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салуға және сатып алуға 2013 жылы 27, 5 миллиард теңге, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрушылар үшін 17, 5 миллиард теңге, жас отбасылар үшін 10, 0 миллиард теңге қаржы бағытталды. «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде ағымдағы іс - шараларды жүзеге асыруға 2013 жылы 34, 0 миллиард теңге сомасында шығындар қарастырылды, бұл қаржылар шағын қалалардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікке үйретуге, оларға несие беруге, жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге, жалға берілетін түрғын үй құрылысын салуға жұмсалады.

Slide 4

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерге инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 2013 жылға - 12, 9 миллиард теңге, өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттері 2013 жылға 6, 0 миллиард теңге қарастырылған. Осы шығыстар көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үйлер қорын сақтау және қоқыстар шығару, жылу жүйесін жөндеу, ауладағы балалардың ойын алаңдарын орнатуға бағытталады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 37, 2 миллиард теңге жіберу жоспарланды. Осы шығыстар шеңберінде банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдік беру арқылы сыртқы рыноктарға өнім экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдау, бизнесті сервистік қолдау бағыттары бойынша өңір өзгешелігін есепке ала отырып, экономиканың басымды секторларында жобаларын жүзеге асырушы немесе жүзеге асыруға жоспарлаған кәсіпкерлерге көмек көрсету қарастырылған. «Ақ бұлақ» бағдарламасын орындауға республикалық бюджеттен 101 миллиард теңге бөлініп, оның 34 миллиард теңгесі ауылдық елді мекендерді, ал 41 миллиард теңгесі қалаларды сумен жабдықтауға жұмсалады.

Slide 5

Ендігі міндет - осы қабылданған республикалық бюджетті іске асыруға қажетті нормативтік актілерді уақтылы және сапалы қабылдап, бюджеттің тиімді орындалуын қамтамасыз ету. Өйткені, бюджетті жоспарлау және оның атқарылу үдерісін жетілдіруде әлі де болса шешімін табуды керек ететін мәселелер жеткілікті. Мәселен, жуырда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша жаңа бюджет ережесі белгіленіп, бюджетті жоспарлау үдерісіне «шартты қаржыландыру» ұғымы енгізілді. Шартты қаржыландырылатын шығыстарға стратегиялық немесе әлеуметтік маңызы бар шығыстар жатқызылатын болады. Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында елімізде жұмыссыздықты жою, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және шағын қалаларды дамыту алдымыздағы тұрған ең өзекті міндеттер болып айқындалып, осы мәселелерді шешу үшін Үкіметке нақты тапсырмалар берілген болатын. Бұл бағытта, жоғарыда айтып кеткенімдей, Үкімет тарапынан бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында осы басым бағыттарға бөлінген қаражаттың едәуір бөлігін шартты түрде қаржыландыру көзделген. Мәселен, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бөлінген қаржының 40 пайызы (20 миллиард теңге), шағын қалаларды дамытуға бөлінген қаржының 58 пайызы (14 миллиард теңге), қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша 50 пайызы (52 миллиард теңге) шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар деп көрсетілген.

Slide 6

2. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай - ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Slide 7

Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми - техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Slide 8

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену - иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;

Slide 9

Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

жеке инвесторлар (жеке адамдар) .

- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары) .

Slide 10

Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе - теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.

Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Slide 11

Тікелей инвестиция дегеніміз - капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал - жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :

1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе - теңдіктің бұзылуы;

3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;

5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;

Slide 12

3. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты Инфляция - бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Slide 13

Инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:

әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады; несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды; импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы; ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.

Шығын (ұсыныс) инфляциясы - бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы; көрсетілетін қызметтің маңызының артуы; бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі; энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

алтынға;

тауар;

шетел валютасына.

Slide 14

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:

ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;

инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.

Таралу орнына қарай:

локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

Бағаның өсу қарқынына қарай:

баяу инфляция - баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

орташа инфляция - баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

ұшқыр инфляция - баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Slide 15

Сұраныс инфляциясын жою мемлекеттің фискалық және ақша - несие саясатының салыстырмалы макроэкономикалық әдістері арқылы жүзеге асырылады. Инфляция жағдайында мемлекеттің атқаратын шараларының екі жағы бар: 1) Бейімделу (адаптациялық) саясаттың жүргізілуі немесе инфляцияға бейімделу. Бұл жағдайда табыстардың, еңбекақыны, пайыз мөлшерлемелері және инвестицияның индекстеу бойынша шаралар жүзеге асырылады; фирмалар қысқа мерзімді жобаларды жүзеге асырып, жеке тұлғалар кірістердің қосалқы көздерін анықтайды. 2) Инфляцияны төмендету бойынша инфляцияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

Инфляцияға қарсы саясат ақша ұсынымын төмендету бойынша бірнеше әдістерді жүзеге асырады:

Орталық Банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту

Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін азайту мақсатында орталықтандырылған несие қайта қаржыландрудың есептік мөлшерлемесін азайту

Несие мултипликаторын қысқарту және коммерциялық банктердің несие экпансиясын шектеу үшін Орталық банктің резервтік талаптарын арттыру

- Сондай мақсаттарда орталқ банктің несиелерін тікелей қысқарту

Slide 16

Инфляцияға қарсы фискалдық саясат - мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету негізінде салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқартуды жүзеге асырады. Инфляция жағдайында салық саясаты екі өзара байланысты міндеттерді шешуі тиіс:

- Мемлекеттік бюджеттің теңестірілуіне қол жеткізу және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру қажет

- Екіншіден экономиканың бастапқы буындарына өндіріс пен айырбас аясында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет. Инфляцияға қарсы салықтық саясат жанама салық салуды қысқартуға бағытталады. Жанама салықтарға инфляциялық сипаты басым, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Сонымен қатар салықтардың жоғары деңгейде болуы өндіріске кері әсер етіп, ұсынымды шектейді.


Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстан Республикасындағы экономика
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы
Макроэкономикаға ғылымы
Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты
Бюджеттік инвестициялар
Макроэкономикалық тепе - теңдік және оның үлгілері
Макроэкономикалық көрсеткіштер
ҚР-ғы экономикалық өсу, себептері, факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz