ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУЫ




Презентация қосу
ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ
ҚАРАЖАТЫНЫҢ
ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын,
қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес
активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.
Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен
бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және
жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында
жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық
емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға,
экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Ұлттық қордың негізгі мақсаты болашақ
ұрпаққа арналған жинақтарды
қалыптастыру және республикалық
бюджеттің әлемдік шикізат
нарықтарындағы жағдайға тәуелділігін
төмендету арқылы қаржы ресурстарын
жинау болып табылады. Осылайша, Ұлттық
қордың функциялары жинақтау және
тұрақтандыру болып табылады.
Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру
функцияларын жүзеге асырады.

Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, 
қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және
тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада
Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді.
Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін
жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру
функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі
кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде
айқындалады.
2017 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖЕЛТОҚСАНЫНА Қ Р ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТҮСІМДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ
ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
Атауы Сомасы, мың
тг
Ұлттық қордың (бұдан әрі – Қор) есепті кезеңнің басындағы қаражаты 23 865 623
(кассалық орындау), барлығы: 843
Түсімдер, барлығы: 1 931 599 409
- мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салықтар (жергілікті 1 764 092 552
бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда)
- мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін
басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді
қоспағанда) 31 965 188
- республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер 504 855
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін
түсімдер 397 292
- республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертті қайтару 9 103 277
- Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер* 125 536 245
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де
4 151 274 630
түсімдер мен кірістер. Пайдаланылуы, барлығы:
- кепілдік берілген трансферттер 2 680 000 000
- максатты трансферттер 1 464 941 288
- Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге
байланысты шығыстарды жабу 6 333 342
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және
қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет
елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және
фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі
мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-
экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру
жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары
бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік 
валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу
мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды
Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару
туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады.
Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды
қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:

1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге
есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы,
үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу
бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт
бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша
төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа
түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның
ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін
түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін
түсімдерден тұрады.
Ұлттық қордың қаражаттары:

1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген
трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын
мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін
нысаналы трансферттер түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге
байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

Ұқсас жұмыстар
Квазимемлекеттік борыш
ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ
Бюджеттің кірістері мен шығыстары
Мемлекеттік бюджет. Бюджет жүйесі
Өндірістің айналым капиталымен қамтамасыз етілуі
Ғылыми қамтымды экономиканың алғашқы қадамдары
Бюджеттік бағдарламаларды келісуді жеңілдету
Қонақжайлылык бизнесіндегі кәсіпорындардың айналым капиталы
Қазақстан Ресупбликасының дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту бағыттары
ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ
Пәндер