Mатерия ұғымы


Slide 1

Mатерия ұғымы

Slide 2

Материя (лат. materіa - зат) - әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние - мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.

Slide 3 Slide 4

Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді. Антик. философтар М-ны жеке заттарға: Фалес - суға, Анаксимен - ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалект. натурфилософияның негізін қалады.

Slide 5

Материя мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді. Аристотель М-ны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің М-ны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды.

Slide 6 Slide 7

Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында М-ны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя - табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және М. ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, М. дегеніміз - біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. М. анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. М-дан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады. Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым - М. мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. М. ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады.

Slide 8

Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша Материяның маңызды қасиеттері:

сақталу мен өзгеру (қозғалыс),

үздіктілік пен үздіксіздік,

кеңістік пен уақыт.

Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. М-ның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: М-ның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі. А. Қалибасұлы

Slide 9

Жаңа дәуір философиясында (XVII - XVIII ғасырлар) қоғамдық өндіріс пен жаратылыс ғалымдардының, әсіресе, математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материаны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне де тән ортақ касиеттерімен байланытсуға бейімделді. Мәселен, И. Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады. Кейіннен философтар мен жаратылыстану ғалымдары материя мен массаны пара-пар деген пікірге ауытқып кетті. Д. И. Менделеев 1889 жылы Санкт-Петербургте жарыққа шыққан «Химия негіздері» деген еңбегінде былай деп жазған болатын: «Зат немесе материя дегеніміз кеңістікте орны мен салмағы бар масса…. » Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындап келген француз материалистері болды. «Жалпы алғанда материя дегеніміз, - деп жазды П. Гольбах, - біздің сезімімізге әсер ете алатынның бәрі…» Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғына дейінгі материалистік дүниетанымда материя ұғымы түсінуде метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері материя мен нақты материалдық объектілердің арасындағы айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің материалдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді, материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен салыстыра қарастырды.

Slide 10 Slide 11

Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы болмыс және материя жайлы түсініктер
Материя күрделі құрылым
САНА МЕН ТІЛ
БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Дүние болмысы екі деңгейде
Әлеуметтік болмыс
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ
Ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік
Материалдық болмыс
Философияның негізгі сауалдарын зерделеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz