МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Презентация қосу
МӘДЕНИЕТ
ЖӘНЕ
ӨРКЕНИЕТ
Мәдениет туралы түсінік
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен
шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті
арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің
ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы,
адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген.
Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды,
адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы
ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі
көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен
құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-
қатынасы
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық;
латынша – өңдеу, өсіру ) –
1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары
мен шығармашылығының жиынтығы;
2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи
кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;
3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының
жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек
мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);
4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті,
цитрустық мәдениет, т.б.).
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және
жасап жатқандарының бәрін түгел қамтитын құндылықтарының
жиынтығы
Мәдениеттің қызметтері
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
Танымдық қызметі.
Реттеу қызметі.
Коммуникативтік, қарым-қатынастық
қызметі
Шығу тарихы
Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол
адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін,
яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген
мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады.
Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең
қолданылуы XIX ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде
тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде
ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет
тарихы» деген пән де пайда болды.
Мәдениет ұғымының қалыптасуына ежелгі Рим
ойшылдары да өз үлесін қосты.(Цицерон)
Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі
құндылығы құдай еді. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде
жаңа таным қалыптасты.
1920 жылдан бастап 1950 жылға дейін ұғымның
157 анықтамасы шықты. Қазіргі кезде
ғалымдардың пікірінше 500-дің үстінде
мәдениеттің анықтамасы бар көрінеді.
Батыс мәдениеті
Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал
одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа
созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар
бұлағы — «романдық бастаудан» нәр алатын Батыc Рим империясының мәдени
дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары
құқықтық мәдениет, христиан діні және тағы да басқалары. Бұл мәдени дәстүрлер
римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыc Еуропаның
пұтқа табынушы көптеген тайпаларыньщ мәдени өміріңце өз жалғасьш тапты.
Мұндай мәдени тоғысулар Батыc Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің
қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениетганушы ғалымдар
көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін
ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытгы
қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар»
деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян
гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара
жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол бір тарихи
кезенде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.
Шығыс мәдениеті
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер
отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге
қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс
мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет
қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі
мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады.
Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат
жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік
аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен
өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай
типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән. Медицина
едәуір табысқа жетті. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға екі ондық
музыкалық аспаптар белгілі болды: барабан, дабыл, сыбызғы, металл қоңыраулар,
ішекті шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен, балшықтан жасалған және
басқалар. Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта арнайы сарай маңындағы музыкалық
қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық сфералары реттеуге бағынып,
мемлекеттің билігінде болды.
Материалдық және рухани мәдениет
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ
материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің,
екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық
және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем
шығырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса
материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар
екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет
тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған
адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық
нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін
және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті
материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да
болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына
сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.
Өркениет туралы түсінік
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның
материалдық және рухани жетістіктерінің
жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды
“варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар
мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету
мақсатында қолданған. Олардың түсініктері
бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық
мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі
қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін
білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз
байланысты
Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын
тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл
үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен
мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында
қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша
азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген
басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
ШЫҒЫС ЖӘНЕ БАТЫС
ӨРКЕНИЕТТЕРІ
Шығыс пен Батыс – Ғаламның екі
жартысы,
Бұл – саналы адамзаттың
Отаны аталатын біздің Жер шарымыз.
Олжас Сүлейменов
Батыс пен Шығыс әлемі. Түйткіл ғаламның екі жартысы
тұтас бір әлем. Ғаламның екі жартысын бөлім тұрған
өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда.
Өркениеттер сұхбаты ортақ рухани құндылықтардың
бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт пен
этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің
даралығын, келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға
ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін ойнауы заңдылық.
Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен кемелін
сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған
өркениеттер өрісінің жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.
Шығыс өркениеті
Шығыс өркениеті өмірге қабілетті келді . Ол көптеген шапқыншылықтар
мен отарлау саясатын бастан өткерді . Шығыс өркениеті икемділігі мен
өміршеңдігін арқасында осынау өзгерістерден өз жолын таба білді .
Дегенмен өзіне ұқсас келмеген дүниелерді өңдеген жаңа бағдарлама
жолындағы , техника жағынан дамыған Еуропа өркениетінен Шығыс та
қалыса қоймаған болатын .
Осынау түрлі мәдениеттер тоғысындағы өркениет әлемі бір – бірін
толықтыра отырып , жалпы әлемдік мәдениетті құрады . Мұнда Шығыс пен
Батысты біріктіретін түрлі құндылықтар мен менталитеттердің үйлесімі
қашан да салтанат құрмақ .
Қазіргі заманғы жаһандану өріс алған тұста жер шары түрлі
элементтерден құралатын тұтас жүйеге айналуда . Осы орайда «
Ғаламдық Шығыс және Батыс тарихы мына элементтердің негізін қалаушы
дуализмге : Жер мен Су , Құрлық пен Теңізге толықтай тәуелді », – дейді
Карл Шмидт .
Батыс өркениеті
Батыс экономикалық , саяси және мәдени
стандарттарының жаһандық экспанциясы , батыстық
мәдениет үлгілерінің шығыс аймақтарына жасанды
таңылуы Батыс пен Шығыс арасындағы қарама –
қайшылықты ушықтыра түспек . « Мәдениет диалогы »
ұғымы « Мәдениет өнімдерімен алмасу » баламасына
алмасып , барлық құндылықтар жойылып , барлық
құндылықтар мен мәдениеттерді тауарға айналдырады .
Осыған орай ширек ғасыр бұрын ғалым К.Леви – Строс
өзінің ойын былай деп білдірген болатын : « Қазіргінің
адамы мәдениет арасындағы айырмашылықты өзіне
ұнамсызын жоя отырып , түсінуге талпынады ».
Өркениеттердің
айырмашылықтары
С.Хантингтонның айтуынша, бүгінгі өркениет өзінің
тарихы, тілі, діні, мәдениеті, дәстүрлерімен бір-бірімен
ерекшеленеді. Осынау ерекшеліктер «Батыс» және
«Шығыс» терминімен айқындалды. Батысқа
рационализм, христиан дәстүрі, ағартушылық,
демократия, дербестік тән болса, Шығыс үшін,
керісінше, мистерия, сезімталдық, исламдық және
буддистік (басқа да) діни ұстанымдар, дәстүршілдік,
ұжымшылдық, қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше
түрі тән келді
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын
төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
Өркениет —
мәдениеттің
Мәдениет пен прогресі,
өркениет бір. Олар болашаққа бой
синонимдер (И. сермеуі,
Гердер, Э.Б. қоғамның
Тайлор). парасаттылық
деңгейі (Ф.
Вольтер, Д. Белл).
Өркениет — Өркениет —
мәдениеттің тағылық пен
ақыры, оның варварлықтан
кәрілік шағы, кейінгі тарихи-
руханилықтың мәдени саты (Л.
антиподы (Ж.Ж. Морган).
Руссо,).
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz