Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеудегі ролі және мемлекеттік реттеуді жүргізетін мемлекеттік органдар
Презентация қосу
1.Мемлекеттің кәсіпкерлік
қызметті реттеудегі ролі және
мемлекеттік реттеуді
жүргізетін мемлекеттік
органдар.
2.Кәсіпкерлік қызметті
мемлекеттік реттеу әдістері
мен бағыттары.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
дегенміз – кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және
өткізетін тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен
денсаулығы үшін қауіпсіздігін, олардың заңды
мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін
қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді айтамыз.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің
кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін
міндетті талаптарды белгілеуі арқылы:
1) ҚР заңдары;
2) ҚР Президентінің жарлықтары;
3) ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
4) ҚР министрлерінің және өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының
нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актілері;
6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық
шешімдері деңгейінде реттегіш құралдар
пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ НЫСАНДАРЫ
МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
1) ҚР нормативтік құқықтық актілерімен кәсіпкерлік
субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне қойылатын
талаптарды белгілеу;
2) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе
әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруына рұқсат беру
немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу;
4) техникалық реттеу;
5) бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу;
6) ҚР заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершіліг ін міндетті сақтандыру;
7) мемлекеттік бақылау және қадағалау;
8) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;
9) мемлекеттік тапсырыс;
10) ҚР заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік
органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу.
КӘСІПКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТТІ
РЕТТЕУ
РЕТТЕУШІ
РЕТТЕГІШ
МЕМЛЕКЕТТІК
ҚҰРАЛДАР
ОРГАНДАР
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеуші органдар жүйесі:
Қазақстан Республикасы Үкiметi
Кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган
Бақылау және қадағалау органдары
Монополияға қарсы орган
ҚР Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік
реттеу саласындағы құзыретi:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін
жүргізу және пайдалану қағидаларын
бекіту;
2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын
және жылдық орташа кірісті есептеу
қағидаларын бекіту;
3) ҚР кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-
күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және
бекіту қағидаларын бекіту.
4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн
қалыптастыру;
5) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу.
КӘСIПКЕРЛIК ЖӨНIНДЕГI УӘКIЛЕТТI ОРГАННЫҢ
ҚҰЗЫРЕТІ:
1) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды
адамдарының кәсiпкерлiк заңнамасын
бұзушылықтары туралы ҚР Президентi мен ҚР
Yкiметiн хабардар етедi;
2) тәуекелдерді бағалау жүйесін үйлестіруді жүзеге
асырады;
3) міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру
парақтарының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
4) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
5) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және
жылдық орташа кірісті есептеу қағидаларын
әзірлейді;
6) реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды
жүргізуді бекітеді;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау
саласындағы бақылауды жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау органдарының
құзыреті:
1) тиісті салада мемлекеттік бақылау және
қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық
актілерді, тексерулер жүргізудің жартыжылдық
кестелерін әзірлеу;
3) ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды
және қадағалауды жүргізу;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау
тиімділігінің мониторингін жүргізу;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді
жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Кәсіпкерлік қызметті
мемлекеттік реттеу
әдістері:
Тікелей Жанама
(мемлекеттік тіркеу, (салық жеңілдіктерін
лицензиялау) беру)
Кәсіпкерлік қызметті реттеу бағыттары:
монополияға қарсы реттеу, бәсекелестікті
дамыту;
бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу;
валюталық реттеу;
салықтық реттеу;
өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің
сапасына бақылау жасау;
стандарттау, сертификаттау;
лицензиялау;
Мемлекет бағаларды өзі бекіткен
тарифтерге сай халықтың сұранысы мен
ұсынысын ескере отырып реттеп отыруы
тиіс.
Бағаларды реттеудің түрлері:
- еркін бағалар;
- көтерме бағалар;
- бөлшек сауда бағалары;
- реттелетін бағалар.
Лицензиялау - лицензияларды
беруге және қайта ресiмдеуге,
лицензиаттардың тиiстi талаптарды
сақтауын лицензиарлардың
бақылауды жүзеге асыруына,
лицензиялардың қолданылуын
тоқтата тұруға және қайта
бастауға, лицензиялардан айыруға
байланысты iс-шаралар кешенi;
стандарт - уәкілетті орган көздеген
тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті
пайдалану мақсатында техникалық реттеу
объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер
мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
стандарттау - нақты қойылып отырған және
ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке
ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін
ережелер белгілеу арқылы өнімге,
көрсетілетін қызметке және процестерге
қойылатын талаптарды ретке келтірудің
оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған
қызмет;
Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің,
көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптар ға сәйкестігін
жазбаша куәландыратын рәсім;
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология
және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтарды ң м үліктері мен
қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің,
жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде
тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімні ң ішкі ж әне
сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның біры ңғай тауар
рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық
экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтасты ққа ж әне
Сертификаттау
түрлері
Міндетті Ерікті
Экологиялық сараптама - көзделіп отырған
шаруашылық және өзге де қызметтің
қоршаған орта сапасының нормативтері мен
экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу,
сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға
тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және
солармен байланысты әлеуметтік
зардаптардың алдын алу мақсатында
сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін
айқындау;
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz