MS DOS Windows,UNIX ,LINUX


Slide 1

MS DOS/Windows, UNIX, LINUX

Slide 2

Мазмұны

1. Файл

2. MS Dos/Windows ож

3. Желілік ОЖ

4. Windows NT/2000 ОЖ

5. Linux

6. Unix

Қорытынды

Slide 3

Файл - байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Әр файлдың атауы болады. Windows опрециаялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың атын жазғанда мына символдарды қолдануға болмайды: \, /, :, *, <>,, ?, ". Файл компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесеэлектрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішінде бағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін.

Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

* . bmp Paint

* . doc Word WordPad

* . txt Блокнот қолданбасының құжаты

* . wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.

* . avi Бейне - клип

* . xls Excel кестелік процессорының құжаты

* . ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері

Slide 4

Файлдармен жұмыс істеу

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің барлығы файлдармен жұмыс істейді. Windows бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау оларды үнемі қадағалау қажеттілігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен қатынас құра алатынының айғағы болып табылады.

Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.

Slide 5

MS DOS операциялық жүйесі 1981 ж ІВМ дербес компьютерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кезерде стандартты операциялық жүйе ретінде, Windows есептеледі, бірақ MS - DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.

MS - DOS операциялық жүйесі дскеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:

- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу - шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты ОС-тің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды:

- Операциялық жүйенің жүктеуіші - бұл өте қысқа программа, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модульдерін компьютер жадына (IO. SYS, MSDOS. SYS) оқуды іске асырады;

Slide 6

- IO. SYS сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;

- MSDOS. SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;

- COMMAND. COM - пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.

Slide 7

DOS - тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары - операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әр түрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т. с. с.

Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олардың аттары CONFIG. SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG. SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND. COM файлы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC. BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.

Slide 8

MS - DOS

командалары

Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND. COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т. б. командалар жатады.

Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командала жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т. б.

Slide 9

Каталогтармен жұмыс істейтін командалар.

Бұл топқа : DIR, CD, RD, MD командалары жатады.

1. DIR командасы - каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.

Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.

Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.

Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда - информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек.

Информацияны экранға жинақты түрде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен типі ғана шығады.

2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы:

C:\md student - C дискісінің түпкі каталогынан STUDENT атты жаңа каталог ашу.

Slide 10

3. RD (Remowe Directory - каталогты жою) - ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы:

C:\STUDENT\ BASIC > rd tecno2 - STUDENT каталогтың ішіндегі екінші дәрежелі BASIC каталогын жою.

4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) - бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғары дәрежедегі каталогтарға өту мына параметрлер «. . », «\» арқылы іске асады.

Slide 11

Файлдармен жұмыс істейтін командалар:

Бұл топқа COPY, REM, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т. с. с. командалар жатады.

1. COPY - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргенде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірілетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда және қандай етпен көшірілетіні көрсетіледі.

Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мүмкіндік беретін нұсқа (*және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген, мысалы,

C:\> copy_a:\*. *_c:-A: дискісіндегі барлық файлдарда С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогқа көшіру.

2. REN (RENAME) - файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары, мысалы,

C:\>ren_port. txt- dora. txt - PORT. TXT атты файлда DORA. TXT деген атқа ауыстыру.

3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын жою командасы.

4. TYPE командасы - мәтінен тұратын файлдың ішкі мәтінін экранға шығару.

C:\>type_program. txt- PROGRAM. TXT файлының мазмұынын экранға шығару.

Slide 12

5. DATE командасы - үстіміздегі (ағымдағы) ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.

Қайтадан жаңа мерзімді енгізу үшін, пернелермен DATE_MM_DD_YY командаларын теру керек, мұндағы ММ-ай нөмірі (1-12), DD - күн саны (1-31), YY - жылы.

6. TIME командасы - ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдынғыға - date командасына ұқсас.

7. РАТН (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MSDOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтарын іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер іске қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec. bat файлында болады. Ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді, мысалы:

path c:\, c:\ dos; c; \nc, c; \Windows; d: \utilit; d:\my; d:\text.

8. CLS (Clean Screen - экран тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру жолын экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырады. Бұл команда cls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан Enter пернесін басылады.

Slide 13

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Түрлі стандарттарды желілік құрылғылық қолдау Ethernet,

Token Ring,

ARCnet,

FDDI

желіні басқару стандартын қолдау.

Slide 14

Операциялық жүйені кластарға бөлу параметрлері

Операциялық жүйе түрлері

Бір мезгілде орындайтын міндеттер саны бойынша

Бірміндетті

Көпміндетті

Компьютерде бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар саны бойынша

Бір адам пайдаланатын

Бірнеше адам пайдаланатын

Интерфейс, яғни пайдаланушының коампьютермен қатынас жасау тәсілі бойынша

Командалық интерфейс

Графикалық көптерезелі интерфейс

Операциялық жүйені кластарға бөлу

Slide 15

Windows NT/2000 операциялық жүйесі.

Windows NT 32 разрядты, алғашында 1993 жылы одан саң 1998 жылы жарыққа шыққан бірінші версиясы болып табылады. Бұл жүйе жоғары сенімді және тұрақты болып тек жұмыс жасауға арналған болатын. Сол себептен Windows NT-де түрлі қателіктер өте аз кездеседі. Бұның себебі NT OS/2 сияқты өзінің барлық программаларын басқаруын қадағалап отырады. Windows 3. 1. 95/98/МЕ жүелерінде әрбір іске қосылған программа өзін басты санап және жедел жадтағы кез келген орынға ие болу үшін күресті, сол себептен операциялық жүйенің қызметі нашарлады.

NT бұл жағдайды кеңінен қарастырып әрбір программаға өзіне лайықты жедел жадтан орын береді. Бұл орындарда арнайы адрестер арқылы орнылысты. Бұдан бастап NT Windows 98 қарағанда компьютер ресурстарына кез келген программалардың мүмкіндігін шектеді. Бірақ NT - мен жұмыс жасаудан көптеген программалар бас тартты.

NT артықшылы жүйелік режимде жұмыс жасауда ғана, басқаша айтқанда кез келген компьютерлермен байланыс жасауда белгілі болады.

1998 жылдың аяғында Microsoft корпорациясы 1999 жылы шығуға болжаған Windows NT 5. 0. версиясы жаңа атпен, яғни, Windows 2000 шығады деп жариялады. Бірақ оның тек қана аты өзгеріп қоймай бұл операциялық жүйе тек бірлескен саудада емес, сонымен қатар үйдің дербескомпьютері болуы тиіс еді.

Slide 16

80-ші жылдардың ортасында UNIX операциялық жүйесі мини-компьютерлерде және инженерлі жұмыс станцияларында қолданылды.

UNIX дербес жүйе. UNIX жүйесі С жоғарғы деңгейдегі тілге жазылғаннан кейін, жаңа машинаға көшіру мәселесі жеңіл процесс бола бастады. Жүйені көшіруде алдымен С тілінен жаңа машина үшін компилятор жазу қажет болды. Содан кейін жаңа машинаның еңгізу-шығару құрылғысы үшін, яғни терминалдар, принтерлер және дискілер үшін құрылғылар драйверін жазу қажет болды.

UNIX операциялық жүйесі PDP - 11 машинадан ауыстырылған алғашқы компьютер -Interdate 8/32 мини-компьютері болыды. Мұнда, UNIX жүйесінда бүтін сандар 16-разрядты, адресі 16- битті, және негізгі айнымалыларды сақтау үшін үш регистр болды деген тұжырым пайда болды. Бірақ бұл тұжырымның біреуіде ақиқатты болғанжақ. UNIX жүйені ақиқатты етіп жасау үшін біраз еңбектену керек болды.

UNIX жүйесінде желімен жұмыс істеудің барлық жұмыстары екі машинаны қосудан басталды. Interdate - кейін UNIX жүйесі VAX-қа ауыстырылды, ал содан кейін басқа компьютерлерге ауыстырылды.

UNIX

Slide 17

1984 жылы АҚШ басшылары AT&T корпарациясын бөлгеннен кейін компания қаржылық инвестицияны компьютерлік өндіріске заңды салуды жүзеге асырды. Ұзамай осыдан кейін AT&T компаниясы UNIX жүйесінің бірінші коммерциялық вариантын нарыққа шығарды. Оның нарыққа шығуы аса сәтті болмады, сондықтан бір жылдан кейін ол жаңа версиясына ауыстырылды.

UNIX жүйесінің негізгісі - процесстер болып табылады. UNIX процесстері классикалық процесстерге ұқсайды. Әр процесс бір программаны жүктейді және басқарудың бір ағымын алады. Басқа сөзбен айиқанда процессте бір командалар счетчигі бар.

UNIX міндеті. UNIX операциялық жүйесі бірнеше процесстерді қолдайтын және бірнеше пайдаланушыларды бір уақытта қолду үшін өндірілген интерактивті жүйе болып табылады. Көп жағдайда программистердің көпшілігі бір жүйені құруда белсіп қызмет етеді, сондықтан UNIX операциялық жүйеде жалпы ақпаратпен бірігіп пайдалануды және программистердің бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

UNIX утилиттері. Пайдаланушы UNIX интерфейсі тек қабықшадан ғана емес, сонымен бірге стандартты қамтамасыз ету программалардан, яғни утилиттерден тұрады. Жалпы айтқанда бұл программаларды келесідей алты санатқа (категорияға) бөлуге болады:

Файлдар мен каталограрды басқару командалары;

Фильтрлер;

Программаларды өндіру тәсілдері;

Мәтіндік процессорлар;

Жүйелік басқару;

Әртүрлі.

Slide 18

Windows амалдық жүйесі және SCO Unix, Solaris немесе DOS сияқты коммерциялық АЖ басқа, Linux (Линукс) амалдық жүйесі де бар. Linux АЖ ашық жүйелер стандарттарын қолдайды және Unix, DOS, MS Windows жүйелеррлер мен бірге қолданыла алады. Бастапқы мәтіндермен қоса, жүйенің барлық құрамдас бөліктері еркін көшіруге және саны шектеусіз пайдаланушылар үшін орнатып пайдалануға берілетін рұқсатпен бірге таратылады.

Linux басқаруымен сан алуан, кәдімгі дербес компьютерле мен ноутбуктардан бастап, көп процессорлы өнеркәсіп серверлері, кластерлік есептеуіш кешендер, PDA және IBM компаниясы шығаратын қол сағаттарына дейінгі электронды жүйелер жұмыс істейді. Linux - қауіпсіз жүйе. Linux-ке лайықталған вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы серверлік болып табылады және Windows-машиналарда тіршілік ететін Windows-вирустарын аулауға арналған.

Linux - UNIX ұясына кіретін амалдық жүйе.

Slide 19

Жасаушы

Линус Торвальдс

ОЖ отбасысы

Unix

Алғашғы шығаруы

1991 жылы

Компьютерлік платформасы


Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйенің даму тарихы
Қолданбалы жүйелік программалар
Windows операциялық жүйелері
Операциялық жүйенің түрлері: Microsoft Windows, Lunix, MS-DOS ,Unix
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері
жүйелер, түрлері, қызметі
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮ ЙЕЛЕР
Тәуелсіздік әзірлеуші
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері (MS-DOC, NC, OS 2,UNIX, Windows)
Операциялық жүйелер туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz