Ортағасыр мәдениетінің христиандық типі



Ортағасыр мәдениетінің христиандық типі

Жоспары:
Христиандық мәдениетінің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері. Ортағасырларды дәуірге бөлу мәселесі.
Інжілдің мәдени тарихи мағынасы. Ортағасырлар мәдениетіндегі жан мен дене мәселелері. Формальді-ортағасырлар мәдениетінің басты ойлау тәсілі және оның иеархилылығы.
Монахтық және рыцарлық ордендер. Крест жорықтары, оның салдарлары, ислам мен христиан әлемінің өзара жүздесуі.
Патристика мен схоластика, араб-ислам философиясының ықпалы.

Орта ғасыр мәдениетінің негізгі міндеті - дінге қызмет ету

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі - мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Римимпериясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай қүлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды.

Христиандық ілімнің негізі - Иссус Христостың тірілгеніне, дүниедегілердің тірілетініне, қүдіретті «Үштіктің» бар екендігіне кәміл сену болып саналды. «Үштік» үғымы қүдайдай дәріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртүтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай- әке, құдай-бала, касиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос - әрі мәңгілік, өрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті.

Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен оңда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Шығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жаңдана бастады. Бүл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың қүдайлылық мәні туралы догматты жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ерестік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дінбасшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) түрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ерестермен қатар балгерлер, емшілер, көріпкелдер және т. б. қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, әсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ерестер дін бүзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мүндай қаңды процестер Батыс Еуропа елдерінде кең етек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквизиция оттарында өртелді.

Инквизиция соты

Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңызы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанүя қүрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғ. өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мөдениеттің орталығына айналды.

Томизм - (лат. Thomas -Фома) -Ф. Аквинский негізін қалаған, католицизм теориясындағы ағым. Еңбегі “Теология жинағы”

Фома Аквинскийдің пікірі бойынша бүкіл өмірдің жалпы түрі - Құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде еш нәрсе жоқ. Құдайдың бар екенін Фома 5 түрлі жағдаймен дәлелдейді.
Құдай мәңгі, ал жан денемен байланысты. Құдай өзгермейді, жан құбылмалы. Жанды құдаймен теңгеруге болмайды.

XII-XIII ғ. католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бүл кезеңнің ең беделді папасы Инокентий III (1160-1216 ж. ) болды. Папа дәрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын текқана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміңдегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шүғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды.

Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігіңде болды. Ал мүңдай индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.

Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: Vғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл - Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды. Орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды.

Роман стилі бірінші жалпы европа стилі болып саналады, ол VIII-XIIғ. ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін европалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Роман өнері жасаған негізгі құрылыс - қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған - рыцарьдың бекінісі, шіркеу - Құдайдың бекінісі және т. б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған.

Роман стилін XII-XIVғ. ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі.

Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа европа орталықтарында пайда болды.

Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады.

Орден (нем. оrden, лат. ordo - сап, дәреже, топ) - ' 1) Рим папасы бекітетін (6 ғасырдан) ерекше жарғы бойынша қызмет еткен монахтық, діни-рыцарлық бірлестіктер; кейбір құпия ұйымдардың атауы, мысалы, масон Ордені. Діни-рыцарлық ордендер Батыс Еуропада 12 ғасырдан құрыла бастады. Палестинада крест жорығы кезінде (Иоанниттер, Тамплиерлер, Неміс Ордендері) пайда болды. 13 - 14 ғасырларда Батыс Еуропа ордендер саны күрт көбейді. Кейбіреулері 10 мыңдаған рыцары, орасан зор жері бар қуатты ұйымға айналды (мысалы, Ливон, Тевтон ордендері) .

Крест жорықтары - иудей, христиан және мұсылман діндерін ұстанатың адамдар үшін қадір тұтылатын Қасиетті жердегі Иерусалимді бақылау үшін болған соғыстар. Түріктер христиан қажыларының Иерасулимге келуіне тыйым салғанда, Рим Папасы 1096 жылы бірінші крест жорығын жариялады. Бұл жорыққа бүкіл Еуропадан корольдер, әскерлер, тіпті балалар қосылды. Крест жорықтары сегіз рет болды. VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды.

Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермон қаласында (Франдия) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. ХалықтыВизантияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа катысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлылығы туралы да еске салды. II Урбанның қаһарлы сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, Құдай табытын азат ету үшін өмірлерін аямайтыны туралы ант берді. «Құдай осыны қалайды» деп айқайлап жүріп, сол жерде маталардан крест қиып алып, оны киімдеріне тіге бастады. Бұл христиан жауларына қарсы жорыққа аттанушының белгісі болды.

Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.

1099 жылдың шілде айында кескілескен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Кресшілер қалада шектен тыс баскесерлік жасады. Олар әйел-еркек, бала-шаға, кемпір-шал демей, қала халқын шетінен қыра бастады. Тіпті жас балаларды басын тасқа ұрып өлтірді. Қала халқының үйлерін мүліктерімен қоса кресшілер иемденіп алды. Кресшілер Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы шағын жерде өз мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі ең бастысы Иерусалим корольдігі болды. Еуропалық басқыншылар ол мемлекеттердің халқын зорлықпен басыбайлы шаруаларға айналдырды. Оларға бұрын-соңды болмаған ауыр алым-салық салды. Батыс Еуропа феодалдары жаулап алынған елдердің халқын қанды қырғынға ұшыратты, зорлық-зомбылық жасап, құлдық езгіге түсірді.

1212 жылғы балалар жорығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz