Реформация философиясы



Реформация философиясы Қайта жаңғыру

Реформация (лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс.
Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.
Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-католиктік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.

Реформацияның басталуы
Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең - Реформация дәуірі болып саналады. Реформация - XVI ғасырда алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі - христиан дінінің жаңа үшінші бағыты - протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні - оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші - идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты.

Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы - католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтып, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан» жасауға дайын тұрды.
Бұл реформалардың негізгі мақсаты - жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқаңдардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бұл саясаты протестанизммен ашықтан-ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты.

Антропоцентризм
[грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады.

М. Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П. Боранецкийдің тұжырымдамасы) . Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз бар¬лық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған) . Тоталитар¬лық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.

Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ. ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды.

Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет) . Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.

Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705) . Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.

Натурафилософия (табиғат туралы философия) . Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.
Гуманизм (лат. humanus - иманды) - адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері - Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф. Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т. б. - зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Қайта өолей дәуірі философиясының негізгі белгілері:
- антропоцентризм және гуманизм - адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
- шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу) .
- кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса
- Назар аудару;
-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну;
- тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;
- әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.

Николай Кузанский
(1401-1464 ж. ж. ) - схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды.

Галилео Галлилей
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz