Саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Сабақтың мақсаты: туризм үшін қауіпсіздіктің маңызын ашып көрсету, белсенді туристік саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне сипаттама беру.

Slide 4 Slide 5

Туристік іс-шараларды (саяхаттар, жарыстар және т. б. ) ұйымдастыру, дайындау және өткізудің жалпы жүйесіндегі кең ауқымды жұмыстар кешенін орындау туризммен айналысудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып түсіндіріледі.

Slide 6 Slide 7

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың қажеттігі, туризм түрінің ерекшелігі, бағыттардағы нақты жағдайлармен және туристтердің басында болатын қайғылы оқиғалар статистикасын ескере отырып айқындалады.

Slide 8

Белсенді туристік саяхаттардағы қайғылы оқиғалардың талдауы, шартты түрде төрт топқа бөлінген себептермен олар орын алатындығын көрсетті:

Себептердің 1-тобына, туристік маршрут өтетін аймақтың табиғи ерекшеліктері жатады (теңіз деңгейінен биіктігі, күрделі рельеф, жағымсыз табиғи жағдайлар, қауіпті жануарлар мен жәндіктер және т. б. ) ;

2-топқа туристердің жеткіліксіз материалды-техникалық қамтамасыздығымен байланысты себептер жатады.

3-топқа туристік саяхатты ұйымдастырудағы кемшіліктермен байланысты себептер жатады.

4-топты және ең таралған себептер тобын, туристердің медициналық сауатсыздығы, тәжірибе және тактикалы-техникалық дайындықтың аздығы, тәртіпті сақтамаулары құрайды.

Slide 9

Туристер Іле Алатау жотасының орталық бөлігіне көп барады, нақты айтсақ, Талғар шыңының массиві, Үлкен және Кіші Алматылық өзендер бастауын. Мұндағы құламаның орын алуына үлкен көлемдегі қар жаууы, бұрқасын, еру, жаңбырлар себеп болады. Тау бетінде жинақталған қар өзінің күші қысымымен төмен қарай жазық жерге ұмтылады. Оған қар қалыңдығының ішіндегі жабысу күштері қарсылық білдіреді. Тепе-теңдік жаңа қардың жаууымен бұзылады.

Slide 10

Құлама қар жауудың кезінде, сондай-ақ, одан кейін 1-2 күннен соң орын алуы мүмкін. Үзілу әдетте ескі қар мен жаңа қардың қосылған жерінен болады. Үзілген жаңа қар қозғалыс кезінде өз артынан тығыз ескі қарды алып кетеді. Мұндай құлама 100 км/сағатына дейінгі жылдамдыққа қол жеткізеді, құлау ауа толқынымен ілеседі, оның бұзу күші керемет және құлама тоқтағаннан кейінде күшін сақтайды. Адам дене жарақатын алмаса да, қар шаңында тұншығып қалады.

Slide 11

Қардың еруі немесе қар бетіне жаңбырдың жаууы қар құламасы қауіпсіздігінің пайда болуының нық белгісі. Оңтүстік циклондардың келуімен пайда болған үлкен қар жауулар, соның салдарынан норманың 2-3 есеге артуы жағдайлар орын алып тұрады. Адам өлімдері орын алған.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Су тасулары туристер үшін үлкен қауіп төндіреді. Су тасқыны су, саз, тастар араласқан, қысқа мерзімді таулы ағысты білдіреді, ол 3-5 м/сек және одан жоғары жылдамдықпен 10-20 метр (кейде 40-50 метрге дейін жететін) дейінгі биіктікпен жеке толқындармен қозғалады.

Slide 15

Қазақстаннның таулы аймақтарында су ағыстарының пайда болуы жылдың жылы мезгілінде (мамыр-қыркүйек айларында) орын алады. Су тасқындарына себеп болатын жағдайлар:

Су тасқыны қауіпі бар бассейнде жалғаспалы құйма жаңбырларының өтуі;

Су тасқыны қауіпі бар өзен бастауында ауа температурасының күрт және жалғаспалы көтерілуі, ол теңізді көлдердің толуы және олардың тасу қауіпін тудырады;

Көлдегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның үстінде көл тосқауылы (дамбаның) бұзылуын білдіретін қуыстың қалыптасуы;

Дамбаның бұзылуына әкелетін жер сілкінісі.

Slide 16

Су тасқынының таянуы туралы келесі белгілерден білуге болады:

Су тасқыны қауіпі бар өзен арнасында тоқтауы немесе күрт азаюы;

Шудың пайда болуы;

Су тасқыны шаятын тастардың топыраққа ұрылуы;

Су тасқынының алдында толқынның соғылысуынан қалыптасатын, сазды шаң бұлтының қалыптасуы.

Судың саздануы.

Slide 17

Егер су тасқыны туристерді өзен арнасында жетсе, онда тау көтерілісі бойынша 50-70 метрдей жерге өзен арнасынан жоғары қарай жүру қажет, мұнда тік құздар мен ілмелі жартастардан әрі болу қажет, себебі тас құламасы орын алуы мүмкін. Су тасқыны тоқтаған соң қайтара өзен арнасына түсуге болмайды - бірінші толқыннан кейін екіншісі болуы мүмкін. Қалайда таулы маршрутқа шығар алдында таулы аймақтағы жағдай туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан қарастыру қажет.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің менеджменттік жүйесі
Азық - түлік қауіпсіздігі жүйесінің компоненттері
Метрология объектілері
АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ СРС
Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер
Корпоративтік желілерді қорғау
АЗЫҚ - ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Өсімдік құрамындағы белсенді заттарды анықтау
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Азық - түлікті таңдау, сақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz