ТАНЫМНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



ТАНЫМНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Философияның негізгі мәселелерінің екінші жағы - біздің дүниеге қатынасымыз. Оны танып-білуге бола ма әлде жоқ па деген сауал. Бұл жөнінде де философтар екі бағытқа бөлінеді. Біреулері дүниені тануға, білуге болады десе, екіншілері дүниені танып, білуге болмайды дейді. Екіншілерін агностиктер дейді. (гр. gnosis - таным, а -жоққа шығару, кереғарлық, екеуі қосылып тануға болмайды деген ұғым тудырады) . Оған жататындар: И. Кант, Д. Юм, Э. Мах, Р. Авенариус. т. б.

Гносеология -(гр. gnosis) таным туралы ілім ретінде әлемді тануға болатындығына күмән келтірмейді.
Гностицизм - танымның бүгiнi мен ертеңiне оптимистiк түрде қарайды.
Агностицизм (гр. agnostos - а - жоқ, терiске шығару, gnosis- бiлiм) - танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін толық немесе ішнара теріске шығаратын ілім.


Мәселен, И. Кант дүниені тануға болмайтындығын былай түсіндіреді: су құйылған стаканға қалам салсаң, ол сынық сияқты болып көрінеді. Өмірде де солай, біздің түсініктеріміз объективтік шындықты дәлме-дәл емес, өзгертіп көрсетеді. Сондықтан біз дүниенің шын мәнін біле алмаймыз дейді.

Д. Юм агностицизмін былай дәлелдейді: тынық су бетіне тас тастасақ, дөңгелек толқын, шеңбер пайда болады. Дөңгелек іші -біздің білетініміз, оның сырты - біздің білмейтініміз. Егер су бетіне үлкен тас тастасақ, үлкен дөңгелек пайда болады. Дөңгелек шеңбері бұрынғыдан да ұлғаяды, яғни әлгі тәртіппен білетініміз көбейеді. Сөйтіп, тануға талпыныс күшейген сайын білгеннен білмегеніміз арта түспек.

Адам - тану арқылы білімін кеңейтеді. Таным дегенiмiз - өмiр шындығын жай селқос аңғарып қана қою емес, оны қызу түрде мақсатқа сай бейнелеу, iс-әрекетке араластыру. Білім ақпаратқа байланысты, ал адам білімі ақпараттан алынады. Ақпаратты білімге айналдыратын, адамның сезімі мен ақыл-ойы. Біздің танымымыз үшін субъект қана қажет емес, сондай-ақ объект қажет. Олар бір-бірімен өзара әрекетке түседі.


Сана танымның нәтижесі ретінде екі дәрежеде қаралады:

Философия тарихына үңілсек, бiлiмдi сезімдік дәрежемен шектеу немесе сенсуализм (лат. sensus - сезім, түйсік) жаңа заман философы Джон Локктан басталады. Ол: «Ақылда ештеңе жоқ, білім тек сезім арқылы өткенде пайда болады» - деген ілімін ұсынған. Локк: “Әуел баста сезiмдерде болмаған нәрсе парасатта болмайды”, - дедi. Локктың бұл ілімін өзінен гөрі, оның жолын жалғастырушылар терең зерттеді. Олар XVIII ғ материалистері Дидро, Гольбах, Гельвеций болды.

Эмпиризм (гр. empeiria - тәжірибе деген сөз) - бiздiң бiлiмiмiздiң қайнар көзi - сезiмдiк тәжiрибе, адамның түйсiктерi мен қабылдауларынан пайда болған деректердi ретке келтiредi.

Сезімдік дәрежеде болатын құбылыс үш түрлі болады:

Түйсіктер біздің барлық білімдеріміздің қайнар көзі. Олар сезім мүшелері арқылы - көру, есту, дәм, иіс, терімен сезіну ретінде пайда болады: көру - әртүрлі түр мен реңін, жарықтың күштілігін, т. б. толып жатқан қасиеттерін айырады.

Сезімдік танымның күрделі түрі - қабылдау. Ол жеке заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісін, бағытын толық бейнелейді. Қабылдау жеке адам білімінің дамуында, танып-білу барысында ерекше саты болып табылады.

Елестету - қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын болған оқиғалар мен заттардың сезімдік бейнесі.

Сезімдік таным секілді ойлаудың да формалары бар


Пікір немесе пікірлесу. Бір зат туралы бір нәрсені мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ойлар - бейне, ұғымдарды салыстыру.

Ой қорыту - пікірлердi жинақтап, топтастыру нәтижесiнде жаңадан туатын ойлардың тиянақты жоғарғы формасы.

Түсіну және түсiндiру. Жетілген сананың болуы үшін оны түсіну керек.
Түсіндіру - ұзақ және көп қиындығы бар процесс. Түсіндіру білімнiң бір мөлшерiнен екіншіге ретпен көшіп отыруын талап етеді.

Ғылыми танымды зерттейтін философия бөлімі ЭПИСТЕМОЛОГИЯ деп аталады.

Ғылымның қоғамдағы рөлі
Қоғамды ақпараттандыру - ақпаратты қоғамда тарату, сақтау және өндіру үрдісі.
Ақпараттандырудың тарихи формалары

Техниканың адамзатқа тигізер әсері


Шығармашылық және интуиция.
Интуиция - адамның есінде толып жатқан құбылыстар, санасыз қатынастар мен бейнелер болады. Бұл құбылыстарды жүйеге келтіру арқасында үлкен ғылыми, мәдени жаңалықтар ашылады.
Шығармашылық- дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi.

ИНТУИЦИЯНЫ КЕЛЕСI ФАКТОРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ:


Ақиқат - алған білімнің шындыққа сәйкестігі. Егер сәйкес болмаса, білім жалған.


Философиядағы ақиқат туралы ұшқыр ойлар:




Ғылыми танымның деңгейі екеу



Методология - (әдіс, - сөз, түсінік, ілім) адамның теориялық және практикалық қызметіндегі принциптік жүйелері, ұйымдастыру тәсілі туралы ілім.

Ғылыми таным әдістерінің үш түрі бар:

І. Эмпирикалық зерттеу - объектіні сезім мүшелерімен, приборлармен қабылдау, қадағалау.


ІІ. Теориялық және эмпирикалық деңгейде қолданылатын әдістер.



Зерттеудiң iшiндегi ең қарапайым әдiс - идеализациялау. Нақты объектiнi танып- бiлу үшiн, идеализацияланған объектiмен ауыстырылады, ал оны қолданғанда қайсыбiр заңдылықтар қарапайым түрге ие болады. Геометрияда қарастырылатын объектiлердiң барлығын - түзу сызықты, квадратты, шарды, т. б. идеализацияланған объектiлер ретiнде қарауға болады.

Формализация. Қазiргi заман ғылымдарында ең көп қолдау тапқан формаландыру әдiсi - бiлiмнiң кейбiр салаларында жасанды тiлдердiң көмегiмен формальданған жүйеде зерттеу. Мысалы, формальданған тiлдер - химия, математика, логикада қолданады.

Модельдеу - ол нақты бар немесе ойланған не болмаса жобаланған объектіні (жүйені), сол объектінің (тұпнұсқаның) құрылымы мен қызметінің негізгі ерекшеліктерін бейнелейтін модель (ұқсас нәрсені) жасау жолымен материалдық немесе идеалдық жағынан тексеру.

Аксиомалық (гр. axioma - мақұлданған қағида) - дәлелдеуді керек етпейтін ғылыми шындық.

Ғылымды сипаттау үшін

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz