Тұтынушы әрекетінің теориясы




Презентация қосу
Тұтынушы әрекетінің
теориясы
1.Пайдалылықтың мәні және функциясы.
Жалпы және шекті пайдалылық.
Пайдалылықтың сандық теориясы.
Пайдалылықтың реттік теориясы.
2.Кеміле пайдалылық қағидасы.
Талғамсыздық қисықтары. Талғамсыздық
қисықтарының қасиеттері.
3.Бюджеттік шектеулер. Бюджеттік қисықтың
теңдігі. Бюджеттік қисық. Бюджеттік
қисықтың иілуі. Тұтынушының тепе-теңдігі.
• Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның
қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру
қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты
субъективті (жеке) қажеттіліктерін
қанағаттандыратын қасиеттерінің бары.
• Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай
да болмасын тұтынысын қанағаттандыру
қабілеттілігі.
• Қабілеттілікке кез келген игіліктер ие,
экономикалық немесе экономикалық емеске
бөлінеді.

• Экономикалық емес игіліктерге жалпы
пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және
т.б.
• Экономикалық игіліктерге белгіленген
тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын
ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң
олар жарамды болып саналады.
• Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге
болады деген сұрақты маржиналистік
мектебінің өкілдері қойды.

• Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа
бөлінді
• кардинализм
• ординализм
• Тарихи 1 мектеп – кардинализмнің оқуы
бойынша – пайдалылықты кез-келген
экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды
түрде өлшеуге болады, ол үшін оның
ғылыми болжамды өлшеу бірліктері
(ютильдер) енгізілді.
• Тұтынудың ординалистік теория мектебі
тұтыну қасиеттері бойынша балама
тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты
тұтыну мінез-құлық қағидаларын,
ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп,
қисынын келтірген.
2
• шекті пайдалылық
• жалпы пайдалылық
Тауар пайдалылығы:
• Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген
игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан
пайдалылықтардың жинақталған сомасы.
Ол TU – total utility деп белгіленеді.

• Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен
тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі
шекті пайдалылық деп аталады.
Шекті пайдалылық – қосымша
пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен
қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып
тұрады.

Бұл қағиданы 1854 жылы неміс
экономисті әрі математігі
Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген,
сондықтан ол Госсеннің бірінші
заңы деп аталады.
• Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау
қажеттілікті қамтамасыз етуін
экономикалық емес, психологиялық
себептермен байланыстырады
• Оңтайлы, тиімді таңдаудан басқа
кез келген тұтынушының өз
ұнатымдары болады.

• Осыған сәйкес функционалды
және функционалды емес
сұранысты айырады. Оларды ең
алғашқы болып американдық
экономист Х.Лейбенстайн
талдаған.
• Функционалды сұраныс – тауардың
тұтыну қасиеттерімен, оның
пайдалылығымен себептелген сұраныс.

• Функционалды емес сұраныс – басқа
факторлармен, ең алдымен пайдалылыққа
сыртқы ықпалдармен себептелген сұраныс.
• Бұл сұраныс 3 құрауышқа бөлінеді:
• 1. Көпке қосылу әсері, көппен болу
себебінен туған сұраныс, бұл тауарды
басқалар сатып алса, мен де олардан
калмаймын деген тілек.
• 2. Сноб әсері, яғни «топтан
ерекшелену» тілекпен
себептелген сұраныс. Ол «көпке
қосылу әсеріне» қарсы бағытта
әрекет жасайды.
• 3. Веблен әсерімен себептелген сұраныс,
яғни жұртқа көрсету, мақтану үшін
туындайтын сұраныс.
• Тұтынушы реттік салыстыруында
басшылыққа алатын заңдылықтарды
анықтау үшін ординалистер тұтынушылар
ұнатуларының қалыптасу жалпы
қағидаларын баяндайтын аксиомаларды
(ғылыми айқын шындық) әзірлеген:
• 1. «Толық тәртіпке келтіру» аксиомасы.
Оның мәні: тұтынушы игіліктердің барлық
жиынтықтарын реттеп, таңдап,
салыстырады (А жиынтығы, В немесе С
жиынтығы), осындай салыстырудың
нәтижесінде біреуін не бірнешеуін
таңдайды, тіпті ешқайсысын да алмауы
мүмкін.
2. «Транзитивтік» аксиомасы – егер А
жиынтығы В жиынтығынан ұнатымдылау, ал
В жиынтығы С жиынтығынан ұнатымдылау
болса, А жиынтығы С-дан ұнатымды; егер А
және В бірдей, тең болса (парықсыздық
тудырса), В жиынтығы С тең, ал А = С, егер
А ұнатымды болса, В = C, онда А жиынтығы
С ұнатымдылау
3. «Қанықпау» аксиомасы – игіліктердің
сапасы олардың жиынтығын (себетін)
салыстарғанда тапсырылған шама
болғандықтан, сандық белгісіне бағытталып
(бағдарланып), тұтынушы біреуін таңдап
алады, егер А жиынтығы В жиынтығынан 1
тауар позициясы (орны) бойынша сан
жағынан артықшылығы (басымдығы) болса,
он ұнатымдылау болып келеді.
• 4. «Рефлексивтік» (сыртқы әсер арқылы
пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің
2 жиынтығы бірдей болса, олардың
пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы
олардың әр қайсысы басқасынан кем
еместігін табады.
• Талғаусыздық қисық сызықтары – қисық
сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің
жиынтығы бар, олардың пайдалылығы
бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын
таңдаса да бәрібір.
• Талғаусыздық қисық сызықтарының
картасы – тұтынушы талғаусыздығы
қисық сызықтарының толық жиынтығы
оның барлық ұнатымдарын көрсетеді
• Картада талғаусыздықтың басқа қисық
сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан
талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы
үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын,
көптеу пайдалылығы бар тауарларды
көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық
сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып,
ешқашан қиылыспайды.
Мына мысалды қарайық: майы
көп, бірақ наны жоқ адам нан алу
үшін майдың жартысын, бөлігін
беруге дайын. Нанды қайта-қайта
айырбастаған сайын май азая
береді де, енді айырбасталған
майдың әр бөлігінің құндылығы
өсе береді, ал айырбасталған
нанның әр бөлігінің құндылығы
түседі.
Тұтынушының бюджеттік шектеуі

• I – X және Y тауарларын сатып алу үшін
шығаратын тұтынушының табысы
• PX және PY – X және Y тауарлардың бағасы дейік.
• Егер тұтынушының барлық табысы
Х тауарға кетсе, ол тауарды I/PX
көлемінде (саны) сатып алуға
мүмкіндігі бар, осыған сәйкес,
егер барлық табыс Y тауарға
жұмсалса, ол I/PY тауарды сатып
алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік
сызықтың енкіштік бұрышы Х
тауар бірлігі бағасының Y тауар
бірлігі бағасына деген
қатынасымен анықталады.
• Егер бюджеттік шектеу сызығын талғаусыздық
қисық сызықтар картасына көшірсек,
тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін)
аламыз
• Алынған графиктегі Е нүктесі – бюджеттік
сызық сәйкес талғаусыздық қисық сызығына
тиіп тұрған нүкте. А және В нүктелері тепе-
теңдік шартын қанағаттандырмайды, өйткені
олар құрылымы бойынша оңтайлы емес
жиынтықтарды ұсынады. Тұтынушы үшін
оңтайлы, оның бюджетіне сәйкес, қолы
жететін жиынтықта Х тауарларды ң ХЕ бірлігі
және Y тауардың YЕ бірлігі бар.
Талғаусыздық қисық сызығының және
бюджеттік сызықтың еңкіштік бұрыштары Е
нүктесінде дәл келеді.

Ұқсас жұмыстар
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ МОДУЛЬ ФАРМАЦЕВТ - МЕНЕДЖЕР
Игіліктің пайдалылығы
Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі үдеріс
Философиядағы таным мәселесі
ҚАЗІРГІ МИКРОЭКОНОМ ИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯС
Шетел тілдерін оқытудың психолингвистикалық мәселелері
Бұлтты және мобильді технологиялардың мысалдары
Қазақстан Республикасының салықтары.Салық жүйесі
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ
Пәндер