Философиялық антропология




Презентация қосу
Философиялық
антропология


Гректің антропос – «адам» және логос
«ілім» сөзінен құралған, антропология
дегеніміз – адам туралы ғылым.
Антропология адамның табиғи құрылысын,
оның бейімдері мен дағдысын, тілін,
өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.
Антропологияның үш маңызды
бағыты бар
Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі,
адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік
иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта
адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің
өзара байланысына назар аударады.
Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен

адамдардың қаңқасы
тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы
мен бассүйектерін
адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен
қазіргі

нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр
халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін
анықтайды.
Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым
адамның табиғи  өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі
нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.

Адам - философияның өзекті, байырғы және өте
маңызды мәселесі. Философияның адам
мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі
антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы
– «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы
толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында
көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға
болады. Сондықтан
да соңғы жылдары
адамтану ғылыми танымның ерекше саласы
және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады.
Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас
жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері
мен құбылыстарының өзіндік рухани –
практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде,
көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.
Философтар адам туралы ерте заманның өзінде ойлана
бастаған. Адамтану- философияның басты мәселесі.
Оның күрылымы Сократтың «өзіңді таны» деген сөзінде
көрініс тапқан. Олар «адам-дүние» деген
дүниетанымдық қатынастың адамның табиғатқа, басқа
адамдарға, адам қолымен жасалған жасанды тіршілік
ортасына деген қарым-қатынасынан күралады.
Адам философиясының негізін салушы Сократ деп

танылған. Ол өзінің философиялық түсініктерінің негізі
етіп адам болмысының мәні мен мағынасын қойған
болатын. Содан бері адам мен оның не үшін
жаратылғандығы туралы әр түрлі көзқарастағы
көптеген философтар айналысты. Антропологиялық
мәселе коне дөуірлерден XVII—XVIII ғасырларға дейінгі
үзақ уақыт бойы толығымен философия аясына
жатқызылды. «Антропология» терминінің езін адамды
зерттейтін философия белігі ретінде Аристотель алғаш
рет айналымға енгізген болатын.

Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас
жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық
мәндік қасиеттері мен құбылыстарының
өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің
біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап
жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен
мәні туралы сұрақ философия тарихындағы
барлық ілімдерде
орын алған. Адам
проблемасын философиялық зерттеудің негізгі
өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм,
персонализм және философиялық
антропологияның басқа да көптеген
ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ,
герменевтика, структурализм, аналитикалық
философияда, социобиологияда адам
тақырыбы көрнекті орын алып отыр

Философиялық антропология – адамның 
мәні, құрылымының мәні туралы ғылым.
Оның қоршаған әлемге, барлық заттың
негізіне, болып жатқандардың
метафизикалық мәніне және оның

әлемдегі физикалық,  психологиялық жеке
рухтың пайда болуына қатынасы оның
биологиялық психикалық, рухани —
тарихи және әлеуметтік даму
заңдылықтары туралы ғылым.
Адам проблемаға айналған кезде адам «адам
деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа
тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген
мәселелермен ойланған кезде философиялық
антропология іргелі және орталық
философиялық ғылымға айналады. Fылымның
қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық

факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да
маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму
өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы
орайда адамның жоғары ұйымдасқан
жануарлардан басты айырмашылықтары
туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін
еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру
туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми
картинасында антропогенез үдерiсi көп
жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл
жағдай «адам феноменiн» тамаша
зерттеушi, атақты француз философы,
биологы, палеонтологы және антропологы
Пьер
Тейяр де Шарденнiң мынадай
сездерiмен түсiндiрiледi: адам
«эволюцияның өзегi мен шыңы» болып
табылады және «адамның кiлтiн табу,
демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол
қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн
бiлуге ұмтылу деген сөз».
Назарларыңызға
Рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі
Философиялық антропология жайлы
ФИЛОСОИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ
Ежелгі грек
Мәдениеттану
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модерациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Саясат философиясы
Христиандық антропология
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Философиялық танымның құрылымы
Пәндер