Философиялық антропология жайлы



ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ

Жоспары:
1. Филосфиялық антропология. Адамның философия тарихындағы негізгі бейнелері. Адамды табиғи мақұлық ретінде натуралистік тұрғыдан түсіндіру.
2. Адам табиғатын түйсінудің әлеуметтанулық стратегиясы және марксизмнің адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастыруы.
3. Европа философиясындағы антропологиялық дағдарыс: Фрейд, Ницше, Фуко және басқалары. Философиялық антропологиядағы адамның «синтетикалық» концепциясы: М. Шелер, А. Гелен, Г. Плеснер .
1. Адам болмысының әлеуметтік-мәдени негіздемелері. Қызмет - адамның мәндік сипаттамасы. Материалдық-заттық қызмет болып табылатын практиканың адамның қалыптасуындағы рөлі.
2. Әлеуметтену, білім алу, коммуникация және олардың адамның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі.
3. Адамның субъективтілігі және тұлғаның экзистенциалдық сипаттамалары. Мән және өмір сүру: еркіндік және жауапкершілік. Философия тарихындағы өмірдің мәні мәселесі. Қазіргі адамзаттың рухани тәжірибесіндегі өмір, өлім, ажалсыздық.

Адам туралы ілімді антропология деп атайды.
«Адам» деген ұғым - адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.

Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді. Ол адам мәселесін екі жақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан сорақы сұмдық мүмкін емес», - деді.

Діни - этикалық ілім - буддизм, адам мәселесін ең жоғарғы биікке көтеріп, өмірді түгелдей соған арнау жайында баяндайды

Қытай философиясында Конфуций СЯО-ға (ұлдың сый-сияпат көрсетуi, әке -шешені және үлкендерді сыйлауы), ең икемді әдіспен үлкен отбасын, елді басқаруға, этикет, әділеттік пен мінез-құлыққа ерекше көңіл аударады. Конфуций ең алғашқы болып «Өзіңе қаламағанды басқаларға қалама», - деп, ең басты моральдік-этикалық принципті өмірге әкелді.

Даосизм, оның негізін салушы Лао-цзы бойынша, Дао (жол) - көрінбейтін, барлық жерде бар, өзінен өзі пайда болатын табиғат, заңдылық, оған жеке адамның мінез - құлқы мен ойлары да жатады. Адам өмір бойы дао принципін ұстануы керек, адам өз мінез - құлқын табиғатпен бүкіл әлеммен келістіруі керек.

Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады. Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ қойды.
Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен өткiншi дене қосылады. Жан - денесіз идея әлеміне жатады.

Аристотель «Адам қоғамдық (саяси жануар) хайуан, тек ақылы бар» - деп, ал құлдарды адам деп санаған жоқ, «сөйлей білетін жануар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты әкесінің баласына қайырымды болуы міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептелінеді, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді.

Христиан дінінде адам ұғымы, Құдай бейнесінде қаралады. Адамды бағалауда ақыл-ой емес, жүрек негіз болады.



«Адам мәні - Маркс айтқандай, оның сақалы мен бойында емес, оның әлеуметтік орны мен атқаратын ісінде».

Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?
1. Еңбекке икемделген өзгеше денесі мен келбетi бар.
2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.
3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар.
4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.
5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.

Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үш жақты мағына:




Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни, онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ қуану, қайғыру; балажандық, ананы сүю, махаббат, әділеттілікті ұнату сияқты адами қасиеттер болады.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атынан лайық, ізгі, мейірімді өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзімен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Абай философиясының негізгі мәселесін Батыстағыдай сана мен материаның, болмыс пен ойлаудың арақатынасы түрінде қабылдаған жоқ, бұл оның жалпыадамзаттық көзқарасын айқындап берді. Ол үшін философияның негізгі және басты мәселесі-адам. Бұдан оның философиялық жүйесінің антропологиялық сипатын шынайы адамөз дүниетанымының тірегі еткенін көреміз. Абай адамды бүкіл дүниенің қуатты қайнар көзі деп білді, сондықтан оны бүкіл философияның мәні мен шыңы деп таныды. Ол тіптен адамды құдайға бағалап және жеке адамды жан-жақты жетілген әмбебап, толық адам деп қарастырды.


Өмір мәні. Өмірдің мәні. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», - деп жауап беретін болар.

Өмір. 1. Алланың ең қымбат сыйы
2. Көк аспан мен жарық күн
3. Ұзақ жол
4. Қуаныш пен қайғы
5. Ащы мен тәтті

1. Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емеспе? Менің өмірлік тұрғым басқа, - дейді біреулер, - өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салу керек. Аузың барда асап қал. Киін. Сауық құр. Қайсысы дұрыс?

2) Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы (Эвдемонизм) . «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.

Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа. Күндердің күнінде белгілі бір өткелге жеткен кезде кез келген адам баласын «Адам не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы.

Психология ғылымының ғұламалар былай дейді. Кез-келген істі атқарып, оны соңына дейін жеткізіп жасағанда оның мәні мен мағынасы адамның жүрегіне айқын сезіліп тұрмаса пенде ол істен міндетті түрде жалығады. Адамның басқа мақұлықтардан айырмашылығы сонда мәні кеткен, мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, ақырында мезі болып, ол істен түбегейлі бас тартады. Мән мен мағынаны тауып, сезу жолында тазалық пен әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам жанының қалауы сол. Адамның өміріне лас заттар көп араласа беретін болса, адамның денесіндегі таза, пәк жан жаман күнәләрға белшеден бата беруден бас тартып қашады.

Ерте замандарда адамдар сауаты саяз, ілім-білім болмаған кезде «өмірдің мәні не?» деген сұраққа онша терең бойлай алмаған. Ол кезде оларға мағына туралы емес, «өзіңнің Жаратушы алдындағы міндетің туралы ойлан», деп үйрететін. Яғни «Құдай сені о баста жаратып, маңдайыңа тағдырыңды қашап жазып берген. Сен сол соқпақпен жүре бер», дейтін.

Келе-келе адамзаттың сана-сезімі өсіп, жерге жол көрсетуші киелі кітаптар түсіп, пайғамбарлар дүниеден озып, қоғамда сауатты, саналы адамдар көбейген кезде Құдай «мені не үшін жаратты?» «Тағдырымның мәні не?»-деген сұрақтармен басы қата бастады. Осылайша «өмірдің мәні» деген ұлы философия алдыңғы орынға шықты. Бұл сұраққа Ү-ІҮ ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру» деп жауап берді. Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер. Бұл көзқарасты ғылымда «гедонизм» деп атайды. Гректің «хедоне» «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте өміршең болып шықты. Күні қазіргіге дейін өмірдің мәнін осылай кері түсіндіретін саяз адамдар қоғамда жетіп артылады.

Ұлы Сұрақтың жауабын көп іздеп, еңбектенген, сол арқылы қоғамға жаңалық әкелген данышпан - Лев Толстой болды.
Ақылман Толстой жас жеткіншектерге арнап жазған «Өздеріңе сеніңдер» деген өсиетінде, «Балалықпен қоштасқан соң саналарыңды «Мен кіммін? Мен бұл өмірде не істеп жүрмін?-деген сұрақтар мазалағанда, бұл сұрақтардың жауабын таба алатындарыңа сенімді болыңдар. Он бес жасымда осы сұрақтар алғаш рет мені де мазалап бастағанда өз бетімше жауап беруден қаймыққам. Айналамдағы адамдардың тынымсыз қайталай беретін қате пікірін мен де еріксіз қабылдағам. Осы қате қадамның азабын өте ұзақ тарттым.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz