ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ЕВРОПАНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Презентация қосу
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ
ЕВРОПАНЫҢ
АҒАРТУШЫЛЫҚ
ФИЛОСОФИЯСЫ
ХV-ХVІІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде
феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік
өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыдан бастап, тап
ретінде буржуазия дүниеге келді. Ол феодалдық
құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды
орнатуды мақсат етті. Айталық,15 ғасырда Нидерланды, 17
ғасырда Англия, 18 ғасырда Франция революциялары
бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Дүниеге келген
жаңа тап-буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет
етті,схоластиканы қатты сынға алды. Ең алдымен олар
схоластиканың басты кемшілігі-тәжірибеден бас
тартып,бақылау,эксперименттерге сүйенбейтін
шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауға
негізделген,жалған,тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.Бұл
жаңа тап материализмге сүйенді. Бірақ ол метафизикалық
материализм болатынды.
Франсуа Мари Вольтер – француз
ағартушылық заман философы.
Виктор Гюгогның айтуынша ол: “Ол
адамнан да асқан, ол ғасыр ға тең”.
Вольтердің философиясында оны ң
Құдайға және дінге деген қатынасы
ерекше орынды алады. Вольтердің
айтуынша : “барлық қозғалыс,
тәртіп, өмір өздігінен жаралса ол
абсурдпен тең”, тек бір қозғалысты
ақыл тудырған, сондықтан құдай
бар.”Біз ойлай аламыз, сонды қтан да
жоғарғы ақыл да бар. Ойлау
материяға тән емес, сондықтан
адам бұл қасиетке Құдайдан ие
болды”.
Вольтер діни фанатиктерге қарсы
болған, олар қоғамға атеисттерден де
қауіпті болып табылады.
Вольтер діни тәртіпсіздікке қарсы.
Вольтер фанатизмді атеизмнен де зор қауіп
екендігін айтып кетті. Атеизм қылмысқа
қарсы, ал фанатизм болса оларды үндейді.
Вольтердің пайымдауынша: “Атеизм кейбір
ақылды адамдардың бағыты, ал фанатизм –
ақымақтардың, сонымен қатар атеисттер
көбіне батыл, әрі шатасқан ғалымдар” деп
негіздеді.
Вольтер материалистік бағытты ұстана
отырып, Декарттың дуализміне қарсы
болды. Жан мәңгілік еместігін негіздеді.
Ойлау мен сезім – құдыретті күштің
бізге берген сыйы, әрі менің ойларым
менен емес, құдай арқылы шығады,
сондықтан мен маған ойлауға
көмектесетін Құдай алдында бас иемін
(бірақ қалайша ойлайтынымды да өзім
білмеймін) деп айтып кеткен.
Біздің барлық өміріміз Құдіретті күштен
берілген “рахаттану мен азаптан”
тұрады, бірақ біз өз азабымыздың себебі
бола алмаймыз. Өмірдегі барлық іс-
әрекеттер өзіне деген махабаттан
туындайды. Адам өмірі қоғамдағы
заңдар мен дін арқылы реттеліп
отыратындығын да атап өтеді.
Жан Жак Руссо – Ағартушылық
заманның көрнекті өкілдерінң
бірі. Оның еңбектерінде тұлға
культі, табиғат культі,
әлеуметтік теңсіздік культі
баяндалған. Руссо идеалды
мораль мен идеалды тәрбие беру
ережелерін негіздейді. Ол
қоғамдағы өнер мен ғылымының
адамзаттың моральдық
қаиеттері мен тәрбиеге тигізіп
отырған кеселдерін қатты
сынға алды. Оның
пайымдауынша: “Ғылымдар
рухани мәдениетті жойып
жіберді”.
Руссоның сипаттауынша адамдар тумасынан бәрі
бірдей, айырмашылықтар тәрбие барысында
туындайды. “Эмиль немесе тәрбие жайында” атты
еңбегінде қоғамдағы тәрбие формалары жеткіліксіз
екендігін атап өткен. Құдіретті күштің жаратуымен
дүниеге келгендердің барлығы жақсы, алайда оның
барлығы адамдардың қолында жойылады. Сондықтан
баланың тәрбиесі қоғамнан бөлек болуы керек,
бұзылған өркениеттен тыс тәрбиеленген бала
қоғамдағы моральдан хабары болмайды, ал шынайы
мораль принциптеріне ол өздігінен келеді. Тәрбиенің
мақсаты – адал, ашық, еркіндіктегі, жақсы адамды
тәрбиелеу.
Діни көзқараста ол – атеист.
Шынайы идеалды қоғамда
“иделды дін” болу керек. Мұндай
дін адамнан шынайы сезімді,
жақсылықты, талап ете отырып,
өркениетті дамуындағы
принциптермен күреседі.
Жюльен Оффрэ де Ламетри. Мамандығы жағынан
дәрігер, Декарт физикасын қолдаушы болған ол өзінің
“Адам – машина”, “Адам – өсімдік ” деген еңбектерінде
тіршілік процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап
етті. Адамды машина ретінде қарады.
Адамгершілік туралы толғай отыра,
діни қорғауды теріске шығарады.
Ламетри өзі атеист болып қана
қоймай, әлем де атеисттік тұрғыда
дамымайынша, бақытқа қол
жеткізе алмайтынын пайымдады.
Өмір мен қозғалыс жанға емес,
материяға тән екендігін атап өтті.
Оған физиологиялық мысалдар
келтіріп кетеді.
Франция материалистерінің тағы
бір өкілі – Клод Адриан Гельвеций.
Ол Парижде дүниеге келіп,
иезуиттік колледжде оқыды. Ол
материалистік көзқарасты жақтап,
ойлау, ақыл қабілеті арқылы
физикалық сезімталдық пен естен
туындайды деп жазды. Адам
тәнінде екі түрлі қабілет бар деп
есептеді ол.
Бірі – сыртқы дүниенің
жасайтын әсерін қабылдау, оны
сезімталдық дейді. Екіншісі – бізге
тигізілген сыртқы әсерді
бойымызға сақтай білу, оны “ес”
дейді.
Адамның мінез-құлқы туа бітпейді, ол
өмір арқылы қалыптасады деп жазды.
Тәжірибеде дәлелдегендей, адамдардың
ақылы мен мінезі билік түріне
байланысты өзгереді. Сондықтан
адамдар дүниеге келгенде белгілі бір ақыл,
мінезбен тумайды. Өйткені олар –
тәрбиенің нәтижесі деп жазды.
Гельвеций дін мен шіркеуді сынады. Себебі
олар адамдар пікіріне, олардың қоғамдық
құрылысына байланысты деді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz