ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК


Slide 1

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ТАБЫСТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ БӨЛІНУІНЕ ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ

Slide 2

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. Жалпы тепе-теңдік моделі. Халықаралық сауданы талдау құралдары. 2. Халықаралық саудаға ықпал ететін экономикалық өсімнің типтері. 3. Өндіріс факторлары теориясындағы табыстың бөлінісі

Slide 3

Халықаралық сауданың стандартты моделі

Негізін қалаушылар:

Фрэнсис Эджуорт Готтфрид Хэберлер

Американдық экономист, көбіне Халықаралық сауда саласында жұмыс жасаған. Еңбегі: Theory of International Trade, 1936

Ағылшын экономисті. Прогрессивті салық салу идеясының жақтаушысы. Жүз әйгілі экономистер қатарына кірген.

Slide 4

Халықаралық сауданың стандартты моделі

Талданады: Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Кіші және үлкен ел арасындағы сауда

Бір ел екінші елден айтарлықтай кіші болғандықтан, оның ішкі бағаларын елемеуге болады.

Әлемдік салыстырмалы баға кіші елдің ықпалынсыз қалыптасады.

Slide 8

Сауда жағдайындағы баланс (тепе-теңдік)

Негізделген: өзара сұраныс теориясына

Өзара сұраныс - елге өзге тауардың түрлі көлемін экспортқа шығаруына жол ашатын импортты тауардың қандай көлемінің қажет болатынын көрсететін көрсеткіш.

Slide 9

Сауда жағдайындағы баланс (тепе-теңдік)

Өңделді: неоклассикалық мектептің өкілі ағылшын экономисті Альфред Маршалл және маржиналистер мектебінің өкілі Фрэнсис Эджуорт.

Салымын енгізді: ағылшын экономисті Джеймс Мид 1977 жылы капиталдар қозғалысы мен әлемдік сауданың қозғалысын зерттегені үшін Нобель сыйлығын Бертил Олинмен бөліскен.

Slide 10

Халықаралық сауданың көлемі - бұл тауардың ішкі өндірісі және оны тұтыну арасындағы айырма.

Сәйкесінше, егер < Q1 және Q2 - 1 және 2 тауарын өндіру көлемі, aл D1 және D2 - 1 және 2 тауарларының тұтынылуы болса, онда

Q1 - D1 - 1 тауардың экспорты,

D2 -Q2 - 2 тауардың импорты.

Сауда жағдайындағы баланс (тепе-теңдік)

Slide 11

Жалпы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін:

Q1-D1 = (Q2-D2) хР1/Р2

Жалпы/халықаралық тепе-теңдік - ішкі және халықаралық саудадағы тауарға сұраныс пен ұсынысты бір уақытта теңестіру.

Сауда жағдайындағы баланс (тепе-теңдік)

Slide 12

Экспорттық квота - сәйкес кезең үшін ЖІӨ құнына экспорт құнының пайыздық қатынасы :

Кэ = Э / ЖІӨ х 100%

Импорттық квота - өнім түрлері бойынша халық шаруашылығы мен жекелеген салалар үшін импорттың мәнін сипаттайтын сандық көрсеткіш.

Ки = И / ЖІӨ х 100%

Сыртқы сауда квотасы - экспорт пен импорттың жиынтық құнының ЖІӨ құнына пайыздық қатынасы:

Кв = ½ (Э+И) / ЖІӨ х 100%

Халықаралық сауда анализінің құралдары

Slide 13

Импорттың икемділігі- сауда шартының өзгеруіне байланысты импортқа сұраныстың өзгеруі.

Еim = ΔIМ% / ΔР%

Экспорттың икемділігі - сауда шартының өзгеруіне байланысты экспортталатын тауарлардың өзгеруі.

Ех = ΔХ % / ΔР%

Еim = Ех

Халықаралық сауда анализінің құралдары

Slide 14

2. Халықаралық саудаға ықпал ететін экономикалық өсімнің типтері

Түрлі индустриалды даму және әлем елдерінің экономикалық өсім қарқындарының әртүрлілігі жағдайында сыртқы сауда елдер арасындағы табыстарды бөлу құралына айналады.

Slide 15

Импорттың орнын басушы өсім - елдің импорттайтын тауар өндірісінің артуы.

Экспортты кеңейтуші өсім - елдің экспорттайтын тауар өндірісінің кеңеюі (экспортталатын тауар бағасының төмендеуі елдің саудаға түсу жағдайын нашарлатуы мүмкін) .

Халықаралық саудаға ықпал ететін экономикалық өсімнің типтері

Slide 16

3. Өндіріс факторлар қатынасының теориясындағы табыстарды бөлуі

Ұтыстың бөлінуі:

Елдер арасында тең бөліне алмайды, себебі оның көлемі әлемдік бағалардан туелді болады

Елдің сыртқы саудадан алатын ұтысы ел ішінде өндірушілер мен тұтынушылар, экспортерлер мен импортерлер арасында тең бөлінеді

Мамандану барысында салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болғандықтан, өндіріс факторлары иелерінің табыстары да өзгереді

Экспортер елдің ұтысы х

= ___

Импортер елдің ұтысы у

Slide 17

Хекшер-Олин теоремасы түрлі өндіріс факторлары иелері үшін сыртқы сауда дамуының нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді, себебі тауарларға салыстырмалы бағаның өзгеруі бір өндіріс факторымен салыстырғанда екіншісінің артуына әкеледі.

Қысқа мерзімдік кезеңде сыртқы сауда белгілі өндіріс факторының қандай салада әрекет етуіне байланысты табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі: экспортқа бағдарланған салалармен байланыстылардың табыстары артып, импортпен бәсекелесетіндердің табыстары төмендейді

Ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс факторларының мобильділігі, олардың саладан салаға ауысуы маңызды рольге ие. Өндіріс факторларының иелері сұраныстың өзгерген құрылымына бейімделіп, дамушы салаларда орын табуға тырысады. Уақыт өте келе өндіріс факторларының нарығында сұраныс және ұсыныс арасындағы бұзылған тепе-теңдік қалпына келіп, табыстар деңгейі біртіндеп теңеседі

Slide 18

Ұзақ мерзімдік кезеңде сыртқы сауданың дамуы экспортты салаларда көбірек қолданылатын өндіріс факторлары иелерінің табыстарының артуына әкеледі және керісінше.

1941 жылы американдық экономистер В. Столпер және П. Самуэльсон дәлелдеген аталмыш қорытынды Столпер-Самуэльсон теоремасы ретінде танымал (жетілген бәсекенің болуы, өндіріс факторларының еркін мобильділігі, т. б. ) .

Рыбчинскийдің теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысының бір қалыпты емес өсуінің мына тұрғыдағы маңызы ерекше: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторлары бірінің өсуі осы факторды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқалай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Slide 19

Назарларыңызға рахмет!!!

See you 


Ұқсас жұмыстар
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
ГАРМОНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР
ДСҰ халықаралықсауда саясаты
Химиялық тепе - теңдік
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ- ТЕҢДІККЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ, ҚЫСЫМНЫҢ ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
Тауардың нарықтық бағасы
Нарықтық тепе - теңдік
Нақты жүйелердегі тепе - теңдік
Химиялық тепе-теңдік. Жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік. Тепе-теңдіктің ығысуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz