Әлемдік рынок және әлемдік бағалар


Slide 1

Әлемдік рынок және әлемдік бағалар

Slide 2

Әлемдік рынок (World market) - жекелеген елдердің бір-бірімен сауда-экономикалық қатынастар арқылы байланысы бар ұлттық нарықтардың жиынтығы немесе халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу арқылы өзара байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының жүйесі. Әлемдік рыноктың бірнеше түрі бар. Капиталдың әлемдік рынокгы - капиталдың экспорты мен импорты бойынша жүйелі де тұрақты операциялармен байланысты халықаралық айырбас саласы.

Slide 3

Әлемдік рыно субъектілері - экспорт және импортпен айналысатын фирмалар. Әлемдік рыноның бұл түріне сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы үлкен ықпал жасайды. Жұмысшы күшінің әлемдік рыногы - жұмыс күшін сату және сатып алу бойынша жүйелі де тұрақты қызмет көрсететін халықаралық экономикалық байланыс жүйесі. Бұл нарық еңбек ресурстарының ауысуын, әлемдік ауқымда олардың еңбекке деген мүмкіндіктерін арттырады. Бірақ халықаралық жұмыс күшінің миграциясы көп жағдайда оларды ауыстыруға байланысты ұлттық шектеулермен, әлеуметтік, экономикалык, мәдени, тарихи нысандарымен қатар айқындалады. Технологиялық әлемдік рынок - технология шешімдерді (лицензиялар, “ноу-хау”, жобалар мен құнды құжаттар) сату және сатып алу операцияларын жүргізетін халықаралық сауда саласы.

Slide 4

Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар екнінен шығу керек. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын өткізуді білдіреді. Екіншіден, рынок- бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Slide 5

Рынок меншіктің тауар-ақша байланыстары мен қаржы-несие жүйесінің түрлі- түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктық қатынастарға жатады:

•екі субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негізде іске асырылатын кәсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берілуімен байланысты қатынастар; • шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері; • еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері • белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар; • тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын рыноктық инфрақұрылымдардың қызмет ету процесі. Рынок белгілі бір жағдайларда қызмет етеді. Рыноктық қалыптасу жағдайын екі топқа бөлуге болады.

Slide 6

Бірінші топ рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы жағдайларын енгізумен байланысты. Оларға жататындар:

• меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті, акционерлік, мемлекеттік) • мемлекеттік реттеуіштерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті демократизациялау. Бұл кезде рыноктық экономиканың өзі шексіз даму қабілеті бар өзін-өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек. • тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары және қаржы рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынокты инфрақұрылым құру.

Slide 7

Ең маңызды қызметтеріне жататындар:

• тауарлық өндіріс өзін-өзі реттеу қызметі. Ал тауарға деген сұраныс өскен кезде өндірушілер өзөндірісі көлемін кеңейтеді және бағаны өсіреді. Соның нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды; • ынталандырушы қызметі. Баға төмендеген кезде өндірушілер өндіруді қысқартып, жаңа техника, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бстайды; • Өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын орнату қызметі. Бұл тапшылықсыз өндіріс жағдайында (сатып алушы таңдай алғанда, өндірістегі монополиялық жағдай болмағанда және олардың арасындағы жарыста) әрекет ете алады;

Slide 8 Slide 9

• реттеуші қызметі. Рынок еөмегімен экономикада, өндіріс пен айырбаста негізгі микро және макро тепе-теңдік орнатылады; • шаруашылық өмірді демократиялау, өзін-өзі басқару принциптерін іске асыру қызметі. Әсер етудің рыноктық тетіктері көмегімен қоғамдық оның өндірісті экономикалық өмірлік қабілеті жоқ элементтерінен босату жүргізіледі және осының есебінен тауар өндірушілердің дифференциясы іске асырылады.

Slide 10

Рыноктық экономияның бірінші әрі маңызды элементі өндірушілер мен тұтынушылар болады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады. Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде тауар басқа өндірушілер арықарайғы өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құралады және көтерме рыноктық мәміле нысанында көрінеді.

Slide 11 Slide 12

Рыноктық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді. Рыноктық экономиканың үшінші маңызды элементі - баға. Ол айрықша зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде тек екі ерекшелік жасағымыз келеді. Бірінші, баға арақатынасы әрекет етуші конъюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген рыноктық қатынастың әрекет сферасын анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады. Рыноктық экономиканың төртінші элементі- орталық буыны сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс рынокта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынтландырушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндңрушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін рыноктық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.

Slide 13

Рыноктық механизмнің бесінші элементі- бәсеке. Ол пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуде жол ашады. Бәсеке рыноктық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмнің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді. Адам Смит бәсекені рыноктың «көрінбейтін қолы» деп атаған және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады. Бәсекенің негізгі қызметі пайда процент нормасы, баға және т. б экономикалық реттеуші көлемін анықтауда болып табылады.

Slide 14 Slide 15

Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:

• маржиналдық (шекті) талдау; • балама талдау шығындары; • экономикалық рационалдылық.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Бағаны басқару Баға белгілеудің әдістері мен стратегиясы
Әлемдік нарық
Әлемдік нарықта баға құрудың ерекшеліктері
Баға, баға жасау
Баға түрлері және оның жүйесі
Нарықтық құрылымның жіктелуі
Баға белгілеу стратегиясы
Тауар сапасы
Баға құрастырудағы мақсаттар
Бағалардың түрлері және оларды реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz