ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖАҢА ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДА

ҚАЗАҚСТАНДА ОТАРШЫЛДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ БАСТАЛУЫ

ХҮІІІғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан

Slide 2

жоспары:

Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Жоңғар агрессиясы.

Қазақ-орыс қатынастары. І Петрдің «Шығыстағы саясаты». Ресей империясының бодандығын қабылдау.

Slide 3

Орталық биліктің әлсіреуі

XVII ғасырда Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайының ауыр болуына байланысты ішкі бытыраңқылық шамадан тыс күшейді.

XVII ғасырда Қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ.

Дәл осы кезде Қазақ хандығында жүздердің арасындағы ынтымақ, ауызбірлік бұзылып, экономикалық-шаруашылық байланыс, алып-беріс тоқтады.

Сөйте келе, әр жүздің бай-шонжарлары өздерінің талап-тілегін қанағаттандыратын хандарын сайлап алды.

Бұл кезекті Жоңғар шапқыншылығының басталуын тездетіп жіберді.

Slide 4

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ хандары

Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы (1628-1652)

Slide 5

Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы (1628-1652)

Қазақтың хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады.

Жәңгір хан Жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара хандығымен, Жаркент хандығымен, қырғыздар одақтастығымен қарым-қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады.

Басты мақсат олардың көмегіне сүйене отырып, Жоңғар шабуылынан қорғану еді.

Slide 6

Жоңғар шапқыншылығының басталуы

Slide 7

Жоңғар шапқыншылығы

1643 жылы Жоңғарлардың қалың қолы қазақ

жеріне баса-көктеп кірді:

Жәңгір 600 жауынгермен 50 мыңдық Жоңғар әскеріне қарсы шықты;

Жер жағдайын пайдаланып, ескі Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген;

Шайқаста Жоңғарлар 10 мың адамнан айырылды;

Осы кезде Алшын Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды.

Slide 8

Жоңғарлар өздеріне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинады. 1652 жылы Қазақ хандығының жеріне баса-көктеп кірді.

1665 жылы Жоңғар басшылары Шығыс Түркістанға аттанып, Шалыш, Ақсу, Қашқарды басып алды

1670жылы Жаркентті өзіне қаратып, Шағатай әулетінен шыққан Жолбарыс, Ысмайыл деген қуыршақ хандарға билетеді.

Түркістан Жоңғар хандығы құрамына кіргеннен кейін оның экономикалық қуатын арттырып жіберді. Қашқардағы кен орындарынан мылтық оқ-дәрісі өндірілді.

1681 - 1685 жылдары Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса-көктеп кірді:

Бірнеше қазақ ұлыстарын талқандап, тоғыз қаланы басып алды;

Олар: Сайрам, Манкент, Шымкент, Қараспан, Ташкент т. б. қалалар еді.

Slide 9

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (1680-1715ж. ж. )

Ішкі саясаты;

Сыртқы саясаты;

Тәукенің ''Жеті жарғысы'‘

1. Хан туралы

2. Құрылтай

туралы

3. Үйлену туралы

4. Қылмыс туралы

Slide 10

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Ішкі саясаты

Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, феодалдар тобының басым көпшілігін билерге арқа сүйеуге, сонымен қатар сұлтандардың билігін шектеуге тырысты.

Феодал шонжарлардың өкілдері мен билерден құралған “хандық кеңестің” және “билік кеңестің” рөлін арттырды.

Тәукенің орнатқан тәртібі бойынша, хан мен ру басы билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды.

Ханның қасындағы кеңесте билер негізгі рөл атқара бастады.

Slide 11

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Ішкі саясаты

Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды.

Феодалдар арасындағы ірі даулардың бәрі билердің тікелей қатысуымен шешілетін болды.

Олар бірте-бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

Slide 12

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Ішкі саясаты

Жүздер мен ұлыстар арасындағы дау-шаралар билер кеңесінде, қазақ арасында абыройы күшті:

Үш жүздің басын қосқан құрылтай жиналысы Күлтөбеде (Ташкент қаласы) өтті;

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т. б. билер алдында шешіліп отырды;

Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі талас-тартыс салдарынан бірлік-берекесі кетіп, ыдырай бастаған үш жүздің басын бір жерге қосты.

Slide 13

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Сыртқы саясаты

Қазақ ханы Тәуке осы кезде көршілес жатқан қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпаларының едәуір бөлігін Қазақ хандығының құрамына қосып алды.

Қырғызды-Қоқым Қарашор би арқылы, қарақалпақтарды-Сасық би арқылы басқарып, тізгінді өз қолында ұстады.

Тәуке ханның бұл әрекеті қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының ауыз бірлік ынтымағын көздеді.

Аталған халықтардың бұл бірлігі Жоңғар шапқыншылығынан қорғану мақсатындағы соғыс одағы еді.

Slide 14

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Сыртқы саясаты

Тәуке хан Бұхар хандығымен бейбітшілік қарым-қатынаста болуға, Орта Азия аймақтарымен, қалаларымен сауда байланыстарын дамытуға тырысты.

Тәуке ханның қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтас болуы жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті.

1680жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған кезде, Түркістан қаласы ғана аман қалды. Себебі онда әскерлермен Тәуке хан болған еді.

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.

Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар, ең маңызды керуен жолдары өтетін жерлерді де басып алуға ұмтылды

Slide 15

1681-1685жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік

Қазақстанға бірнеше шабуыл жасады:

Сайрам қаласын қаратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті.

Жоңғар әскерінің:

Бір тобы Сарысу өзеніне жетсе;

Екінші бір бөлігі Орта жүздің солтүстік-шығыс аудандарына басып кірді;

Қазақ ханы Тәуке береке-бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл тойтарыс беру үшін қажырлы қайрат жұмсады. Үш жүздің басын қосып, қазақ еліне хандық құрды.

1710жылы жау шабуылын қалай тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты.

Slide 16

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәукенің ''Жеті жарғысы''

Қазақ хандығының тағына берік отырған Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттіңи күш-қуатын арттыруды мақсат етті.

‘’Жеті жарғы’’ жасауға атсалысқан билер:

Ұлы жүзден Төле би;

Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек ;

Кіші жүзден Алшын Әйтеке би.

Slide 17

Қазақ билері - ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман, даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын.

Slide 18 Slide 19

Төле би

Қызметі: би

Туған күні: 1663 жыл

Туған жері: Жамбыл облысы, Шу өңірі

Қайтыс болған күні: 1756 жыл

Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) - қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) . Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Slide 20

Қазыбек би

Қызметі: би

Туған күні: 1665 жыл

Қайтыс болған күні: 1765 жыл

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқының XVII - XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек - есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

Slide 21

Әйтеке би

Дүниеге келгені: 1644

Қайтыс болғаны: 1700

Мансабы: би

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж. ) - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. [1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. [2]

Slide 22

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәукенің ''Жеті жарғысы''

Жарғының негізі:

‘’Қасым ханның қасқа жолы’’ мен “Есім ханның ескі жолы” сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды.

Қасым хан тұсында шыққан, ”Қасым ханның қасқа жолы” деген заң жинағының бес тарауына екі тарау қосып, ”Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын жарыққа шығарды.

Тәуке хан “Күлтөбенің басында күнде жиын” өткізіп, оның шешімі хан қасындағы билер кеңесінде бекітілді.

Жаңадан шыққан бұл заң тарихта ”Тәуке ханның заңдары”, - деп аталған.

Қазақша ”жарғы” деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.

Бұл қазақ хандығы заңдары қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелер негізінде жасалады.

Slide 23

Батырлар - дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ, қаһармандық - батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырлары Еуропаның рыцарьлары, жапонның самурайлары, үндінің кшатрийлері секілді өзіндік сословиені құрады. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, жапон самурайларының «Бусидо» кодексі секілді батырлық этикасы болған.

Қазақ батырлары

Slide 24 Slide 25

Батырлық - мүлік пен тақ емес. Оны құжат жүзінде бекітіп, өсиет бойынша мұраға қалдыру мүмкін емес. Соған қарамастан, қазақта батырлар әулеті деген ұғым бар. Батырдың ұрпағынан батыр шығуы - зергердің баласының зергер болуына ұқсамайды. Зергердің баласы көп жағдайда атасынан үйренген тәжірибе арқылы епті болады. Ал батыр, ең алдымен, бабаларының қанымен дарыған тек арқылы батырлыққа бейім болады.

Slide 26 Slide 27

Қазақтың хас батырлары

Slide 28

Бөгенбай батыр

Дүниеге келгені: 1680 жылы

Сырдария өзенінің жағасында

Қайтыс болғаны: 1778 жылы

Ұлты: қазақ

Мансабы: Қазақ батыры

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті

Оның атасы - Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті.

Slide 29

Қабанбай батыр

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз - батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі - Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.

Slide 30

Шапырашты Наурызбай

Наурызбай батыр

Дүниеге келгені: 1706 жыл

Алатаудың баурайында

Қайтыс болғаны: 1781 жыл

Ұлты: қазақ

Мансабы: Қазақ батыры

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман - Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Slide 31 Slide 32 Slide 33

ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ

Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы - 1822 және 1824 жылдары патша үкіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен

осылайша айырылды.

Slide 34

Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары

XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.

Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.

Slide 35

Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы

1797 жылы қарт Айшуақты хан етіп бекіту арқылы үкімет ықпалды сұлтандардың билікке жету әрекеттерін тоқтатты.

Эссен Кіші жүздің ханы Арғынғазының күшеюінен қорқып, оны хан деп есептемеді.

1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П. К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті.


Ұқсас жұмыстар
Бөкей хан
Қазақстанның қазіргі заман тарихы кезеңделуі
Көтеріліс нәтижесі
Қазақстандағы экскурсиялық істің дамуы мен қалыптасуы
Қазақ жеріндегі әскери шектердің салынуы
Өркениеттер шайқасы
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары
ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық
Саяси сананың деңгейлері
Фармакологияның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz