КОДТАУ ТӘСІЛДЕРІ
Презентация қосу
КОДТАУ ТӘСІЛДЕРІ
КОДТАУ
Кодтау – ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге,
сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап
жазу, яғни ақпаратты белгілі бір алфавит
арқылы ұсыну. Бір белгі тобынан екінші белгі
тобына көшіру ережесін код деп атайды.
Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және
өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу
түріне байланысты болады. Ақпараттың
кодталуы кейде шифрау депте айтылады,
оның кері кодталуы декодирование
процесімен тікелей байланысты.
АҚПАРАТТЫ КОДТАУДЫҢ ҮШ
НЕГІЗГІ ТӘСІЛІ БАР
1. Графикалық – суреттер ,белгілер көмегімен;
2. Сандық – сандар көмегімен;
3. Таңбалық – әліппедегі таңбалар көмегімен;
ГРАФИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТАРДЫҢ БЕРІЛУІ.
Графикалық режимде экран жеке пикселдерге бөлінеді, олардың
саны монитордың шешуімен анықталады және оның типі мен
режиміне тәуелді (мысалы, 16 түсті болған кезде көлденеңінен 640
және тігінен 480 нүкте және VGA типті экран үшін 256 түсті болған
кезде, көлденеңінен 320 және тігінен 200 нүкте).
Бірқатар мониторлардың базалық түстер палитрасы 16 стандартты
түсті болады және келесі 4 элементтермен анықталады: түстің үш
компоненті (қызыл, жасыл, көк) және жарық деңгейінің 2
мүмкіндігінің біреуі. 4 компоненттерінің әрқайсының бар болуы
ақпаратты 0 немесе 1 цифрларымен көрсетеді. Мысалы, егер сізде
EGA-монитор болса, онда экрандағы кескінді келесі түрде
есептеуге болатын: экранның шешуі 640-та 350, экранның әрбір
нүктесінің түсін сипаттайтын 4 битке көбейту қажет - 640*350*4-
112000 (байт) ~ 110 Kb жадты алады.
ГРАФИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТАРДЫҢ БЕРІЛУІ.
Ақ-қара түсті кескіннің әрбір нүктесінің нүктелік
ұсынылуы ақпараттың бір битін әкеледі.
Түрлі-түсті кескінмен жұмыс істеу мұлдем басқа нәрсе.
Мұнда кескіннің бір нүктесін сипаттау үшін төрт екілік
разряд, нүкте түсін тұрғызу үшін - үш (әдетте кез келген
түсті үш түстердің біріне-бірі орналасқандай етіп
қарастыруға болады), ал қанықтығын (интенсивтілігін)
көрсету үшін бір нүкте қажет. Торы 480*640 болған
кезде, әрине, түрлі-түсті сурет ақ-қара түсті кескінге
қарағанда едәуір үлкен ақпараттық көлем алады.
480*640*4=1228800(бит) -1228,8 (Кбайт) - 1,23 (Мбайт)
Графикалық ақпаратты нүктелердің жиыны немесе
пикселдер түрінде ұсынуды растрлық ұсыну деп атайды.
ДЫБЫСТЫҚ
АҚПАРАТТАРДЫҢ БЕРІЛУІ.
Дыбыс өз табиғатында ауаның тербелуінен шығатын үздіксіз сигнал.
Компьютерге дыбысты енгізу үшін оны нөльдер мен бірлердің
жиыны түрінде ұсыну қажет. Ол былайша жасалады: микрофонның
көмегімен дыбыс электр тоғының тербелісіне айналады. Тең, өте аз
уақыт аралығында (0,00002сек) электр тоғының шамасын белгілеп
қоятын боламыз. Өте үлкен мән - бір, ал өте кішкентай мән - нөль
(әрине, барлығы анықталған дәлдік дәрежесімен жасалады)
саналады. Біз компьютерге енгізуге, сақтауға немесе өңдеуге
болатын дыбыстың екілік кодын аламыз.
Компьютерден дыбыстық ақпаратты шығару кезінде кері процесс
жүреді, екілік кодтардың жиыны электр импульсына айналып
динамик арқылы өткізіледі де, біз дыбысты естиміз.
Қазіргі уақытта компьютерден мәтіндік ақпаратты сөйлеу түрінде
шығаруға болады, яғни компьютер мәтінді "оқиды".
МӘТІНДІК
АҚПАРАТТАРДЫҢ БЕРІЛУІ.
Қазіргі компьютерлердің мониторы мәтіндік және графикалық — екі режимде
жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде әдетте экран әрбір қатарда 80 символ
бойынша 25 қатарға бөлінеді. Экранның әрбір орынында арнайы құрылғы -
белгігенераторымен программаланған 256 символдардың біреуі көрінуі мүмкін.
Мәтіндік режимде экран мониторына мәтіндер және псевдографик
символдарынан құралған қарапайым суреттер шығаруға болады.
Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде әрбір символға оның коды — нөлдер
мен бірліктердің белгілі бір санынан тұратын тізбек сәйкестендіріледі. Қазіргі
кездегі ЭЕМ-нің көпшілігінде әрбір символға 8 нөлдер мен бірліктерден
тұратын, байт (ағылшынша byte) деп аталатын тізбек сәйкес келеді. 8 нөлдер
мен бірліктерден тұратын тізбектердің 256 түрі бар. Олардың көмегімен әр түрлі
256 символды кодтауға болады, мысалы, орыс және латын алфавиттерінің үлкен,
кіші әріптері, тыныс белгілері және т. б. Байттар мен символдардың сәйкестігі
кесте арқылы беріледі, онда әрбір код үшін сәйкес символ көрсетіледі.
Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады. Компьютерге
мәтіндік символды енгізген кезде, мысалы, "А" пернесін басқанда, оперативті
жадқа екілік код 01000001 беріледі. Символды экранға шығарған кезде кері
кодталу (декодталу) жүргізіледі, өйткені оның екілік кодынан алынған символды
біз экранда көреміз
Алғашқы телеграфка
қолданылған Морзе
әліппесі, бұл нүкте
және сызықша арқылы
оқылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz