Бөкей Ордасы



Бөкей Ордасы

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы - қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.

Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі
. Бөкей хан (туылған жылы белгісіз - 21. 5. 1815) - Бөкей ордасының ханы (1812 - 15), Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болды.
Бөкей 1801 жылы Ресей өкіметінен рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығындағы ноғайлы қазақтардың ескі жұртына қоныстандырды. Каспий жағалауындағы Дамбай деген жерде өз ордасын тікті.
1812 жылы Бөкей ордасының ханы болып сайланды.
1815 жылы хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасындағы Сейіт баба зиратында (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы) .

Әлеуметтік саласы Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді. [2]

Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жж. халық көтерілісі. Бүл - патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1845 жылы тамыздың 11 Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады. Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Сайып-Керейге көшті.
1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік - Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады.

БӨКЕЙҰЛЫ ЖӘҢГІР ХАН
Бөкейұлы Жәңгір хан (1801-1845) - Кіші жүздің Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер.
Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды. 1815 жылы қайтыс болады.

Халқы
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя) .

Тарихы
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр.

Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.

ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы құрады.
1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қонуы заңдастырылды. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады.
1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой) .
Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.
1806 ж. мамырдың 19 Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді.
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі

1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.
1815 жылдың мамырдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымның 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп,
1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.

1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады. 1870 ж. Ресейден ауа райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды 1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде - Нарын қарағайы дүниеге келеді. 1908 ж. қазақ даласындағы ең тұңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И. А. Деминский, А. Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н. Доброхотова жұмыс жасады. 1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі - «Қазақстан» газеті белгілі ақын Г. Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады. 1917 ж. Бөкей Ордасы жерлері жаңадан құрылған Бөкей губерниясына енді.

Уақытша Кеңес 1847-1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды. 1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады. 1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған. Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын «Казначейство» мекемесі 1867 ж. ашылып, банк қызметін атқарады.

Саяси құрылысы Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар) : шеркештен - Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан - Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан - Қонаш Сопақұлы, масқардан - Шора Кедейұлы, беріштен - Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан - Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан - Көшетұр Мапақұлы, ысықтан - Жантөре Абдалұлы, адайдан - Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан - Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден - Татан Сәкенбайұлы, таздан - Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) - Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден - Бос Боздайұлы. Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды. Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды

Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz