Жоңғар хандығы


Slide 1

Жоңғар хандығы

Slide 2

Жоңғар Хандығы - Батыс Моңғолияда 17 ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет.

Slide 3

Ғылыми әдебиеттерде Жоңғар Хандығының негізін салған төрт тайпа - шорос, хошоут, дурвэд, хойттар аталады (торғауттар 1627 жылы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған) . Шыңғыс хан ұрпақтары құрған Юань империясы ыдыраған соң (1368 жылы) олар Батыс Моңғолияда қоныстанып қалған еді.

Slide 4 Slide 5

Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену құқығы үшін Шығыс Моңғолия мен Батыс Моңғолияда тұратын ойраттар арасында бірнеше дүркін қанды соғыстар болған. 15 ғасырдың 1-жартысында ойраттардың басшылары Тогон (1418 - 40) және Эсен (1440 - 50) шығыс пен батыстағы ойрат тайпаларын бір мемлекетке қосқан.

Slide 6

Жоңғар алатауы

Slide 7

Шамамен 1720-1725 жж. тұтқынға түскен швед әскерлерінің тарапынан құрастырылған Ұлы Петрдің картасында Ресейдің айналасындағы мемлекеттердің ішінде Жоңғар хандығы жасыл түспен бейнеленген.

Slide 8

Моғолстан мен Қазақ хандығына жасаған жорықтары

Slide 9 Slide 10

Моғолстан мен Қазақ хандығына жасаған жорықтары да сәтсіз аяқталды. Тәуекел хан кезінде дурвэд және торғаут тайпалары Қазақ хандығына бағынған (қысқаша Жоңғар шапқыншылығы) . XVII ғасырдың 20-жылдары хошаут байбағыс пен шорос тайпасының тайшысы (тайджи) Хара-хула ойрат мемлекетін қайтадан құруға әрекеттер жасады.

Ақырында Хара-хуланың баласы Батыр қонтайшы біртұтас ойрат мемлекетін құрады (1635) . Мемлекет аты тарихи әдебиеттерде, көбінесе, Жоңғар Хандығы деп аталады. Тогон мен Эсен хандар кезінен бастап түркі тіліндегі әдебиеттерде және қазақтар арасында ойраттар - қалмақ деп аталып кетті.

Slide 11

Батыр қонтайшы кезіндегі хандық

Slide 12

Батыр қонтайшы кезінде (1635 - 53) хандықта қалалар сипатындағы отырықшы елді мекендер салына бастады, жер игеру біршама ілгеріледі. Осыған қарамай Жоңғар Хандығы көшпелі мемлекет ретінде тарихта қалды. 1640 жылы Тарбағатай тауларының етегінде біріккен моңғол, қалмақ және ойрат тайпалары басшылары моңғол - ойрат заңдарын қабылдайды. Жинақ “Цааджин бичиг” деп аталды.

Slide 13

Батыр қонтайшыдан кейін билік басында болған қонтайшылар Сенге (1653 - 1671), Қалдан Бошақты (1671 - 1697), Севан Рабдан (1697 - 1727), Қалдан Серен (1727 - 1745) Батырдың саясатын одан әрі жалғастырды. Олар хандықтың ішінде егін шаруашылығы мен ұсақ кәсіпшіліктер, сауда қатынастарының дамуына едәуір ықпал жасады.

Slide 14 Slide 15

Жоңғар жорықтары

Slide 16 Slide 17

Жоңғар Хандығынның

талқандалуы

Slide 18

Әскерді басқаруда бұрынғы Шыңғыс хан империясында қалыптасқан жүйе сақталып, өте қатаң тәртіп енгізілді. Сыртқы саясатта Шығыс Моңғолия тайпаларымен және Цин империясымен әр кез соғыстар жүргізіп отырды. Бұл саясат хандық жойылғанға дейін тоқталған жоқ. Ресей мен Жоңғар Хандығының арасында өзара елшілік қарым-қатынас орнады. Жоңғарлардың Кузнецк уезінен қару-жарақтар сатып алып тұрғаны туралы деректер бар.

Slide 19

Цин империясы 1755, 1756, 1757 жылдары бірнеше дүркін шабуылдар жасап, Жоңғар Хандығын талқандады. Цин империясы басқыншыларына қарсы Әмірсана бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Цин әскерлері көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншыды. Жоңғарлар қатты қырғынға ұшырап, нәтижесінде Жоңғар Хандығы жойылып кетті.

Slide 20

Рахмет!!


Ұқсас жұмыстар
Жоңғар хандығының пайда болуы
Құрылуы 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
Керей хан Жәнібек хан
Қазақ хандығының әскері
Қазақ хандары туралы
Салқам Жәңгір хан 1610-1652
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz