Марс: орбита, физикалық сипаттамалары, атмосферасы, зерттеу тарихы және серіктері


Slide 1

Марс

Slide 2

Марс

(Қызыл жұлдыз)

Күн жүйесінің

4-ғаламшары

Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24, 2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км) .

Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы.

Орташа диаметрі 6800 км

массасы 6, 423. 1023кг

орташа тығыздығы 3, 97 г/см3 бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3, 76 м/

Slide 3 Slide 4

Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1, 9 есе ұзақ болады.

Slide 5

Марс

Slide 6

Зерттелу тарихы

Марстың планета екендігі адамзатқа ертеден белгілі болған. “Ұлы қарсы тұрыс” кезінде Марс қызыл сары түсті ең жарық жұлдыз болып көрінеді. Тихо Браге мен Иоганн Кеплердің Марсты бақылауы бойынша 17-ғасырдың басында Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңы анықталды. Телескоп жасалғаннан кейін 17-ғасырдың ортасында зерттеле бастады. Марсты зерттеудің жаңа кезеңі Марсқа планетааралық автомат стансаларды жіберуден басталады. Осы стансалардың көмегімен планета бетіндегі мөлшері 1 км-лік заттар өте жақыннан зерттелді. “Марс-3” (1972) стансасы тұңғыш рет планетаға қонды. 2004 ж онда су қоймаларының болғандығына зерттеулер жүргізді.

Slide 7

Марс

Slide 8

Атмосферасы

Марста атмосфера бар екендігін оның дискісінің шетіне қарай күңгірттенуімен, планетаның тасасындағы жұлдыздардың бәсеңдеп сөнуімен, Марс бетіндегі заттардың айқындылығы жойылуымен дәлелдеуге болады. Марс дискісінің шетінде жеңіл түтін, өте жоғарыда жұқа дискреттік бұлттар, планетаның біраз бөлігін тасалайтын тозаң дауыл байқалады. Спектрлік бақылаудың нәтижесі бойынша Марс атмосферасының құрамында 50-ден 100%-ға дейін көмір қышқыл газы (СО2), су буының іздері және көміртек тотығы (СО) бар екендігі анықталды.

Slide 9 Slide 10

Температурасы

Күннен орташа қашықтықтағы Марс бетінен шыққан жылу ағынының радиодиапазонындағы орташа температурасы 220±10 К. Марс бетінің әрбір нүктесіндегі инфрақызыл радиометрия әдісімен өлшенген температуралар: экватордағы талтүстен іле-шала кейін өлшеген температура 300 К, ол Күн батарда 220 К-ге дейін төмендейді. Түні бойы ол тағы да 50 К-ге төмендеп, таң атарда 174 К (-100°С) болады.

Slide 11 Slide 12

Марстағы тіршілік

Қазақстандық астрофизик Гавриил Тихов Марс планетасына жан-жақты зерттеулер жүргізді. Ол Марс бетінде қарапайым тіршілік көздері болуы мүмкін деген болжам айтты. Марста жанды заттар тұрады деген болжамдар температуралық және спектроскопиялық нәтижелермен дәлелденген жоқ. Марс атмосферасында оттектің белгісі болмағандықтан, тіршіліктің жоғарғы формасының болуы туралы болжам шындыққа сай келмейді. Алайда тіршіліктің төменгі формасының, әсіресе анаэробтық форманың тіршілік етуі мүмкін.

Slide 13

Марста

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Марс серіктері

Марстың Фобос және Деймос деген екі серігі экваторлық жазықтықта планетаға жақын - 9, 37 және 23, 25 мың км қашықтықта қозғалады, периодтары 7 сағ 40 мин және 30 сағ 21 мин. Бұлар планетаны оның өз осінен айналуынан гөрі тезірек айналады. Фобостың ұзындығы 26 км, ені 21 км. Деймостың көлденеңі 13 км.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Жер (6371 км) және Марс (3386, 2 км) радиустарының салыстырмалылығы

Slide 20

картасы

Slide 21 Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Шолпан (Венера): құрылымы, атмосферасы және негізгі физикалық сипаттамалары
Уран планетасының физикалық және орбиталық сипаттамалары мен серіктері
Марс атмосферасының химиялық құрамы, құрылымы және негізгі физикалық қасиеттері
Ғарыштық ұшу аппараттарының орбиталық элементтері мен орбита түрлері
Күн жүйесі: планеталар мен олардың негізгі сипаттамалары
Қашықтықтан зондтаудың физикалық негіздері: зерттеу және талдау
Телекоммуникациялық желілер: тарихы, классификациясы және негізгі сипаттамалары
Жылуэнергетикадағы метрология және стандарттау: физикалық шамалардың өлшем бірліктері, эталондар және өлшеулердің негізгі сипаттамалары
Күн жүйесінің планеталары: Жер тобы мен алып планеталардың сипаттамалары мен жаттығу тапсырмалары
Бейсызықты автоматты басқару жүйелері: элементтерінің жіктелуі, сипаттамалары және зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz