XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті және ұлт-азаттық қозғалыстың жыраулары: Махамбет, Дулат, Шернияз, Шөже, Сүйінбай


Slide 1

XIXғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті

Махамбет Өтемісұлы; Дулат Бабатайұлы ; Шернияз Жарылғасұлы; Шөже Қаржаубайұлы; Сүйінбай Аронұлы.

Slide 2

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Slide 3

Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т. б. ), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т. б. ) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады.

Slide 4

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен қазақ халқының азаттық жолындағы күрес ерекше жырланды Олар

Исатай Тайманұлы, Бекет және Есет батырларға, Кенесары мен Наурызбайға, Жанқожаға, т. б тарихи тұлғаларға арналды

Slide 5

Халық ақындары мен жыршылары қазақ халқының батыр ұлдары туралы тамаша шығармалар шығару арқылы өткен заманның дәстүрлерін, тарихи тұлғалардың нақты есімдерін кейінгі ұрпаққа жеткізді. Сонымен бірге бұл шығармалар ерлікке, отансүйгіштікке қазақ халқының рухани мұраларын құрметтеуге тәрбиелейді. Халықтан шыққан аса ірі ақындар қатарында Досқожа, Нысанбай, Махамбет, Шернияз, Шөже сияқты дарынды тұлғалар, ақын жыраулар болды.

Slide 6

Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. - 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) - қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1838) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан.

Slide 7

Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы - 1874, сонда) - көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.

Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан.

Slide 8

Шернияз Жарылғасұлы

Шернияз Жарылғасұлы (1817, қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданы - 1881, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) - халық ақыны. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 - 37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады

Slide 9

Шөже Қаржаубайұлы

Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы -1895, сонда) - халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан) . Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. [1] Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған

Slide 10

Сүйінбай Аронұлы

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 - 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 - 1835] жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
XVIII-XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістері: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтың ұлт-азаттық көтерілістері: С. Датұлы, Исатай-Махамбет және Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстар
Есет Көтібарұлы (1803-1889) - XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістерінің жетекшісі
XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалыстары (1820-1847 жж.): Саржан, Жоламан және Кенесары көтерілістері
Кенесары Қасымұлы: ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, барысы және тарихи маңызы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин мен Абайдың үлесі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ресейлік саяси-әкімшілік жүйенің Қазақстанға енгізілуі
XIX ғасырдың 40-60-жылдарындағы қазақтардың Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы: Оңтүстік Қазақстандағы экспансия және ұлт-азаттық көтерілістер
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс және Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға ықпалы
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңделуі мен ұлт-азаттық күрестің тарихнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz