Адам өмірінде кездесетін химиялық элементтер


Slide 1

Адам өмірінде кездесетін химиялық элементтер

Slide 2

Макроэлементтер

Адам ағзасында

макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер -көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор -нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстар. Көп мөлшерде майлар бас миында, бауырында, және қанда болады. Сутек және оттек - макроэлементтері су молекуласын түзеді, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99, 5% - дан 90% - ға дейінгі аралығын құрайды.

Slide 3

Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Slide 4

Кальций

Калцийде негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол сүйек құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қаннығ ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0, 5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций сүтті тағамдарда мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзада кальций жетіспеушілігі, тістер ауруына, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Slide 5 Slide 6

Фосфор

Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері - 600 г. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді. Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте көп.

Slide 7

Микроэлементтер

Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады . Мысалы, мырыш-қарын асты безінде, йод-қалқанша безінде, фтор - тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванвдий - шашта. Кадмий, сынап, молибден - бүйректе . Қалайы - ішік ұлпаларында. стронций - қуық безінде, сүйек ұлпасында. Барий - көздің пигментті қабатында. Бром, марганец, хром - гипофизде жиналады. Натрий және хлор жасуша аралық сұйықтықта, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.

Slide 8

Мыс

Мыс - денсаулыққа өте пайдалы микроэлемент. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі.

Slide 9

Темір

Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі АНЕМИЯ немесе қан аздық ауруы пайда болады. Адам қанында 3 г-ға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, гемоглабиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандагы тұз қышқылынің жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады.

Slide 10

Йод

Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша безі үшін құрылыс материалы (қалқанша без - йод жинақтаушы мүше) . Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек тағам арқылы алады. Сыртынан қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыш болады.

Slide 11

Ультрамикроэлементтер

Ультрамикроэлементтер - сынап, алтын, уран, торий, радий және т. б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% - дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар - токсиндік металл болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор.

Slide 12

Мырыш

Құрамындағы мырыш бойынша асқабақ пен күнбағыс ерекше даңққа ие болады, өйткені осы өнімдердегі мырыш мөлшері мол. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 - 8 есе артық қажет.

Мырыш жетіспесе нәрестелердің өліп кетуі де мүмкін екен. Содан соң жасөспірім шағында ер балаларды безеу, шаштың майлы себореясы. Бұдан құтылудың жолы - мол мырыш жеу, мысалы, асқабақ тұқымын немесе күнбағыс дәнін шағу.

Әсіресе дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 - 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.

Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі
Клетканың химиялық құрамы
АДАМ ОРГАНИЗМІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР
Тағам өнімдеріндегі макро және микроэлементтер
Темірдің маңызы
Элементтер Құрамы, Тәуліктік қажеттілігі
Химиялық эстафета
Клетканың химиялық құрамы туралы ақпарат
Жасушаның химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz