Жазық тар


Slide 1

р

Жазықтар

Slide 2

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды. Жазықтың жеке бөліктері биіктігі жөнінен бір-бірінен шамалы айырма жасайды.

Тегіс, ормансыз, шөп өскен даланы жазықтарда көкжиек жан-жақтың бәріне бірдей ашық және мүлдем түзу сызықпен шектелген. Бұл - тегіс жазық.

Жазықтардың екінші түрі - төбелі жазықтар. Төбелі жазықтардың жер бедері көбінесе күрделі болады. Онда жеке төбелер мен шоқылар, сай мен ойпаңдар кездеседі.

Жазық туралы

Slide 3 Slide 4

Жазықтардың беті әдетте бір жағына қарай еңіс болып келеді. Өзендердің ағу бағыты да осы еңіске сәйкес келеді.

Slide 5

Жазықтың пайдасы

Жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы. Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркәсіп құрылыстарын салуға қолайлы. Сондықтан адамдар жазықтарды ежелден бері жан-жақты пайдаланып келеді. Қазіргі кезде Жер шарындағы халықтың басым көпшілігі жазықтарда қоныстанған.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Қырат

Абсолют биіктігі 200 м-ден 500м-ге дейінгі жазықтар қырат жазықтар деп аталады Қырат жазықтар физикалық карталарда сарғыш бояумен белгіленеді.

Slide 9

Үстірт

500 м-ден астам биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады. Таулы үстірттер картада қоңырқай сарғыш түспен белгіленеді. Еуразияның солтүстігінде Енисей мен Лена өзендерінің аралығын кең-байтақ Орта Сібір таулы үстірті алып жатыр. Африканың да көп жері таулы үстірт болып келеді.

Slide 10

Жазықтардың пайда болуы

Жазықтар шығу тегіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Осындай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады.

Жер шарында өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазықтар да бар. Мұндай жазықтарды құрайтын қиыршық, құм, саздардан тұратын шөгінді жыныстардың қалыңдығы кейде бірнеше жүз метрге жетеді. Осындай жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің бойындағы Ла-Плата, Азиядағы Месопотамия ойпаты жатады.

Slide 11

Сонымен бірге таулардың ұзақ бұзылу үрдісінің нәтижесінде пайда болған жазықтар да кездеседі. Мұндай жазықтар қатпарлануға ұшыраған қатты тау жыныстары қабатынан тұрады. Сондықтан олар төбелі болып келеді. Төбелі жазықтардың мысалына Шығыс Еуропа мен Сарыарқаның жазықтары жатады.

Slide 12

Жазықтардың өзгеруі

Жазықтарда ішкі күштердің әсерінен баяу тербеліс қозғалыстары байқалады. Жазықтар сыртқы күштердің әсерінен әр түрлі өзгерістерге ұшырайды.

Slide 13

Жыралар мен сайлар

Жазықтарды көктемде еріген қар суы мен нөсер жаңбырдан пайда болған беткі ағыстар қатты тілімдейді. Уақытша ағыстардың әрекетінің нәтижесінде жыралар мен сайлар түзіледі. Жыра әдетте өсімдігінен айрылған жалаңаш беткейлерді судың жыруынан пайда болады. Жыраның беткейлері тік жарлы, бас жағы тарамдалып келеді

Егер уақытында шара қолданбаса, жыра әрі қарай тарамдалып ұлғая береді де, шаруашылыққа пайдаланатын жерлерді, яғни егістіктің, бау-бақшаның орнын, жолды тілімдеп бүлдіреді, түрлі құрылыстарға залал келтіреді. Оның ұлғаюын тоқтату үшін бас жағына көң, қиыршық тас төгеді, түбіне және беткейлеріне шым төсеп, өсімдік өсуіне жағдай жасайды.

Slide 14

Жазықтар жел әрекетінен де көп өзгереді. Жел қатты жыныстарды бөлшектеп, үгінділерін ұшырып әкетіп отырады. Шөлдерде, далаларда, жыртылған жерлерде, теңіз жағаларында желдің әрекеті күшті жүреді.

Сай да - жыра сияқты ұзынша ойыс. Оның жырадан айырмасы беткейлері түйетайлы, табаны мен беткейлері шымды келеді де, шөп және бұта өсімдіктерінің өсуіне қолайлы болады.

Slide 15

Шағылдың биіктігі жағаға жиналған құмның молдығына және желдің күшіне байланысты 20 - 30 м-ден 50 - 100м-ге дейін барады, кейде одан да асып кетеді.

Үлкен шағылдар жылына 1 метрден 20 метрге дейін сырғып, орнын ауыстырады, ал шағын шағылдар қатты дауылдарда тәулігіне 2 - 3м-ге дейін сырғиды. Жылжыған шағылдар орманды, егістікті, бақтарды, елді мекендерді басып қалады.

Slide 16

Ұлы жазықтар (ағылш. Great Plains) - Оңтүстік Канаданы алып жатқан, Сеңгір таулары мен Миссисипи өзенінің арасындағы кең алқапты қамти отырып, оңтүстікке қарай созыла түседі.

Ұлы жазықтар ағылш. Great Plains

Елдер

АҚШ Канада

Теңiз деңгейiнен биіктігі

700-1800 м

Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық

3600 км

Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық

800 км

Slide 17

Ұлы жазықтар Ортаққорда

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Шань жазығы
Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі
Транспорттық және тұтынушылық тара және қаптамалар
Тектоникалық көлдер
Жамбас сүйегі
Қабырғалар мен қаңңа бөлшектері
Жел электр станциясы
Горизонталь арқылы картада нүктенің биіктігін анықтау
Саусақ сорғыш бала
Топырақ өңдеу жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz