Мектеп жасындағы және жасөспірімдік даму: физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілер


Slide 1

Мектеп жасындағы кезең

Slide 2

Жасөспірім. 11- 12 жаста бала жасөспірім деп аталады. Оларда барлық мүшелері мен физиолигиялық жүйелерінің іс- әрекеті қайта құрылады. Бұл өзгеріс жыныстық жетілуге жә

Мектеп жасындығы кезең. 7- ден 17 жасқа дейінгі кезеңде барлық мүшелер мен жүйелер әрекеті қайта құрылады. Мектепке бару бала өміріндегі едәуір қиын кезең болып табылады

Slide 3

Мектеп жасындағы кезең.

Мектепке бару бала өміріндегі едәуір қиын кезең. Егер мектепке дейін баланың негізгі іс-әрекеті ойын болса, енді ол өз өмірін қатаң мектеп тәртібінін талаптары бойынша реттеуі керек. Мектепте бала оқуда, қоғамдық жұмыста, еңбекке тәрбиеленуде, спортта алғаш рет ұжымдық әсерді сезінеді. Бұның барлығы үйлесімді, дене және ерік дамуына әсер етеді.

Slide 4

Жасөспірім

Жасөспірімдерде барлық мүшелері мен физиологиялық жүйелерінің іс-әрекеті қайта құрылады. Бұл өзгеріс жыныстық жетілуге және жыныс гормондарының қарқынды түзілуіне байланысты. 13-15 жаста ер баланың кеудесі мен арқасында бұлшық еттері дамиды, дене массасы артады, тері астындағы май қалыңдығы азаяды. Қарын бұлшық еті мен көкет (диафрагма) есебінен тыныс алу мен тыныс шығаруды қамтамасыз ететін қарынмен тыныс алу қалыптасады. Ер балада түнде шәует шығару басталады, аралығы, әдетте, 7-14 күн кұрайды.

Slide 5

Қыз балада 11-14 жаста бұлшық ет жүйесі дамуымен қатар тері астындағы май қабаты артады, кеудемен тыныс алу типі қалыптасады. Қыз балада көкірек бездері дамиды, етеккір қызметі басталады. Бұл кезде жасөспірімдерде қозғыштығы артады, ашуланғыш болып, ұйқысы бұзылады. Мұғалім мен ата-ананың ақыл-кеңесі, жасөспірімдердің өзара әдепті қарым-қатынасы, қыз балаға қамкор және ілтипатты қарым-қатынас өтпелі кезеңнің ешқандай қиындықсыз өтуіне көмектеседі. Жасөспірімде бүйрек үсті безі гормондарының қарқынды бөлінуі, организмде жоғары белсенділік жағдайын қамтамасыз етеді. Артериялық қысымның күрт тербелісі, дененің әр түрлі бөліктерінде жағымсыз сезіну, тәбеттің төмендеуі, көңіл-күйдің жиі құбылуы байқалуы мүмкін.

Slide 6

Жасөспірім кезде сөйлеудің дамуы аяқталады, мінез-құлық қалыптасады, сонымен қатар тұлғаның адамгершілігі қалыптасады. Бұған дұрыс режім, жайлы жағдай, айналасындағы адамдардың тілектестігі, жасөспірімге қызықты іс, өзінде жоғары адамгершілік қасиетті қалыптастыру себепші болады.

Slide 7

Баланың дене және жыныстық дамуы қарқынды жылдамдауы- акселерация деп аталады. Акселерация толық зерттелген жоқ. Қазіргі заманғы балалардың денесінің едәуір ерте дамуы олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуын тездетпейтіні анықталды.

Slide 8

Жетілу

физиологиялық

психологиялық

әлеуметтік

түрлерін ажыратады

Slide 9

Физиологиялық жетілу

Физиологиялық жетілу - организмнің жыныстық жетілуінің кезеңі. Физиологиялық жетілу мерзімі әр түрлі. Ол климатка, тұқым қуалаушылықка және басқа факторларға байланысты. Ерте жыныстық өмірдің басталуы өсуді, физикалық және психикалық дамуды баяулатады. Ерте жыныстық қатынас жыныс мүшелерінің қызметінің нашарлауына себепші болады. Қыз бала организміне алкогольді сусын ішу мен темекі тарту зор зиян. Әйел маскүнемдігі біздің ұрпақтарымыз үшін зор қауіп болып табылады. Бұл ішкі мүшелері ауру, психикасы бұзылған, кемтар баланын туылуынан байқалады.

Slide 10

Психикалық жетілу

Психикалық жетілу - ер бала мен қыз баланың отбасы мен қоғамда өзін жеткілікті түрде бақылай алатын орнықты мінез-құлқы қалыптасатын даму кезеңі.

Slide 11

Әлеуметтік жетілу

Әлеуметтік жетілу - қоғамның әлеуметтік толыққанды мүшесінің қалыптасуы. Уақыт жағынан ол дене жетілуімен сәйкес келмейді. Адамның әлеуметтік жетілуі бірқатар: білім алу, еңбек іс-әрекетінің басталуы, экономикалық дербестігі, саяси және азаматтық жетілуі, әскерде қызмет етуі және т. б. жағдайлармен анықталады.

Slide 12

Даму кезеңдері

Құбылыстар

1. Жаңа туған

2. Емшектегі кезең

3. Балалық кезең

4. Мектепке дейінгі кезең

5. Мектептегі кезең

6. Жасөспірімдік шақ

7. Ересек кезеңі

8. Қарттық кезең

а) сүйектердің сынғыштығы және қажудың жоғарылауы;

ә) омыртқа жотасының мойын бөлігінде иірім п. болуы;

б) организмнің дамуы аяқталады;

в) ересектерге еліктеу,

г) тістердің пайда болуы;

ғ) сөйлеу қалыптасады;

д) бас сүйегінде еңбекше пайда болады;

е) алғашқы шартты рефлекстер пайда болады;

ж) Жыныстық жетілу;

з) организмнің едәуір қарқынды өсуі мен дамуы;

и) сөйлеу мен ойлану, ұжыммен және өз алдына ойнай білу қарқынды дамиды;

к) Әлеуметтік сананың, адамгершілік құндылықтар жүйесінің қалыптасуы,

л) организмнің құрылысы мен қызметі.

Жауаптары: 1-ә, д, е; 2-з, г; 3-в, ғ; 4-и; 5-ж; 6-б, к; 7-л; 8-а.


Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың мектепке бейімделуі: психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік аспектілері
Жасөспірімдік кезең: психологиялық ерекшеліктері, дағдарыстары және әлеуметтік-психологиялық жаттығулар
Балалардың мектепке дайындығы: психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік аспектілер
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық диагностикасы және ерте оқыту педагогикасы
Мектеп жасындағы баланың мінез-құлқы: ерекшеліктері, физиологиялық негізі және тәрбиелеу әдістері
Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетке баулуы және психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалаудың ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдары: теориялық негіздер мен психологиялық-тәжірибелік эксперимент
Мектеп жасындағы, жасөспірім және ересек кезеңдердегі психодиагностика: әдістер мен практикалық ұсынымдар
Туғаннан мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму кезеңдері мен дағдарыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz