Мұсылман мейрамдары және салт жоралары мен ұйғарымдары



Мұсылман мейрамдары және салт жоралары мен ұйғарымдары

Рамазан aйты
Рамазан - (араб. : رمضان - рамадан, ислам күнтізбесінің 9-шы айы) - Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамадан сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.

Рамаданның басталуы Ислам күнтізбесіне негізделеді

Ислам күнтізбесі
1. Мұхаррам
2. Сафар
3. Рабиғ әл-әууәл
4. Рабиғ әс-сәни
5. Джумада әл-әууәл
6. Жумад ас-сәни
7. Раджаб
8. Шағбан
9. Рамадан
10. Шәууәл
11. Зул-Қағда
12. Зул-Хиджа

Құрбан айт
Құрбан айт (Араб тілі: عيد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā, Урду тілі: بقرعید) - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа) . Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі


Қадыр түні
Қадыр түні (араб. لَيْلَةِ الْقَدْرِ - Ләйләт-ул-Қадыр) - қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің “Қадыр сүресінде” айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады.


Мәуліт мейрамы
Мәулид мейрамы (араб. : مَوْلِدُ آلنَبِيِّ) - пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ тұған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-күні тойланады.
Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді.


Неке қию
Неке қию (араб тілінде - «никах») Исламда жауапкершілік пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию - адамның Алла, қоғам және жеке өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсыну. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлылық принциптерін ұстана отырып махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға және осы махаббат пен мейірімділік ортасында өз балаларын тәрбиелеп, бақытты да берекелі отбасын құруға бағытталған жауапкершіліктің бір түрі.


Үйленердің алдында атастыру рәсімі өтеді. Атастыру рәсімі шариғатқа сәйкес - үйленетін жігіт пен қызды бір- біріне таныстыру болып табылады. Бұл рәсім сүннет болып саналады және неке қиғанға дейін орын алады. Атастыру кезінде қыздың және қамқоршысының пікірлері, қыз күйеуге тиюге келісімін береді немесе жоқ па деген сұрақтар анықталады. Екі жақтын келісімі ислам шарттары бойынша міндетті түрде болу керек.


Құрбан (араб. : -«жақындау»), Шариғаттағы терминдік мағынасы - Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

Құрбандыққа шалуға болатын мал
Тек қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандықдыққа жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал. Елік, арқар сияқты айдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбандық ретінде сойылмайды.


Жаназа рәсімі
Жерлеу рәсімі - қайтыс болған адамды жер қойнына беруге арналған ережелер жиынтығы. Қазақ халқының қаза болған адамды жерлеу турасында ғасырлар бойы қалыптасып, тұрмыста бекем орын алған қағида-ережелері шариат заңдарымен тығыз байланысты. Жерлеу рәсімідерін жасауға мүмкіндік болмайтын түрлі апат жағдайларынан (соғыс, жаппай ауру), өліктің жекелеген түрлерінен (өлі немесе тірі туған нәресте, т. б. ) және өзге дінді қабылдаған жағдайлардан басқа кезеңдерде жерлеу рәсімі қазақ халқында бірыңғай, жалпыға бірдей орындалады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz