Қазақстандағы табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану


Slide 1

Табиғатты қорғау

Slide 2

Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бір

Slide 3

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар

Slide 4

Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

Slide 5

Әлемге әйгілі қорықтар

Ақсу-Жабағылы қорығы - Батыс Тәңіртаудың солтүстік аудандарының табиғи кешендерін қорғау үшін 1926 жылы құрылған. Қорықта марал, елік, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ілбіс, доңыз, жайра, ұлар өмір сүреді.

Наурызым қорығы - дала флоралары мен фауналарын қорғау үшін 1934 жылы құрылды. Мұнда бірегей дала қарағайлы орманы бар

Қорғалжын қорығы - дүниежүзілік маңызы бар суда жүзетін құстардың мекен орны ретінде Теңіз-Қорғалжын көлдерінің табиғи кешенін қорғау үшін 1968 жылы құрылды. Бұл жылыстайтын құстар мен әлемде өте көп ұя салатын қоқиқаздардың тынығу орны болып табылады. Бұл екі қорық әлемдегі жалғыз ғана бірегей үлгі өлшемді (эталон) аумақ болып табылады. Онда сан алуан дала келбеті сақталған. БҰҰ-ЮНЕСКО жанындағы білім, ғылым және мәдениет жөніндегі дүниежүзілік ұйым оларға Дүниежүзілік мұра нысан мәртебесін берді.

Slide 6

Барсакелмес қорығы - бұл шөл кешенін қорғау және соған тән жануарлардың санын қалпына келтіру үшін Арал теңізіндегі аралда 1939 жылы құрылды. Аралда құлан, бөкен, қарақұйрық өмір сүреді;

Алматы қорығы - бұл Іле Алатауының табиғи кешенін қорғау үшін 1964 жылы құрылды. Қорықта марал, ілбіс, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ұлар, қырғауыл, кекілік, құр өмір сүреді.

Марқакөл қорығы - бұл Марқакөл көлімен қоса Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау үшін 1976 жылы құрылды. Мұнда сүтқоректілердің 40 түрі өмір сүреді. Олардың ішінде қоңыр аю, бұлғын, марал, құстардың 200-ге жуық түрлері және жергілікті түр - эндомик осқы балығы бар болатын

Slide 7

Ұлттық саябақтар

Ұлттық саябақтар да табиғат қорғауда үлкен қызмет атқарады, оларда орасан зор шектеулі шаруашылық әрекеттер шешімін тапқан және таныстыруға арналған танымжорықтары өткізіледі. Мұнда тынығып, денсаулықты қалпына келтіруге, туризм және спортпен шұғылдануға болады. Солардың ішінде Іле Алатауы, Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар кеңінен таныс. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлар әлемі қатаң қорғауға алынған. Республикада мейірімсіздікпен аулаудан саны кеміген дала киігі - ақбөкендерді ұдайы өсіруге, Каспий және Жайық өзені алабындағы бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және тездетіп ұдайы өсіру бойынша шұғыл шаралар қабылданды.

Slide 8

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шаралары

Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде.

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Табиғи ресурстарды мониторингі: қорғау және ұтымды пайдалану мәселелері
Табиғи ресурстар: жіктелуі, сарқылуы және ұтымды пайдалану
Экологиялық білім беру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және табиғатты ұтымды пайдалану: этикалық, құқықтық және ғылыми негіздер
Табиғи ресурстарды пайдалану экономикасының пәні, мақсаты және әдістері
Қазақстандағы табиғатты қорғау: заңнамалық негіздер, басқару шаралары және экологиялық тәрбие
Экосфераның табиғи факторлары және геоэкологиялық қызмет: табиғи ресурстарды кешенді пайдалану мен техногендік әсерлер
Тұрақты туризм және табиғатты қорғау: қорғалатын аумақтардың рөлі мен Қазақстандағы тәжірибе
Қазақстанның табиғи ресурстары және олардың ұтымды пайдалануы
Экологияның негіздері, салалары және Қазақстандағы табиғатты қорғау мен ластану жағдайы
Табиғи ресурстарды тиімді қорғау: Қазақстанның пайдалы қазбалары мен ауыр металдардың әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz